Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/15/11, 10:24
Саденов Диас
Құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза,мен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің 1-ші курс студентімін.Электрэнергетика мамандығында ақылы түрде оқып жүрмін,қысқы экзамендерден кейін ҚазАТУ-не ауысуға бола ма,яғни Мемлекеттік грантқа?
Құрметті Диас! Сіз қазір ақылы түрде оқығандықтан, демалыс кезінде біздің университеттің тек ақылы бөлімде оқуға ауыса аласыз. Егер сабақ үлгеріміңіз бойынша 1 курсты жақсы аяқтасаңыз, деканатқа қажетті құжаттарды тапсырып, грантқа үміткерлердің байқауына қатыса аласыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі сол құжаттар негізінде шешім қабылдайды.
12/15/11, 10:01
Исрайлов Бексўлтан Ќыдырєалиўлы
Ќўрметті А.Ќ Кїрішбаев мырза Мен Агрономия факультетініѕ \"экология\" мамандыєыныѕ кїндізгі аќылы бґлімдегі 3-курс студентімін. Менін сізге хат жолдау себебім, мен \"Геоэкология\" жјне \"Егіншілік экологиясынан\" пјндерінен бірінші аралыќ баќылауєа денсаулыєыма байланысты ќатыса алмадым. Ќолымда дјрігерлік аныќтамам бар (справка).Меніѕ сізден \"Геоэкология\" жјне \"Егіншілік экологиясынан\" пјндерінен бірінші аралыќ баќылауды ќайта тапсырып, емтиханєа жіберуіѕізді сўраймын!
Құрметті Бексұлтан! Сіз медициналық анықтаманы дер кезінде әкелмегендіктен, осы мәселе туындаған. Медициналық анықтаманы әкелгеннен кейін Сізден аралық бақылау қабылданды: «Геоэкология» АБ1 – 55. АБ2 – 70. «Егіншілік экологиясы» АБ1 – 55. АБ2 – 85. Аталған пәндер бойынша емтиханға жіберілдіңіз.
12/13/11, 19:34
Сүлейменов Нұрсұлтан
Сәлеметсізбе Қүрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің аты-жөнім Сүлейменов Нұрсұлтан! Техникалық факультетінің стандарттау метрология сертификаттау мамандығының 2-ші курс студентімін! Сізге қояр сұрығым менде бірінші курста емтиханнан 4 үшім бар! Себебі орыс тобында оқыдым! 2-ші курста қазақ тобына ауыстым окуым жақсы! Емтиханды жақсы тапсырсам грантқа тапсыруға болама өтетін мүмкіндік барма? Екінші сурақ маған женілдіктер керек төлем ақы жағынан әке-шешем екі баланы оқытып жатыр! Бұндай жағдайда женілдіктер барма?
Құрметті Нұрсұлтан! ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011-2012 оқу жылының қысқы сессия қортындысы негізінде Сіз оқитын мамандығыңыз (курсыңыз) бойынша босаған білім беру гранттарына конкурс жариялаған жағдайда, грант иеленуге үміткерлігіңізді ұсынуға болады. Конкурсқа қатысу үшін өзіңіз оқитын факультет деканатына: ҚР Білім және ғылым министрінің атына жазылған өтінішіңізді, жеке куәлігіңіздің көшірмесін, оқу кезеңі ішіндегі үлгеріміңіз туралы транскрипт және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаларыңызды өткізуіңіз керек (жетім бала, ата-анасы немесе өзі мүгедек болса, көп балалы отбасынан немесе толық емес отбасынан шыққан жағдайда). Егер Сізге оқу ақысын төлеу қиынға түссе, өзіңіз оқитын факультеттің деканатына ыңғайлы төлем жүргізу кестесін беру туралы өтініш жазуыңызға болады. Барлық сұрақтар бойынша техникалық факультеттің деканатына және Тіркеуші кеңсесіне хабарласа аласыз. Телефон: 31-80-90, 39-75-08.
12/13/11, 11:36
Шынар Кулжанысова
Курметти А.К.Курiшбаев мырза.Сизге кояр сурагым,мен ТарГУдын \\\\\\\'\\\\\\\'Экономика жане бизнес\\\\\\\'\\\\\\\' институнын студентимин. Менин оку улгеримимде жаксы,сессиядан алып жаткан баллдарымда оте жаксы,мен КазАТУга ауыскым келеди. Ауысатын болсам,мен босаган грант орындарын утып алуым мумкин бе?
Құрметті Шынар! Қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында Сіз мамандығыңызға келетін оқу орнымыздағы мамандыққа ауыса аласыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі қысқы сессия қортындысы негізінде 15 қаңтарға және жазғы сессия қортындысы негізінде 15 шілдеге дейін мемлекеттік білім беру гранты бойынша босаған орындарға ашық конкурс жариялайды. Сіздің мамандығыңызға (курсыңызға) конкурс жариялаған жағдайда құжаттарыңызды тапсырып конкурсқа қатысуға, сонымен қатар мемлекет тарапынан босаған білім беру гранттарына үміттене аласыз. Барлық сұрақтар бойынша экономика факультетінің деканатына және Тіркеуші кеңсесіне хабарласа аласыз. Телефон: 31-75-66, 39-75-08.
12/13/11, 11:27
Есентаев Марат
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Есентаев Марат С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті, техникалық факультеті, ақылы бөлімінің 4 курс студентімін. Отбасымда 6 бала, көп балалы жанұяданмын.Отбасымызда 3 бала студентпіз үшеумізде ақылы бөлімде оқимыз.Кіші қарындасым келесі жылы 11 сыныпты бітіреді.Өзіме жатаханада орын жоқ деп берілген жоқ.Қазіргі таңда ақы төлеп квартира жалдап жатырмын.Шешем жұмыссыз, Әкем бір мекемеде от жағушы болып жұмыс істейді. Олардың тапқан қаржылары маған жетіспеуіне байланысты, оқу ақысының жартысын келесі жылдың ақпан айына төлеуге рұқсат етуіңізді сұраймын.Алдын ала рахмет!
Құрметті Марат! Өздеріңіз қол қойған келісім – шарт бойынша ақының 2-ші жартысы сессияға дейін төленуі тиіс. Дегенмен, отбасы жағдайыңызды ескере отырып, желтоқсан айының ортасына дейін қажетті қаржының жартысын, қалғанын 1 ақпанға дейін төлеуге рұқсат береміз.
12/13/11, 10:49
Жумагазина Гулжайна
А.Қ: Күрішбаев мырза!Мен Жумагазина Гулжайна техникалык фокультетінің 1-курс студенті сізден 29.12.11. болатын сонгы экзаменді отбасылык шұғыл жағдайға байланысты уакытынан бұрын тапсыруға жәнеде 12.12.11. сізге жіберілген отиниш жазба хатыма құптап кол қоюынызды сұраймын!
Құрметті Гүлжайна! Соңғы емтиханыңызды отбасы жағдайыңызға байланысты уақытынан бұрын тапсыру туралы жолданған өтінішіңізге рұқсат берілді. Мәселеңіз бойынша техникалық факультеттің деканатына хабарласуыңызды сұраймыз.