Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Сұрақтар мен жауаптар
12/12/15, 06:45
Тугелбаев Арсен Анарбекович
Саламатсыз! Мен Тугелбаев Арсен Анарбекулы Актобе каласындагы Байшев ат. Актобе университетинин дизайн 1 курс мамандыгында окимын. 2-ши семестрден бастап сиздин университетиниздеги экология мамандыгына ауыскым келеди. Ауысу ушин кандай кужаттар кажет? Рахмет!
Құрметті Тугельбаев Арсен Анарбекулы! Сіздің қойған сұрағыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген және 2013 жылдың 10 сәуіріндегі № 328 қаулысымен бекітілген "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары" сәйкес білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады. Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс. Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты болмаған жағдайда, студент ауысу туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады. Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.04.2013 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. Басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді; 3. Қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді (бакалавриат үшін) тапсырғаны туралы сертификаттың, түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттың (магистратура және докторантура үшін), білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс; 4. Факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді; 5. Факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары қойған бұрыштамаларға сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады; 6. Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі. 7. Бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдаушы ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың, көшірмесін оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін түзету үшін ұсынады. 8. Білім беру гранты бойынша білім алушы бір ЖОО-дан екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін. 9. Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады. Сол себептен сіз 1 семестрден кейін 5В060800-Экология мамандығына ақылы келісім шарт негізінде ауысуыңызға болады. Аталмыш мамандық бойынша оқу ақысы жылына 342900 теңге. Ауысу қысқы демалыс кезеңінде іске асырылады.
12/10/15, 20:47
Аташев Жаскайрат Муратович
Саламатсызба. Мен 1-курс студентимин. Мен 29-желтоксан кунине уйге кайтуга билет алып едим. 30-желтоксан сессия болатын болды орыс тили панинен платонуста. Сол экзаменды ертерек тапсыруга болама?
Құрметті Жаскайрат! ҚР БжҒМ-ның 18 наурыздағы 2008 ж. №125 бұйрығына сәйкес «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі, 2 тарау - Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі, 44-т көрсетілгендей, егер студент оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы Ереженің 43-тармағы бойынша жүзеге асырылады.
12/9/15, 12:29
Дүйсенова Гауһар Тас Әбдірашқызы
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Қ.Күрішбаев мырзаға Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлы уни- верситетінің «Топырақтану және агрохимия» ма- мандығының 4-курс студенті Дүйсенова Гауһар Тастан Өтініш Менің өтініш беру себебім, «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруыма байланысты, академиялық анықтама беруіңізді сұраймын.
Құрметті Дүйсенова Гауһар Тас Әбдірашқызы! Сіз қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білім алатындықтан аталмыш сұрақпен сол университеттің басшыларына өтініш білдіруіңіз қажет. Себебі біздің университетте оқып жүрген кезіңізде "Қазақстан тарихы" пәнінен алған бағаңыз түзетілмейді. Сонымен қатар сізге берілген академиялық анықтамағада ешқандай түзетулер енгізілмейтінін ескертеміз.
12/7/15, 18:33
Тыныбек Батырхан Асқарұлы
Ассалаумағалейкүм, Ақылбек Қажығұлұлы! Менің сұрағым: мен қазір М. Әуезов атындағы ОҚМУда "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандығы бойынша 1 курсты оқып келемін. 1 семестрді Құдай қаласа аман-есен, жақсы бітіріп, 2 семестрден бастап сіздердің ЖООда оқысам деймін. Грант сақтала ма? egov деген сайтты оқып көрдім, сақталады деген сияқты жазған, дегенмен сізден анығын білсем деймін. Қарапайым тілде түсіндіріп жіберсеніз! Грант сақталу керек)
Құрметті Тыныбек Батырхан Асқарұлы! Біздің ЖОО және Қазақстандағы басқа да ЖОО-дары оқу үрдісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасын» басшылыққа алады. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Біздің ЖОО Сіздің көрсетіп отырған «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша мамандар даярлайды. Егер аталған мамандық бойынша топ болатын болса, Сіз грантыңызды сақтай отырып ауыса аласыз. Басқа сұрақтарыңыз бойынша техникалық факультеттің деканатынан толық ақпарат ала аласыз. Мына байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймын: 8 (7172)39-73-99
12/4/15, 15:16
Шакенов Жандарбек Нуралдиевич
Сәлеметсіздер ме!? осыдан бірер жыл бұрын белгілі бір себептермен оқу ақысын өтей алмауыма байланысты магистратура бөлімінің ВиТЖ 2курс кезінің бірінші семестрінде оқудан шығарылған болатынмын. Қазіргі жағдайда оқуымды қайта келтіруге мүмкіндіктер бар ма?!
Құрметті Жандарбек! Сіз өткен оқу жылында университет бойынша 2014 жылы 15 желтоқсанда № 714 бұйрық негізінде оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін және университет жарғысын бұзғаныңыз үшін оқудан шығарылғансыз. Бүгінгі күнде сізде өткен оқу жылы бойынша оқу ақысы және жатақханада тұру төлем ақы бойынша қарыздар бар. Сол себепті сізге тез арада университетке келіп қарыздарыңызды өтеуді ұсынамыз. Дебиторлық қарызыңызды өтегеннен кейін ғана сіз 2016 жылғы жазғы демалыс уақытында, яғни тамыз айында магистратураның 6М072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша 2 курсына оқуға қайта қабылданасыз. Ол үшін де алдымен оқудын жарты жылдық төлемін төлеу керек. Қосымша ақпарат алу үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне хабарласыңыз. Байланыс тел.: 8 (7172) 38 61 53.
11/15/15, 17:43
Ғазезова Айткүл Балтабекқызы
Сәлеметсіздер ме! Казату универіне канша балмен грантка тусуге болады? Физика мамандықтары бар ма? Толық айтсаңыз, өтініш!
Құрметті Айткүл! Физика пәнімен биылғы 2015 жылы мүмкін болатын 100 баллдан 86-96 балл аралығында жинаған талапкерлер мемлекеттік грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: 8-7172-31-75-56 (қабылдау комиссиясы)