Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/19/11, 19:53
сайд мухадас
Мен Сайед Мухадас Агралық техникалық және технология мамандығынан өсімдік қорғау мамандығына ауысқым келеді себебі менің қалаған мамандығым) өсімдік қорғау( еді. Менің өтінішімді қабыл алуыңызды өтінемін.
Құрметті Сайед! Сіз мемлекет аралық жасасқан келісім шарт негізінде бөлінген білім грантымен білім алып жатырсыз. Сіздердің үкіметтеріңіз Қазақстан Республикасында осы мамандық бойынша мамандар даярлауға тапсырыс берген. Сол себептен басқа мамандыққа ауысуға мүмкіндік жоқ.
12/19/11, 09:29
Макпал
Ахметова Карлыгаш Сабыржановна - құқық пәнінің оқытушысы. Осы мүғалімнің дәріс пен емтихан алу барысын білімгерге қойып жүрген бағаларын қадағалауыңызды сұраймын. Себебі баға қою әдістемесін дұрысырақ ойластырып, мұқият сауатты түрде әділ түрде бағалай алмайды екен.
Құрметті Мақпал! Сіздің сұрағыныз бойынша Қ.С. Ахметованың студенттердің білімін бағалау жүйесін тексердік. К.С. Ахметова «Құқық негіздері» пәнінен әр түрлі мамандықтарға және әр түрлі факультет студенттеріне сабақтарды тиісті дәрежеде береді. Тексеру мақсатында электрондық емтихан ведомостілері бақылауға алынды. Кредиттік технология бойынша пәннің қорытынды бағасы екі аралық бақылау, ағымдық бақылау түрлері бойынша жиналған баллдардан қалыптасады. Қ.С. Ахметованың емтихан ведомостілерін тексеру барысында мынадай мысал келтірейік, екі студент емтиханға дейін аралық және ағымдық бақылау бойынша жиналған бірдей балл пайызбен - 88,3% кірген, емтиханды бір студент 100%-ға , ал екіншісі 90% -ға тапсырды, қорытынды баға сәйкесті біреуінде 93 % (үздік) , екіншісінде 89% (жақсы) болады. Яғни емтиханға дейін студенттер бірдей баға жинаса да емтиханның бал пайызы қорытынды бағаға әсер беріп оны өзгертеді. Жалпы Қ.С. Ахметова тәжірибелі оқытушылардың бірі және осындай сұрақ бойынша еш бір шағым алып көрген емес.
12/18/11, 16:16
Майя Жорабеккызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Еуразия ұлттық университетінің 4ші курс студентімін.Қазір стандарттау метрология сертификаттау мамандығындында оқып жатырмын.Мені дизайнер мамандығы қызықтырып жур, ҚАТУ ға магистратураға дизайнер мамандағына тапысырума болады ма ақылы бөлімге? қосымша курстарға барып білім алмақшымын,не истесем болады? менде мүмкіндік бар ма?егер курстардан сертификаттарым жақсы деңгейде болып жақсы игерсем грантқа түсуіме болады ма?көніл аударғаныңызға алдын ала рахмет!
Құрметті Майя! Біздің университетте «Дизайн» мамандығы бойынша магистратура жоқ. Магистратурада тек 6N0420 - «Архитектура» мамандығы оқытылады.
12/15/11, 19:38
Жасқайрат Шынарай
Салеметсіз бе, А.Қ.Күрішбаев мырза! Мен КазАТУдың 2-курс студентімін.Мобильділік бойынша 1 семестр басқа қалаға мамандығың бойынша оқуға болады деп айтқан.Мен келесі семестрді Оралда оқығым келеді.Нәтижесін қашан шығарады? деканаттан сұрасам білмейді.Рахмет!!!
Құрметті Шынарай! Сіздің мамандығыңыз бойынша Орал қаласына мобильділік жүйе түрінде оқу үшін жіберілетін студенттердің тізіміне енгізілдіңіз.
12/15/11, 14:19
Нургазинова Гүлім
Салеметсиз бе! А.Қ. Күрішбаев Мырза. Менің қоятын сұрағым отбасылық жағдайыма байланысты басқа жоғары оқу орнына қысқы емтихан тапсырып болған сон ауысайын деп едім, оқу ақысын 100% толеген болатынмын жарты ақшам қайтарылады ма? соны білейін деп едім. Келісім шарттын 4.3 бөлімінде қайтарылады деп жазылған сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын
Құрметті Гүлім! Келісім-шартының 4.3 тармағына сәйкес оқу үшін алдын-ала төленген ақша студент акамедиялық демалысқа кеткен жағдайда немесе басқа жоғары оқу орына ауыстырылғанда ғана қайтарылады. Сіз оқу үшін 374 500 тенге төледініз. Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу туралы бұйрығы негізінде Сізге 2-ші семестрдің 187250 тенгесі қайтарылады.
12/15/11, 12:23
Абубакиров Мейрхан
Мурсалова Халима Нугманкызы С.Сейфуллин атындағы агротехникалык университетінің эконом теория жане құқық кафедрасының аға оқытушысы. Ол ұстаз жөнінде сөз қозғайтын болсақ ол кісі жас болуына қарамастан еңбек жолын енді бастаған талантты маман. Халима ұстаздын оқыту әдіснемесі ерекше. Ол кісінің әрбір әдісінен барлық білімгерлер ғылым нәрімен сусындап, болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Қай мезгілде қарасанда білімгер жастардын ортасынан табылады. Олардын талап-тілектерін уақытында қанағаттандырып отырады. Тек өз пәнінін ғана емес, білімгер жастарды отан сүйгіштікке қоғамға пайдалы жұмыстармен шұғылдануға тәрбиелейді. Өз пәнінің жетік маманы.
Құрметті Мейрхан! Сіздің оқытушы Х.Н. Мурсаловаға білдірген ықылас пен жылы сөздерінізге алғыс білдіреміз. Халима Нугманқызы студенттердің сауалнамасы бойынша да алдыңғы қатардағы оқытушылардың бірі болып саналады. Ғылыми іздеңіс жұмыстарымен және куратор тобы ретінде қоғамдық жұмыстарға қатысып жүретін тұлға.