Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/9/22, 06:00
Толебай Камшат Ерполаткызы

Салеметсызбе! Жуктылык растаитын кужатпен онлаин форматка отуге боладыма?


Құрметті Камшат Ерполатқызы!

Екінші триместрде оқу процесі барлық білім алушылар, оның ішінде жүкті білім алушылар үшін де дәстүрлі форматта өтеді: практикалық, лабораториялық, семинарлық сабақтар – офлайн режимде, лекциялар – онлайн (желіде) режимде. Егер Сізде жүктілікке байланысты аурудың асқынуы байқалса, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының анықтамасы негізінде академиялық демалысқа өтініш беруіңізге болады.

1/31/22, 08:16
Меруерт Талғатқызы

Саламатсыз ба, мен 2021 жылы биотехнология мамандығында 17-10 бітірген түлекпін. Шет елге маг-а тапсыруға университет тарапынан рекомендательное письмо керек, қалай алсам болады?


Құрметті Меруерт Талғатқызы!

Магистратураға түсуге арналған ұсыныс хатты алу үшін Сіз Микробиология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі Бегенова Айнагүл Байболсынқызына жүгінуіңіз керек. Байланыс телефоны: 8 775 161 17 47

1/29/22, 20:24
Акимжан

Құрметті ректор. Мен Балтабай Әкімжан Әсетұлы есеп және аудит 18-06 группасының 4 курс студентімін. 3 - курстан 4-курсқа 1-пәннен жазғы семестырда емтихан тапсырмай көшірілдім, себебі GPA жеткілікті болды. 4-курста депломдық жұмыс қорғауға жіберілмеймен, себебі 1 пәннен қарызым бар. “Тиімділік басқару” пәнінін 3-триместірінде оқу барысында ақылы түрде тіркелып оқуға болады ма? Барлық оқу орнында ондай мүмкіншілік бар, бізде бар ма? Сонда 1 жылда 60 кредит сабак болады.


Құрметті Балтабай Әкімжан Әсетұлы!

Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылыми министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығымен қосымша бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының» 22 тармағына сәйкес академиялық қарыздарды игеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда). Сіз бітіруші курстың білім алушысы болғандықтан «Тиімділікті басқару» пәнін 3 триместрде оқу барысында ақылы тіркеліп оқуға мүмкіндік жоқ.

Егер осы мәселе бойынша басқа сұрақтарыңыз болса, экономика факультетінің деканы А.А.Пягайға хабарласуыңызға болады.