Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/9/11, 15:43
Утесинова Светлана
саламатсыз ба! мен осы жылы мектеп битирип,талапкер атандым.УБТдан жалпы баллым 116 ал орыс тилди есептемегенде 100ден 92 балл. тандау паним география. кандай мамандыктарга грантка умиткер бола аламын? осы жайлы накты малиметтер берсениз... мен сиздин университеттин студенти болгым келеди! егер де грант болмаган жагдайда кандай женилдиктер бар? жане де оку толеми канша болады? сизден жауап кутемин! рахмет!!
Саламатсызба, Светлана! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке география пәні бойынша Сіз «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Геодезия және картография», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Жерге орналастыру», «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету», «Кадастр», «Бағалау» мамандықтары бойынша оқуға түсуіңізге болады. Аталған мамандықтарға мемлекеттік білім гранттарына ие болу үшін ҰБТ нәтижесі едәуір жоғары болу керек, 100 баллға жақын, себебі бұл мамандықтарға конкурс жоғары болады, сонымен қатар «Алтын белгі» иегерлері де көбінесе осы мамандықтарды таңдайды. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. 2011-2012 оқу жылына 1 курстың жылдық төлем ақысы 249,4-ден бастап 374,5-ден дейін мың теңгені құрайды. Оқудың төлем ақысын төлеу бойынша университетте бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/9/11, 00:46
Жумaшeв Бaуыржaн
Сaлaмaтсызбa, рeктор мырзa! Осы жылы ЕНТдaн 111бaлл жинaдым, 5 пaн гeогрaфия. Ор.тилсиз 93бaлл. Осы бaллмeн ормaн рeсурстaры жaнe ормaн шaруaшылык мaмaндыгынa грaнткa тусу мумкиншилигим кaндaй? Жaнe бул мaмaндыккa былтыргы жылы кaншa грaнд болинди? кaншa aдaм бул мaмaндык бойын a КАТУгa грaндкa тусти? Осы жылы мeмлeкeт тaрaпынaн 90 грaнд болинди, сонын кaншaсы сиздин унивeрситeтинизгe тиeсили? Жaуaбынызгa рaхмeт!
Саламатсызба, Бауыржан! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына өткен жылда 85 баллмен қазақ бөліміне (84 баллмен ауылдық квотасымен) және 84 баллмен орыс бөліміне (77 квотасымен) ие болды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Қазақстан Республикасы бойынша қазақ бөліміне 60 грант және орыс бөліміне 30 грант бөлінді. Университетімізде мемлекеттік гранттардың саны біздің жоғарғы оқу орнымызға оқуға түсу үшін өтініш берген талапкерлер санына байланысты. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/8/11, 05:43
Тагаева Галия Нажимединовна
Меніѕ ќызым Тагаева Салтанат Еделбекќызы 2-ші курсќа ґтті.1-ші курста 5-ші жатаќханада тўрєан еді. Осы жатаќханадан ертерек барып(яєни июль айында), тґлем аќысын тґлеп,орын алып ќоюєа болады ма? Жатаќханадан орын болмай ќалады ма деген себептен сўрап отырмын.Жауабын асыєа кїтемін.Рахмет!
Құрметті Ғалия Нажимединовна! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2011-2012 оқу жылының басында жатақханаларға студенттерді орналастыру (№40 өкім 20.06.2011ж.) төмендегідей 2 кезеңмен жүргізіледі: - 1 кезең – 2011 жылғы тамыздың 23, 24, 25–күндері – бірінші курс студенттері үшін; - 2 кезең – 2011 жылғы тамыздың 26,27,29–күндері – жоғарғы курстағы барлық студенттер үшін. Жыл сайын, оқу жылының аяқталуына байланысты, университет жатақханаларында ішкі тәртіп ережелерін бұзбаған студенттерді жатақханаға орналастыру тізіміне енгізеді. Бұл тізімге енген студенттерді міндетті түрде университет жатақханаларында орын ала алады. Сіздің қызыңыз, Тагаева Салтанат Еделбекқызы бұл тізімге енген, сондықтан 2011 жылдың 26-29 тамыз күндері аралығында келіп, №5 жатақханасына орналаса алады.
7/6/11, 19:29
С. Гульнура
Салеметсіз бе Айтбай Қабыкешүлы! Мен Костанай экономикалық колледжін 2012жылы қызыл дипломға бітіремін. Сіздердің университетке түсу үшін қандай мүмкіндіктер бар? Грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма? Оқу ақысы қанша болады және де қандай жеңілдіктер болады?
Саламатсызба, Гульнура! Колледж бітірген және орта кәсіптік білімдері бар талапкерлер сәйкестік мамандықтар бойынша университетке қысқартылған бағдарлама негізінде (ҚБББ) күндізгі және сырттай оқу бөліміне оқуға түсе алады. Күндізгі оқу бөлімі – 3 жыл, сырттай оқу бөліміндегі оқу мерзімі – 3,5 жыл. Сіз өз сұрағыңызда колледжді қандай мамандық бойынша аяқтағалы тұрғаныңызды көрсетпегенсіз және біздің жоғары оқу орнымызда Сіздің мамандыққа сәйкес мамандық болған жағдайда Сіз оқуыңызды қысқартылған бағдарлама бойынша жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар, ал оқуға түсу емтиханы кеңесу түрде жүргізіледі. ҚБББ бойынша білім алуға мемлекеттік гранттар бөлінбейді, бірақ біздің университетке оқуға ҚБББ бойынша түскен студенттер жақсы үлгерім көрсеткен жағдайда ректор грантының иегері болуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік білім гранттарына иелену үшін талапкерлерге арналған кешенді тестілеуін тапсыруыңыз қажет, кешенді тестілеуге келесі пәндер кіреді: Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі, математика және таңдау бойынша пән. Әр мамандықтың оқу ақысы әр түрлі және оқу жылының басына қарай бекітіледі. Ақылы келісім-шарт негізінде білім алушы студенттерді қолдау мақсатында университет оқу ақысын кезеңдеп төлеу мүмкіндігін ұсынады. Біз Сізді күтеміз! Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/6/11, 12:50
Нурмухамед Токтаболат
Сәлеметсіз бе, ректор мырза!!! Осы жылы ұсттық тестілеуден 118 балл жинадым. Орыс тілінсіз 93 балл. Таңдау пәнім-география. Осы баллмен сіздердің университетке грантқа түсе аламын ба?
Саламатсызба, Нурмухамед Токтаболат! Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. География пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Біздің университетке география пәні бойынша Сіз «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Геодезия және картография», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Жерге орналастыру», «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету», «Кадастр», «Бағалау» мамандықтары бойынша оқуға түсуіңізге болады. Біз Сізді күтеміз! Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/2/11, 09:44
такон ғалымжанқызы
Қайырлы күн. биыл оқу бітірдім. таңдау пәнім география. орыс тілінсіз 85 балл. грантқа ілігу мүмкіндігім бар ма? жалпы балым 108.
Саламатсызба, Такон Ғалымжанқызы! ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Былтырғы жылғы мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес география пәнімен 85 баллмен «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша грант иеленуге мүмкіндігіңіз болар еді. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556