Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/21/22, 10:31
Акбота

59 баллмен Сакен Сейфуллин атындагы университетке азык тулик ондирисине платныймен тусе аламынба?


Құрметті Ақбота!

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкерлер ҰБТ нәтижесі бойынша кем дегенде 50 балл жинауы керек, сонымен қатар әр пән бойынша 5 баллдан төмен болмауы керек, сонымен қатар әр жоғары оқу орны өзінің межелдік баллын орнатуға құқылы.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электрондық үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беру барысында талапкердің 4 мамандықты көрсетуге мүмкіндігі бар, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда, ол 4 мамандықтар бір оқу орнында немесе 4 оқу орнында болуы мүмкін.

Қажетті құжаттар тізімін сілтеме арқылы жүктеп алуға мүмкіндігі бар буклеттен қарап алыңыз (https://kazatu.edu.kz/files/docs/6614bc70adc830fecf407a0e3f98cfe6.pdf ).

Гранттар нәтижесі 1-5 тамыз күндері белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады.

Оқудың ақылы түріне қабылдау 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Анықтамалар үшін: 31-75-56

6/15/22, 11:07
Дамир

Саламатсызба мен Көкшетау қаласындағы Ш. Уалиханов университетінің студентімін. Общий грантта оқимын. Мен 2 курсты осы С. Сейфуллин университетіне ауысып сонда оқуымды жалғастырғым келеді. Менің сұрағым грант сақталып қалады ма? "Строительство" мамандығында "BIM проектирование зданий и сооружений" де оқимын. Егер сақталып қалса мен қалай ауыса аламын қандай құжаттар жинау керек? Номер бойынша хабарласып көрген едім берген жауаптары мен адаммен қалай сөйлесетініне қанағаттанбадым. Трубканы тастай салды. Сондықтан осында жазуға тура келді. Рахмет


Сәлеметсіз бе Дамир!

Біздің университетте “Құрылыс” білім беру бағдарламасы бойынша оқыту қарастырылмаған. Сол себепті грантты сақтай отырып, сіз ауыса алмайсыз. Грант сақталмайды.

Ауысу туралы ақпаратты  Университетіміздің сайтында http://kazatu.edu.kz/ «БАҚКО» - «Өтінішдерді беру»- «Басқа ЖОО-нан ауысуға өтініш беру» бөлімінен біле аласыз. Немесе 8(7172)31-75-62 осы нөмер арқылы барлық ақпаратты ала аласыз.

6/8/22, 02:41
Айнагул Жумабаевна Тенизбаева

Салеметсізбе Кайрат мырза касіптік оқыту қандай сабақ.


Құрметті Айнагул Жумабаевна!

«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бакалавриат деңгейіне, яғни жоғары білімге биылғы жылға қабылдау жүзеге асырылмайды, ал магистратура деңгейінде аталған мамандық, яғни М008 – «Кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасына оқуға түсу үшін кешенді тестілеу тапсыру қажет. Кешенді тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүзеге асырылады, тіркелу ағымдағы жылдың 10 маусымында басталады.

Анықтамалар үшін: 8-7173-317-556 (қабылдау комиссиясы).

6/6/22, 14:08
Marzhan

колледжден кейін қысқартылған оқу бойынша оқуға болама?


Құрметті Marzhan!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті биылғы оқу жылына қысқартылған бағдарлама бойынша, яғни колледжден кейін қабылдамайды. Бізге оқуға түсу үшін, толық оқу нысаны бойынша ҰБТ-ны бес пән бойынша тапсыру қажет.

Тестілеудін міндетті пәндері: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, сауаттылық және оқу сауттылығы, ал бейіндік пәндер таңдаған білім беру бағдарламасы тобына мамандығына байланысты.

ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу ортылығы сайтында тіркеле аласыз www.testcenter.kz.

 

Анықтамалар телефондары: 8-7172-31-75-56, 8-7172-39-80-18

6/6/22, 04:43
Жансая

Сәлеметсіз бе! Мен КГУ университетінде "Орман ресурстары және орман шаруашылығы " мамандығында жалпы грантта оқимын. Естігенім бойынша жалпы грантпен грантты сақтай отыра басқа универге ауысуға болады. Сіздерге ауыссам грант сақталады ма? Ауысу үшін не істеу керек? Розница қанша болады?


Сәлеметсіз бе, Жансая!

Университеттің академиялық саясатына сәйкес сіз каникул уақытында жазғы демалыста (25 тамызға дейін) грантты сақтай отырып, ауыса аласыз. Пәндер бойынша айырмашылықты білім беру бағдарламасының эдвайзері ауыстыру туралы бұйрық шыққанға дейін анықтайды.

Аударым туралы ақпаратты  Университетіміздің сайтында http://kazatu.edu.kz/ «БАҚКО» - «Өтінішдерді беру»- «Басқа ЖОО-на ауысуға өтініш беру» бөлімінен біле аласыз.

6/3/22, 14:44
Асылжан

Қандай құжаттар тапсыру керек


Құрметті Асылжан!

Қажетті құжаттар:

  • аттестат (диплом) түпнұсқа,
  • 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар,
  • флюорография суреті,
  • 3х4 көлемiндегi 6 фото,
  • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi,
  • ҰБТ сертификаты;

 

Анықтамалар телефондары: 8-7172-31-75-56, 8-7172-39-80-18