Құрметті Әділет!
Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкерлер ҰБТ нәтижесі бойынша кем дегенде 50 балл жинауы керек, оның ішінде әр пән бойынша 5 баллдан төмен болмауы керек, сонымен қатар әр жоғары оқу орны өзінің межелдік баллын орнататындығын да ескеру керек.
Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электрондық үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беру барысында талапкердің 4 мамандықты көрсетуге мүмкіндігі бар, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда, ол 4 мамандықтар бір оқу орнында немесе 4 оқу орнында болуы мүмкін. Ауылдық квота қарастырылатын мамандықтар тізімі ҚР БҒМ тарапынан бекітіледі, «Орман шаруашылығы» ауыл шаруашылығы бағытындағы блімі беру бағдарламасы болып табылады, жақында ғана жарияланған «Атамекен» палатасының рейтингісі бойынша университетіміздің бұл бағдарламасы 1 орынды иеленді.
Гранттар конкурсының нәтижесі жыл сайын 1 тамыз күні белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады.
Грантқа өтпеген жағдайда, сіздің ҰБТ-дан жинаған баллмен (әр пән бойынша 5 баллдан төмен емес жағдайда) біздің университеттің «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша ақылы бөлімге түсе аласыз, оқу ақысы біздің университетте қол жетімді, кейін ақылы негізде оқып жүріп, босаған гранттарға үміттене аласыз, әрине ол үшін оқу үлгерімі басты көрсеткіш болып есептеледі.
Анықтамалар үшін: 8(7172)31-75-56