Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/26/11, 16:35
Гаухар Найзабаева
Ассалямуагалейкум.кеш жарык. кешириниз,сизден сурар сурагым: мен басқа ВУЗ дын студенті едім. Грантта окимын.мамандыгым 050731. сол грантымнан аийырылмай сиздердин ВУЗ дарынызга ауыссам болама? саулыма жуап бергенинизди сурайм. Рахмет
Гаухар! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 050731-«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша маман даярламайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы №638 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесіне» сәйкес, Сіз біздің жоғары оқу орнымызға білім беру грантымен ауыса алмайсыз.
4/21/11, 20:33
Дина
Салеметсізбе Айтбай Қабыкешұлы, менің сізге тағы бір қояр сұрағым бар. Ақмола қаржы - экономикалық колледжінде экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша оқимын, Қазақ агротехникалық университетінің экономика факультетінің маркетинг және сервис мамандығына түскім келді, бірақ сіздерде бұл мамандық, колледжден кейін түсетіндерге тек орыс тілінде ғана, осы жылы қазақ тілінде топ ашылады ма?
Кәсіптік орта білім мамандықтарына бакалавр мамандықтары сәйкестік кесте бойынша Сіздің оқып жүрген мамандығыңыз «Маркетинг», «Тұрмыстық қызмет және сервис» мамандықтарға сәйкес келмейді. Бірақ біздің университетімізде оқығыңыз келсе, онда Сіздің мамандығыңызға «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары сәйкес келеді. Бұл мамандықтар бойынша қысқартылған білім бағдарламасы бойынша екі тілде дайындық жүргізіледі.
4/20/11, 12:45
Дина
Қайырлы күн Айтбай Қабыкешович. Менің сізге қояр сұрағым: мен Ақмола қаржы - экономикалық колледжінде оқимын. Аллах қаласа биыл бітірмен. Қызылға бітіріп С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне түссем маған грантқа түсетін мүмкіндік бар ма?
Дина, өкінішке орай колледжден кейін қысқартылған бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттерге білім гранттары бөлінбейді. Алайда, Сіз жақсы оқып, университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын болсаңыз, онда ректордың грантына үміттене аласыз.
4/20/11, 08:52
Ќуаныш
Ассалаумаєалейкум, ќўрметті Айтбай Ќабыкешўлы. Менін сізден сўраєым келгені басќа жоєарєы оќу орнындарында, мысалы Ќазаќ Гуманитарлыќ Заѕ Университетінде бір мамандыќта оќи отырып, екінші мамандыќты да меѕгеруге болады. Осындай мїмкіндік біздіѕ университетте барма? Болмаса жаќын арада ашылуы мїмкінбе? Рахмет. Істеріѕізге табыс тілеймін.
Құрметті Қуаныш! Қазақ гуманитарлық заң университетінде кейбір болашақ заңгерлерге өз мамандығымен қатар екінші курстан бастап қаржы саласы бойынша білімін жетілдіруге мүмкіншілік берілген. Бұл, әзірше Білім және ғылым министрлігі рұқсатымен тәжірибе ретінде жүргізіліп жатыр. Тәжірибе өз нәтижесін берсе, университет түлектері төрт жыл емес бес жыл оқып, екі мамандықтың иегері болып шықпақ. Біздің университетте мұндай тәжірибе жүргізуге негіз жоқ, себебі білім ордамыздың жоғары білікті маман даярлау бағыты гуманитарлық емес, агротехникалық, ал бұл бағыт өте күрделі және аграрлық немесе техникалық салада екі мамандықты бір мезгілде игеру мүмкін емес!
4/19/11, 12:23
Имангалиев Серикжан
Салеметсиз бе Ректор мырза!Мен жерге орналастыру факультетiнде бiрiншi курста КАДАСТР мамандгында окимын.Мен акылы болiмде окимын.Мен озим ауылдан боламын.Шыны керек 350000 мын ауылга оте коп акша.Мен Шыгыс Казакстан облысы Аягоз ауданыннанмын.Сизге кояйын деген сурагым Семей онiрi полигон аймагы болып есептеледи гой соган байланысты кандай женiлдiктер бар Университетте,кужаттар жинап грантка ауысуга бола ма? рахмет
Серікжан! Босаған гранттар БжҒМ-нің конкурсы негізінде тағайындалады. Конкурсқа қатысу тәртібін деканыңнан немесе университет сайтындағы «Ректор блогынан» біле аласың. Оқу құнын өтеуге қиналсаң, банктерден арнайы білім несиесін жеңілдетілген пайызбен алуға болады. Ол туралы да деканыңнан мәлімет ала аласың. Университет оқу құнын 4 бөліп не ай сайын төлеп тұруыңа мүмкіндік бере алады.
4/18/11, 12:29
Қойжанова Меруерт
salemetsizbe sizderde 1-kursta praktika bolama jane ol kai uakit araliginda
Меруерт, университеттің барлық мамандықтары үшін 1 курста оқу тәжірибесі 23 мамырдан бастап 18 маусымға дейін жүреді.