Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/2/22, 18:44
Қуантхан

Басқа универден Сіздерге Автокөлік құралдары мамандығына ауысуға болама? Грант сақталама? Оған қандай құжаттар керек? Сіздердің универлеріңізге ауысқым келеді


Сәлеметсізбе Қуантхан!

Басқа ЖОО-нан қабылдау желтоқсан айында басталады. Ауысу үшін қажетті құжаттар: атестат қосымшаларымен көшірмелері, бұйырықтардың көшірмелері, (оқуға қабылдау, курстан-курсқа көшуі,) транскрипт, оқуға  қабылдау емтиханының нәтижелері, ЖОО лицензиясы, мамандықтың лицензиясы.

Толқ ақпаратты Білім алушыларға қызмет көрсету орталығынына хабарласып ала аласыз: Тел: 8(7172) 31-75-62

10/28/22, 18:59
Кененбай Рамазан

Сәлеметсіз бе мен өз оқу орнымды ауыстырайын деп жатырмын Казатуда Акпараттык технология мамандығына жылына қанша төлеймін


Сәлеметсіз бе Кененбай Рамазан!

В057-Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламасының оқу ақысы әр курстқа әртүрлі. Сұрағыңызда нешінші курсқа ауысқыңыз келетіні көрсетілмеген. Толығырақ ақпарат алу үшін университеттің Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тел.: + 7 7172 31-75-62.

10/18/22, 09:41
Садыков Рустамович Рашид

Ассалаумалейкум мен Садыков Рашид мен осы университете 4 курс студентимин осы 4 курс ка откенде кшкене анам ауырып окуга баралмай жатирм брак мени отчисления кылса келеси жылы 4 курсты кайталдан окысам болама?


Құрметті Рашид Рустамович!

Факультеттің академиялық кеңесінің ұсынысы бойынша сізді университеттен шығарған жағдайда, сіз жаз мезгілінде 25 тамызға дейін тек қарызыңыз бар пәндер бойынша ғана оқуға қайта қабылдана аласыз.

Қосымша сұрақтарыңыз болып жатса, 8(7172) 31-75-62 номеріне хабарласып біле аласыз.

10/12/22, 16:07
Мұсан Бекарыс

Сәлеметсіз бе Менің қоятын сұрағым.... Мен кәзір 1 курс оқимын 1 симестр біткен соң сіздерге перевод жасап оқи алам ба және жатахана мәселесі не болады Алдын ала рахмет


Сәлеметсіз бе, Ақылжан!

Университеттің академиялық саясатына сәйкес Сіз қысқы демалыста 1-25 желтоқсан аралығында ауыса аласыз. Аударма туралы ақпаратпен сіз біздің университеттің сайтында немесе төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз  https://kazatu.edu.kz/kz/pages/coo/podat-zaavlenie

Немесе 8(7172) 31-75-62 телефоны бойынша Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыныз.

1 курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етіледі.

10/6/22, 10:49
Абдолда Ақылжан

Мен грантқа ҚазАТУ-ға түскен едім . Белгілі бір себептермен Алматы қаласының Аграрлық университетіне ауысуды қалап отырмын . Грант сақтап осы мамандықпен ауыса аламын ба ?


Сәлеметсіз бе, Акылжан!

Университеттің академиялық саясатына сәйкес Сіз қысқы демалыста 1-25 желтоқсан аралығында ауыса аласыз. Егер сіз оқып жатқан білім беру бағдарламасының осы тобы (тобын көрсетпегенсіз) біздің ЖОО-да болса, грантты сақтай отырып ауыса аласыз. Ауысу туралы ақпаратпен сіз біздің университеттің сайтында төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз  https://kazatu.edu.kz/kz/pages/coo/podat-zaavlenie немесе 8(7172) 31-75-62 телефоны бойынша, Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

9/22/22, 03:04
Аида

Отинемин окуга алынызшы.Аллах каласа сизге табыс алып келемін..жауап күтемін...


Құрметті Аида!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» талапкерлерді республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының студенттері қатарына қабылдауды оқу орындарының қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 мен 25 тамыз аралығында өткізеді.

Қазірге кезде 2022-2023 оқу жылына 1 курс студенттері қатарына қабылдау аяқталды.

Біз Сізді келесі оқу жылына шақырамыз, немесе қандай-ба бір басқа жоғары оқу орындарының студенті болып табылсаңыз, бір академиялық кезеңді аяқтаған соң біздің университетке ауысуға мүмкіндігіңіз бар екендігін ескертеміз.

Анықтамалар үшін:

31-75-56 (қабылдау комиссиясы) – оқуға түсу мәселесі бойынша;

31-75-62 (білім алушылапға қызмет көрсету орталығы) – ауысу мәселесі бойынша.