Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/8/17, 15:55
Сакен Алиби Сакенович
Мен баламның атынан жазып отыр едім! ата-ана ретінде сұрайын дегенім менің балам бірінші аралық бақылаудан 55 бал средний текущий оценкасы 75 бал енді балам степендиядан құлацды ма соны сұрайын деп едім ал қалған барлық сабағы 90-95-100 екен
Құрметті Сәкен Әлібидің ата-анасы! Стипендия тағайындауға пән бойынша емтихан сессиясы кезеңінде алған қорытынды баға әсер етеді. Қорытынды баға формуласы: (Қорытынды баға ×0,6) + (емтихан бағасы ×0,4) Стипендия тағайындау үшін пән бойынша қорытынды баға 75%-дан кем болмауы керек. Ескертпе: Академиялық күнтізбеге сай №2 аралық бақылау 08.01.-12.01.2018ж., қысқы емтихан сессиясы 15.01.-26.01.2018ж. аралығында өтеді. Қазіргі кезде балаңыздың стипендия алуы әлі белгісіз, өйткені қорытынды баға екінші аралық бақылау, ағымдық бақылаудың қорытындысы және емтихан бағаларынан кейін ғана белгілі болады. Құрметті ата-ана! Балаңыздың сабаққа қатысуын және пәндер бойынша бағаларын С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың «Platonus» оқу порталынан қарай аласыз. Логин және құпия код алу үшін СББжА бөліміне хабарласыңыз. (№1224 каб.)
11/23/17, 11:49
Абдраманова Арайлым
Сәлеметсіз бе? Менің 6-шы жатақханасының комендантына шағымым бар. Ол кісі студенттермен дөрекі қарым - қатынас жасайды. Дөрекі сөйлейді. Оңтүстіктен келген студенттерді бөліп жарады.
Құрметті Абдыраманова Арайлым! Сіздің хатыңыз бойынша, студенттік жатақхана меңгерушісімен және студенттермен әңгіме жүргізілді. Дегенменде, орын алған оқиға бойынша дәлелдейтін материалдарыңыз болмағандықтан, анықтау мүмкін болмай тұр.
11/13/17, 14:47
Базарова Сақыш Океевна
Сәлеметсіздер ме? Бұл xатты жазып отырған ата-ана. Сіздердің 8-ші жатақxаналарыңызда менің қызым тұрады. Жалпы соңғы кездері мына жағдайлар сіздерге xат жазуыма мәжбүрледі. Қызым тұрып жатқан 9-шы этажда жарық жоқ екінші апта болды, жылу да дұрыс берілмейді, ұсақ-түйек заңдар көп және қызымның ауыр заттарын көтерісуге достары келіп көмектесейін деп телефон, жеке куәліктерін қалдырамыз десе де, жүгіріп кімнен рұқсат сұраса да рұқсат бермейді екен, ол заттарды қызым өзі көтере алатын болса несіне жалынады әркімге? Қызыма ауыр көтеруге болмайды, бүйрегі ауырады, әлсіз. 3-ші рет қайталанып жатыр бұл жағдай. Онымен қоймай ұрсып тастайды екен жұмыскерлеріңіз. Жанындағы қыздары да бірде болса бірде жоқ. Затсыз 9-шы қабатқа шығу оңай емес, оның қасында айына, анда-санда өте ауыр зат кіргізсе неге рұқсат берілмейді? Мүмкін лифттеріңізді іске қосарсыздар? Осы жағдайларды қарастыруларыңызды сұраймын!
Құрметті Сақыш Өкеевна! Сіздің хатыңыз бойынша, студенттік жатақхана меңгерушісімен және инфрақұрылымды дамыту департаментімен әңгіме жүргізілді. Шатырдан болған ақауға байланысты «Өрт қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес №8 жатақхананың 9-шы қабатында электр желілері ажыратылған. Қазіргі таңда ақаулар түзетіліп, электр желілері іске қосылған. Жүк мәселесіне келетін болсақ, лифт техникалық ақауға байланысты тоқтатылған. Сондықтан оны қосуға әлі рұқсат берілмеген. Ал Ішкі тәртіпке сәйкес жатақханаға ер балалардың кіруіне тыйым салынған. Егер тұрғындардың заттары тым ауыр болса, жатақхана меңгерушісінің рұқсатымен, құжаттарын тіркеп кіруге болады.
11/10/17, 11:33
Айтбаева Райхан Байдильдаевна
Сəлеметсіз бе! Менің қойғым келген сұрағым, университетіміздің медициналық қызметіне байланысты еді. Неге студенттерге дұрыс қызмет көрсетпейді ? Ауырып барсам тек жолдама берумен шектеліп, ал оның нəтежесін тек айлап қана білеміз. Ол өз басымнан өтті. Оқу жылдың басында асқазаным ауырып тексерілуге бардым, жəй ғана ішті сумен тазала деп айтты. Берген кеңесін ұстанып жүрдім. Бірақ бір күні бастапқы ауырғаннан екі есе ауырды, осы ретте жолдама берді. Бірақ ол жолдаманын
Құрметті Райхан Байдильдаевна! Сіздің хатыңыз бойынша студенттік медицина орталығының және студенттік емхана дәрігерлерімен әңгіме жүргізілді. Ішкі тәртіпке сәйкес, сіз жолдаманы алғаннан кейін, емхана дәрігерлерінің қабылдау уақытымен ем алуға бармағансыз. Емдеуші дәрігер кестемен қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта түсінбеушілікке жол бермеу үшін, студенттік емхананың ережесімен толық танысып алуды сұраймын.
10/17/17, 17:30
Ыбырай Аскар
Сәлеметсізбе! Мен осы болгқа жазып отырғандағы жағдайым: Университеттің номері 5 жатақханасында тұрамын. Текк осы жатақханада ғана сабақ күндері, яғни дүүйсенбі-жұма аралығында жатақханадан кетуге болмайды. Кейде туысқандар шақырып қалатын кез, немесе тағы басқа жағдайларда бұл өте қолайсыз. Егер кетіп қалсаң, түсініктеме жазғызып, докладной толтырады. Бүл не болғаны. Осы ережені алып тастауды сұраймыз. Ешкім себепсіз жатақханаға қонбай кетіп қалмайды. Бірақ кей себептер бойынша қонбайтын кездер болады ғой. Осы жағын қарастыруды сұраймыз.
Құрметті Ыбырай Асқар! Университеттің жатақханасындағы ішкі-тәртіпке сәйкес Студенттік кеңес тұрғындар жайында күнделікті есеп жүргізеді. Себебі студентке жатақханадағы орын білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін, күнделікті сабағына уақтымен дайындалу үшін берілген. Осы мақсатта Сіз жатақханадағы орыныңызды сақтап, оқу күндері тиімді пайдалануға тырысуыңыз керек. Ал сенбі, жексенбі күндері уақытыңызды өз қалауыңызбен жоспарлап, туыс-туғандарыңызға баруға болады. Дегенмен, ерекше себептер болса өтініш жазып сұрануыңызға болады.
10/17/17, 04:05
Хадылбек Акболат
Саламатсыздар ма. Мен КазАту 1 курс студентімін, мен отбасы жағдайыма байланысты сырттай оқуға ауысуым керек болып тұр, ауыса аламын ба? Мен ақылы бөлімде Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығында оқып жатырмын.
Құрметті Хадылбек! Сіз сырттай оқу бөліміне ауыса алмайсыз, өйткені сырттай оқу бөліміне жоғары оқуды және колледжі бітірген студенттер ғана түсе алады.