Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/28/18, 19:17
Толеген Акмарал Жанайдаровна
Сәлеметсіз бе, Ахылбек Кажигулович! Уақыт тауып оқығаныңызға рахмет! Сұрайын дегенім: очно грантта оқып жүріп, сырттайға (қашықтатылған) ауысқан кезде, оқудың 100 000тг. төлемақысын 50 де 50 қылып төлесе болады ма? Шығуым: отбасылық себептерге байланысты
Құрметті Ақмарал! Оқу ақысын ай сайын бөліп төлеуге тек келісім шартқа сәйкес, растаушы құжаттар көшірмелері болса ғана рұқсат беріледі.
12/18/18, 07:28
Өмірзақ Нұртөре Шлауынбекұлы
Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы. Мен, Өмірзақ Нұртөре Шлауынбекұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 5В080700 - "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығының 1 курс студентімін. Сізге қояр бір сұрағым бар еді. 2 семестрден бастап КазАТУ-да өз мамандығым бойынша грантпен ауысуға бола ма? P. S. Серпін емес едім, жалпы грант!
Құрметті Нұртөре! 2018-2019 оқу жылының қысқы емтихан уақыты бойыша ауысу 14 қаңтарға дейін жүргізіледі, транскриптіде толық бағаларыңыз болу қажет, өз мамандығыңыз бойынша грантпен ауысуыңызға болады.
12/14/18, 14:28
Каткешова Еркежан Ахаткызы
Сәлеметсіз бе? магистрлік жобаның предзащитасына бару міндетті ме? мен басқа қалада, мамандық бойынша жұмыс істеуіме байланысты бара алмайтын болып тұрмын.
Құрметті Еркежан! ҰС СМЖ 02.2007-2018 құжатына сәйкес магистрлік жобаны МАК қорғауға шығару үшін, магистрлік жаба кафедраның кеңейтілген отырсында алдын ала қаралу қажет. Кеңейтілген отырыс нәтижесінде, хаттама көшірмесімен бекітілген шешім шығарылады. Содан кейін мемлекеттік аттестациялық комиссияға қорғауға жіберу туралы бұйрық шығады. Сондықтан магистрлік жоба алдын ала қараудан өтуі керек.
12/6/18, 16:48
Айсин Жанарыс
Сәлеметсіз бе? Мен 2 курс студентімін. 1 курстың 1 семестрінде екі сабақтан 4 алып қалдым. 3 курста Президенттік стипендияға үміткер бола аламын ба?
Құрметті Жанарыс! Стипендия 3-курстан бастап, күндізгі оқу бөлімінде тек «үздік» (А, А-) оқитын білім алушыларға тағайындалады.
12/3/18, 15:56
Сайлыбай Нурбала Даниярқызы
Сәлеметсізбе? ҚазАТУ 1 курс студентімін. Мамандығым Қайта өңдеу технологиясы,техникалық факультет,грантта оқимын. Сұрағым биотехнология мамндығына 2 семестрден бастап грантқа ауыса аламынба?
Құрметті Нұрбала! Сіз қысқы каникул кезінде биотехнология мамандығына, жалпы кез келген мамандыққа ақылы негізде ауыса аласыз. Егер ауысқан мамандығыңыз бойынша босаған мемлекеттік білім беру гранты болса, барлық келісім шартта оқитын білім алушылар арасында конкурс өткізіледі және жоғары GPA білім алушы босаған грантты алады.
11/27/18, 12:42
Əділет Тұрлығожа Серік
Темірбек Жүргенов академясында оператор мамандығында білім алушы едім сіздердің университеттеріңіздің қандай мамандығына ауысуыма болады нақты айтқанда Менеджмент (Основы экономики+Менеджмент) осы мамандыққа ауысуға болама өзім 1 курс оқимын. жəне де ауысуға болатын жағдай болса грант сақталама?
Құрметті Әділет! Менеджмент мамандығы бойынша ауысатын болсаныз грант сақталмайды, өйткені сіз басқа мамандық бойынша мемлекеттік білім грантын ұтып алдыңыз. Келісім-шарт негізінде ауысуыңызға болады, кредит сандарын есептеу үшін қысқы емтихан сессиясын толығымен жабуыңыз керек, сұрақтарыңыз болса Білім алушылар қызмет көрсету орталық нөміріне хабарласуға болады. тел 8(7172)397378.