Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/12/22, 05:01
Ұлдана

Сәлеметсіздер ме! Мен грантқа Алматы ға ҚазҰАЗУ оқуға Азық- түлік өнімдерінің өндірісіне түскен едім. Белгілі бір себептермен мен оқуға түскен қаламды ауыстырғым келіп еді. Сіздерге ауысуға болады ма? Сол түскен мамандығыма.


Сәлеметсіз бе Ұлдана!

Біздің университетке В068-Азық-түлік өнімдерінің өндірісі білім беру бағдарламасына мемлекеттік білім беру грантымен ауыса аласыз. Ауысуға қажетті құжаттар тізімі мен толық ақпаратты kazatu.edu.kzсайтындағы БАҚКО бөлімінен оқи аласыз. Байланыс нөміріміз: + 7 7172 31-75-62

8/12/22, 04:50
Гүлжаухар

САЛАМАТСЫЗБА. Менын балам грантка окуга тусты. Сурактарымыз бар еды. Кимге коюга болады. Колл центрге звонок бармайды. Баска облыстан едык. Шыга алмай отырмыз. Сотовый номерлер алмайды.


Сәлеметсізбе Гүлжаухар!

Сұрақтарыңызды толық жазсаңыз? Барлық сауалдарға жауапты 17 тамыз күні сағат15.00-де ҚАТУ-дың @ kazatu.official инстаграмдағы ресми парақшасында университетің басқарма Төрағаның орынбасары - РекторА.М.Абдыровпен және  Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А. Құсайыновамен тікелей эфир арқылы кездесу болады.

Эфир барысында мемлекеттік білім грантының иегерлері мен ақылы білім алумен бірге ҚАТУ-ға оқуға  түсу, жаңа оқу жылында оқу процесінің ұйымдастырылуы, жатаханаға орналасу тәртібі және т.б. өзге де білім алушылар мен ата-аналар тарапынан туындайтын сұрақтарыңызға толықтай жауап беріледі.

Сұрақтарды алдын-ала инстаграм желісіне немесе press-center@kazatu.kz электронды поштасына жолдайаласыздар.

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының байланысы:

8(7172)31-75-62 – БАҚКО менеджерлері

8/11/22, 13:24
Ақнұр

Салеметсізбе. Учебный практиканы договор жасаған соң қалай ауыстыруға болады. Мен белгілі себептерге байланысты бара алмасам?


Құрметті Ақнұр!

Келісім-шарт тәжірибе туралы бұйрық шыққаннан соң, шаруашылықтың өз міндеттерін орындай алмау, сапалы өндірістік тәжірибені өту мүмкіндігінің болмауы т.с.с. жағдайлар туындағанда 2 апта бұрын өзгертуге рұқсат етіледі. Тәжірибе өту барысында Келісім-шарттар өзгертілмейді.

8/10/22, 14:05
Нурбек

Ассалаумағалайкум! Бұл университет частний ма? Яки государствинний ма? Жауап беріңізші


Сәлеметсізбе Нұрбек!

 

Ия С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  КеАҚ. Төмендегі сілтемеден таныса аласыз.

https://kazatu.edu.kz/kz

8/5/22, 04:45
Шугыла

Кандай мамандыктар бар


Сәлеметсізбе Шұғыла!

Университетте қандай мамандықтар бары туралы толық ақпаратты kazatu.edu.kz сайтынан  немесе  Төмендегі сілтемеге өтіп қарай аласыз.

https://kazatu.edu.kz/kz/edu-programs

8/2/22, 07:11
Нурбек Каюмов

Бул университет государствинний ма? Мәлімет берсеңіз


Сәлеметсізбе Нұрбек!

 

Ия С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  КеАҚ. Төмендегі сілтемеден таныса аласыз.

https://kazatu.edu.kz/kz