Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/18/11, 08:05
Гульмира
Айтбай Қабыкешұлы, қазір А.Күрішбаевқа байланысты ауыр күйде отырғаныңызды сеземін.Себебі Сіз өз жұмысыңызды сүйетін адамсыз. Және оқытушылар мен студенттерге қашанда қолыңыздан келгенше жақсы жағдайлар жасауға тырысып келесіз. Сол үшін Сізге көп рахмет! Менің шын жүрегімнен шыққан ықыласым Сіздің көңіліңізге титтей болса да нұр береді деген ойдамын.
Еңбегімді бағалап, жолдап отырған жүрекжарды жылы сөздерің үшін үлкен рахмет, Гульмира! Атқарып жатқан жұмысымның студенттер тарапынан қолдау табуы мен үшін баға жетпес марапат! Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой, бәрі өз орнына келер деген ойдамын. Деніңе саулық, оқуыңа табыс тілей отыра, болашақта елімізге елеулі, халқымызға қалаулы азаматтар қатарынан табылуыңа шын жүректен тілектеспін!
4/15/11, 14:46
Мади
Саламатсіз ба! Мен энергетика факультетінін 1 курс студентімін.Ақылы түрде оқыймын. Менім білейін дегенім: Мен осы қысқы сессиядан кейін мемлекеттік грантқа ауысуға өтініш бергем. Сабағымнын бәрі өте жақсы болды.Тек қана бір пәннен 88 ұпай болды болды.Бұл конкурс қандай түрде өтті?
Мәди! Мемлекеттік грантқа ауысу конкурсы келесі түрде жүргізіледі: 1 – қадам. Келісім шарт жүзінде оқитын студенттерден деканат қызметкерлері конкурс құжаттарын қабылдайды. 2 – қадам. Студенттің семестр бойы алған білімі бойынша GPA –сы ранжирленді. 3 – қадам. Студенттерден жиналған барлық құжаттар оқу орнының тіркеу бөліміне тапсырылады. 4 –қадам. Оқу орнының тіркеу бөлімі факультеттерден жиналған конкурс құжаттарын Білім және Ғылым министрлігіне тапсырады. Әрі қарай оқу грантын бөлу Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ережелеріне сай қарастырылады. Сондықтан, мемлекетттік гранттарды студенттерге иелендіру біздің университетіміздің міндетіне жатпайды.