Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
12/24/19, 16:47
Кубайдулла Данияр Серикпайулы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы, университетте топтан, топқа ауысу қарастырылған ба? Мысалы, мен 18-11 қазақ тобында оқимын, 18-25 қазақ тобына ауыса аламын ба?
Құрметті Данияр! Оқу жылының ортасында ауысуға болмайды, тек қана жаңа оқу жылдың басында басқа топқа ауыса аласыз.
12/23/19, 17:55
Толеген Акмарал Жанайдаровна
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қоятын сұрағым: Егер студент мемлекеттік емтиханнан "4" алып қалған жағдайда, қызыл диплом алу мақсатында, ол емтиханды қайта тапсыра алады ма? Егер тапсыра алатын болса, не жасауы қажет? Сізге алдын ала рахмет!
Құрметті Акмарал! «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595) бұйрығына сәйкес, т.52: «Емтихандарды А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А – «өте жақсы» деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі». «Ұйымдастыру стандарты білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестацияны өткізу» 02.2007- 2019 ҰС СМЖ (06.09.2019ж., №637-Н) сәйкес, тармағы: 7.29 Барлық оқу кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсырған немесе қайта тапсырған білім алушы тармақтың талаптарына сәйкестігіне қарамастан үздік диплом алмайды. 7.30. Дұрыс бағаны арттыру мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жол берілмейді
12/18/19, 06:04
Қажытай Серікжан Ержанұлы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы.Мәртебелі ректор мырза. Ағымдағы жылдың қараша айында сіз басқарып отырған қазақ елінің мақтанышы Сәкен Сейфуллин атындағы университет ұлы Абаймен оның қаламдас інісі Сәкеннің атындағы жас ақындардың мүшайрасын өткізді. Көрерменмен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіп, бұл мүшайраның бас жүлдесін яғни 100 мың теңгені қанжығама байлау маған бұйырған екен. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты қанжығама салған жүлдені әлі күнге дейін ала алмай отырмын. Оның басты себебі оқып жатқан университетіңнен анықтама қағаз алдыру. Мен Ресей университетінде сырттай бөлімде оқып жатқандықтан және оқудың ақысын мерзімді түрде өтемегендіктен оқудан босатылғанымды мүшайра ұйымдастырушылары арнайы анықтаманы сұратқаннан кейін бірақ білдім. Өкінішке орай БАҚ жарыса жазған әмбе атағымызды бір сәтке аспандатып жіберген, өзіміздің ақыл - ой парасатымызбен және қолдағы қаламның күшімен алынған жүлдені ала алмау ұят нәрсе екен. Сіздердің университеттеріңіздің жас ақындарына көрсеткен ілтипатына іштей ырза болсақта, кейірек қаламақысын өтеудегі қол қытымырлығын көріп қайран қалдық. Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы осы мәселенің оңтайлы шешімі болады деген ойдамын. Біз де Сәкен жаққан білте шырақты сөнбесін деп жүрген бір ұрпақ емеспіз бе? Құрметпен : Серікжан Қажытай, ақын!
Құрметті Серікжан Қажытай! Университетімізде өткізілген «Ұлы тұлғаларға тағзым!» атты Республикалық мүшәйраның ережесінде «қатысушылар ЖОО-ның студенті болу керек» деген талап бекітілген болатын. Егер Сіздің растау құжатыңыз болмаса, оқу орнымыз жүлделі орынға белгіленген қаржыны аудара алмайды. Дегенмен өзіңіз білім алған университетіңізге қайта қабылдану мүмкіндігі болған жағдайда, аталған қаржының аударылатынын назарыңызға саламыз.
11/24/19, 14:25
Сақтапберген Арман Мұратбекұлы
Сәлеметсізбе Мен Қарағанды мемлекеттік индустриялы университетінің ВО74 - Құрылыс мамандығында 1-курс оқып жатырмын. Сізге сұрағым Аграркада құрылыс мамандығы барма, естуім бойынша жоқ деп естідім, бірақ 2019жылғы гранттар тізімінен қарасам Құрылыс мамандығына түсіпті. Егер құрылыс мамандығы болса 1 - семестрден кейін сіздерге ауыса аламынба менікі жалпы конкурс. Қалай ауысуға болады толық ақпарат айтып өтсеңіз.
Құрметті Арман! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде В074-«Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» мамандығы бар. Мамандық бойынша ауысу іс-шаралары демалыс кезінде жүзеге асады, яғни біздің университетте қысқы демалыс уақыты 03.12. – 30.12.2019 ж. Барлық сұрақтар бойынша жауапты келесі телефон нөмірі арқылы ала аласыз: 8 (7172) 397378
11/8/19, 07:53
Айткенов Иманбек Галымович
Салеметсиз бе ?!Ақылбек ағай мен 1 курс студенті едім 16 шы казан күні ауырып сабакка келмедим справка алдым студенттік поликлиникадан,бірақ математика агайы ауырып болмаган үшін платонусқа 0 қойып койды озгертпейм дейди. Не истеуге болады ?
Құрметті Иманбек! Сізді студенттер тізімінен қарадық, бірақ біздің студенттер тізімінде болмағандықтан жауап бере алмаймыз.
9/12/19, 07:00
Шмет Мейірім Алтынбекқызы
Сәлеметсіз бе! Мен 2 курс студенті, Менің сұрағым келгенім, мен жатахана кезегіне тұрғанмын. Маған 6 жатаханадан берді, ол маған сабаққа барып келгеніме қыйын. Сондықтан маған 8 жатаханадан бір орын беруіңізді сұраймын.Өтінемін!
Құрметті Мейірім! №8 жатақханада бос орындар болған жағдайда Сізді №6 жатақханадан ауыстыру қарастырылады. Ол үшін Сізге қайтадан порталға тіркелуіңіз керек.