Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/26/22, 06:47
Айнур

Қайырлы күн, сіздер мұғалімдерді жұмысқа алғанда, сол уақытқа дейін қайда жұмыс атқарғанын білу сіздер қарамайсыздар ма? Айнагулова Алия С. деген мұғалім Туран университеттенінен студенттерден, магистранттардан ақша талап етуі, мұғалімдермен қарым қатынасы нашарлығынан қуып шығарған. Неге осындай мұғалімдер бұл университетте жұмыс атқармауы керек деп санаймын.


Құрметті Айнұр!

Сіздің сайтқа жазған мәліметіңіз назарға алынды. Сізге жеке тұлға ретінде қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті сыни көзқарас тұрғысынан жеткізгеніңіз үшін алғыс айтамыз!

А. Айнагулова Тұран Астана университетінен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес босатылғанын хабарлаймыз.

5/11/22, 01:48
Гульнара

Салеметсиз бе! Вакансия барма? Вет.врач мамандыгын битирдим


Қайрлы күн Гульнара

Барлық қол жетімді орындар университет сайтының "Бос орындар" бөлімінде жәрияланған.

3/11/22, 07:07
Беркінбаев Нұржан Серікбайұлы

Саламатсызба. Басқа универге ауысу жағы қалай болады? Биыл 3 ші курс студенті. Осы жазда басқа оқу орнына ауысуға болама отбасы жағдайына қарай? 4 ші курс өткен соң ауыстыруға болама әлде? Осы сұрағыма жауап алсам деп едім


Құрметті Нұржан!

Университеттің Академиялық саясатына сәйкес жазғы каникул кезінде басқа оқу орнына ауыса аласыз. Ауысу туралы ақпаратты Сіз біздің университеттің сайтынан https://kazatu.edu.kz/ -"Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы" – "Өтініштерді беру- "Басқа ЖОО-на ауысуға өтініш беру" бөлімінен біле аласыз

Барлық сұрақтар бойынша, Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына 31-75-62 телефоны арқылы хабарласуға болады.

2/26/22, 06:29
Айбол

Казату-дан Ену-ге окуга ауысуга болама? Энергетический факультет


Құрметті Айбол!

Университеттің Академиялық саясатына сәйкес сіз жазғы каникул кезінде ғана ауыса аласыз.

Аударым туралы ақпаратты  Университетіміздің сайтында http://kazatu.edu.kz/ «БАҚКО» - «Өтінішдерді беру»- «Басқа ЖОО-на ауысуға өтініш беру» бөлімінен біле аласыз.

2/21/22, 14:07
Арай

IT мамандары бар ма?


Құрметті Жұмабек Арай!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті биылғы жаңа оқу жылына оқуға түсу үшін, толық оқу нысаны бойынша ҰБТ-ны бес пән бойынша тапсырып, В057 – Ақапараттық технологиялар бағдарламасына оқуға түсе аласыз. Тестілеудің міндетті пәндері: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, сауаттылық және оқу сауттылығы, ал бейіндік пәндер таңдаған білім беру бағдарламасы тобына мамандығына байланысты. Математика-Физика

ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу ортылығы сайтында тіркеле аласыз www.testcenter.kz.

ҰБТ-ны жемісті тапсырып, мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатыса аласыз.

Анықтамалар телефондары: 8-7172-31-75-56, 8-7172-39-80-18

2/19/22, 07:39
Айдана

Сәлеметсіз бе сіздерде Ақпараттық технология деген мамандық бар екен соған түсу үшін не істеу керектігін айтып жіберіңізші бірақ мен қазіргі уақытта колледж оқып жатырмын жақында бітіремін сол сіздерден ақпарат алайын деген едім


Құрметті Низамова Айдана!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті биылғы оқу жылына қысқартылған бағдарлама бойынша, яғни колледжден кейін қабылдамайды. Бізге оқуға түсу үшін, толық оқу нысаны бойынша ҰБТ-ны бес пән бойынша тапсырып, В057 – Ақапараттық технологиялар бағдарламасына оқуға түсе аласыз. Тестілеудін міндетті пәндері: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, сауаттылық және оқу сауттылығы, ал бейіндік пәндер таңдаған білім беру бағдарламасы тобына мамандығына байланысты. Математика-Физика

ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу ортылығы сайтында тіркеле аласыз www.testcenter.kz.

Анықтамалар телефондары: 8-7172-31-75-56, 8-7172-39-80-18