Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.
Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings: EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.
Салеметсізбе университетке Теміржол мамандығына Шекті Бал канша. Калай түссе болады?
Хабарласқаныңызға рахмет!
Өкінішке орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде теміржол саласы бойынша мамандық дайындамайды.
Мен болашақта эколог болдым келеді маған осы университетке қандай баламен гратқа түсуде болатынын және ақшамен оқысам жылына қанша төлейтінімді және қанша жыл оқи тынымсыз білуім керек
Құрметті Ләзиза!
Экология бойынша біздің университетте В051 «Қоршаған орта» оның ішінде 6В05202 «Агроэкология» білім беру бағдарламасы бар. Грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ нәтижесі 50баллдан кем болмау керек, 2024 жылы грантқа 72 балмен түскен, әр жыл сайын ол көрсеткіш әр түрлі болады.
Егер ақылы түрде оқуға түсетін болсаңыз жылына 770 000 теңге болады. Оқу мерзімі 4 жыл.
Орман шаруашылығына байланысты гранттық былтырғы тапсырған тест арқылы құжатты тапсыруға болады ма?
Сәлеметсіз бе құрметті Индира !
2024-2025 оқу жылына В079-«Орман шаруашылығы» мамандығына мемлекеттік грантпен оқуға түскіңіз келсе, 2025 жылы қайтадан ҰБТ тапсыруыңыз керек. Былтырғы тапсырған тест өкінішке орай жарамайды. Себебі ҰБТ сертификаты 31 желтоқсанға дейін жарамды.
Университетімізде білм алушыларға барлық жағдайлар жасалған. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Академиялық мәселелер жөніндегі
департаментінің бас менеджері Ә.Ә.Төлбаев
СӘЛЕМЕТСІЗ АҒАЙ МЕН 2025ТІҢ ТҮЛЕГІ ЕДІМ МАМАНЫМ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, ЕДІ СІЗДЕРДЕ 2025 ШЕКТІ БАЛЛ ҚАНША, 2024ТЕ ШЕКТІ БАЛЛ ҚАНША БОЛДЫ
Сәлеметсіз бе құрметті Абзал!
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ оқуға түсуге талаптанғаныңыз үшін университет ұжымы алғысын білдіреді!
В074-«Қалақ ұрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» мамандығына 2024-2025 оқу жылы ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті балл - 50 балл. Ал, мемлекеттік грантқа оқуға түсу конкурс қортындысы арқылы анықталады. Мысалы биылғы жылы жалпы конкурс қорытындысы бойынша төменгі балл-61 балл болды.
Университетімізде білм алушыларға барлық жағдайлар жасалған. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Академиялық мәселелер жөніндегі
департаментінің бас менеджері Ә.Ә.Төлбаев
Сәлеметсіз бе , Казату универіне 2021 -ші жылы түстім.3- ші курска дейін окыдым. Осы жылы белгілі себептермен оқуға бармай оқудан шығып қалдым . Қайта оқуға кабылдануға мүмкіншілік барма ?
Сәлеметсіз бе Анель!
Сапа менеджменті жүйесі С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеге сәйкес 6.2 білім алушыларды басқа ЖОО-дан ауыстыру/қайта қабылдау тәртібі бойынша (4 нұсқа 2024ж. СМЖБАОШАҚҚАДБТТЕ 02.2040– 2022) 2024-2025 оқу жылының қысқы демалыс кезінде келіп, оқуға қайта қабылдау бойынша өтініш жазып кредит санына қарай пәндері салыстырылып, оқуға қайта қабылдану мүмкіндігініз бар.
Архиектура және Дизайн оқуы бойынша экзаменді сіздердің Универлеріңізде тапсырамынғой? жәнеде проходной қанша балл екенін білгім келеді.
Сәлеметсіз бе, құрметті Мусабек!
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Дизайн» мамандығы жоқ, оқытылмайды. Бізде тек қана В073-«Сәулет» (В073-«Арпхитектура») мамандығы бар. Сіз, егерде мемлекеттік грантқа түскіңіз келсе, міндетті түрде ҰБТ және біздің университетте «шығармашылық емтихан» тапсыру қажет. Содан кейін мемлекеттік грант конкурсына қатысу керек. Ол конурстың қорытындысын қатысқан абитуриенттердің санына және алған балдарына байланысты болады. Ал ақылы оқимын десеңіз шекті балл 70-баллдан жоғары болу керек.
2024-2025 оқу жылына абитуриенттерді қабылдау аяқталды. Келесі жылыға дайындалып, шығармашылық емтиханды және ҰБТ сәтті тапсыруға тілектеспіз.
Сұрақтарыңыз болса келесі номер бойынша хабарласыңыз:
8(7172) 317-556, 398-018 .
Сонымен қатар, келесі сілтеме бойынша сайттағы ақпаратпен танысуға болады:
https://kazatu.edu.kz/files/docs/1-abd91095e1cec7dbbd6f5d6d711017da.pdf
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.