Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/29/11, 17:00
Есболаев Нұрбол
Сәлеметсіз ба ректор мырза! мен маңғыстау политехникалық колледжінің банк ісі мамандығын бітірдім. Енді мен экономика факултетінің қаржы бөліміне түсе алам ба? оқу ақысы қанша? құжат қабылдау мезімі? Рахмет!
Саламатсызба, Нурбол! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Орта кәсіптік білімі бар талапкерлерді университет қысқартылған бағдарлама бойынша күндізгі және сырттай оқу бөліміне қабылдайды. Күндізгі бөлімдегі оқу мерзімі – 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл. Талапкерлерден, құжаттарды қабылдау 2011 жылы 1-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, талапкерлерден оқуға түсу емтихандарын (собеседование) қабылдау 15-20 тамыз аралығында өткізіледі, пәндік комиссия әрбір талапкер бойынша жоғары оқуға қабылдануға ұсынылсын немесе ұсынылмасын деген шешім шығарады, ұсынылған талапкерлер университет бұйрығымен 25 тамызда студенттер қатарына қабылданады. 2011-2012 оқу жылына «Қаржы» мамандығына 1 курстың жылдық төлем ақысы 374,5 мың теңге құрайды. Оқудың төлем ақысын төлеу бойынша университетте бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
6/29/11, 12:35
moldir
Salemetsiz be?men sizderdin universitetterinizge tuskim keledi,magan universitet jaili kosimsha malimet bere alasiz ba?prohodnoi bal kansha?jauabinizdi asiga kutem...
Саламатсызба, Мөлдір! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Оқуға қабылдану үшін 4 пән бойынша жалпы 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауыңыз қажет, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері әр бір мамандықта әр түрлі болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
6/29/11, 10:50
мохаммед хоссайн
сәлеметсіз бе?мен Алматы қаласында осы жыл дйындық факультетті бетірдім Ауанстан елінен келген студентпін осы жерде біз екі тіл оқыдық қазақ тілі мен орыс тілі бірақ орыс тілі оқығым келеді оны таңды аламын ба?және бірінші курста қандай пәндер оқылады?
Құрметті Мохаммед хоссайн! Сіздер Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарына түсу үшін қорытынды емтихан тапсырдыңыздар, нәтижесі бойынша біздің университетке қабылданасыздар. Сонымен қатар университете оқудың тілін таңдау өз құзырыңызда. Бірінші курста міндетті оқылатын пәндер: Қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілі, информатика, эклогия және тұрақты даму, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, әлеуметтану. Таңдау бойынша келесі пәндер оқылады: Қазақ халқының рухани мұрасы, Қазақ философиясы, дінтану, этнопедагогика, мәдениеттану, өзін-өзі тану.
6/25/11, 12:09
Курбанова Нази
Салеметсиз ба осы жылы ұлттық тесттен 87 - орыс тілінсіз 73 балл алдым, тандау пәнім биология, оқу грантіне түсуіме мүмкіндігім бар ма?
Cаламатсызба, Нази! Мұндай мазмұндағы сұрақтарға біз жауап берген болатынбыз, блогтағы сұрақтар мен жауаптарды мұқият қарауыңызды сұраймыз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Былтырғы жылғы мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/21/11, 23:20
Абдикеримова Ақмарал Ерланқызы
Сәлеметсіз бе? Айтбай Қабыкешұлы мен Жезқазған қаласында Политехникалық колледжінің 2 курс студентімін, \" учет и аудит \" факультеті. 3 курста сіздердің колледждеріңізге ауысқым келеді, сол мүмкін бе? Рахмет.
Жезқазған Политехникалық колледжі мен біздің агротехникалық колледжіміздің оқу бағдарламасындағы пәндер мен сағаттарының сәйкестігін салыстыру үшін сіздің сынақ кітапшаныз не болмаса академиялық анықтамаңыз қажет. Егерде айырмашылық саны 4 пәннен артық болмаса, біздің колледждің 3 курсына ауысуыңызға мүмкіндік бар.
6/19/11, 17:21
Бакытжан
Саламатсыздар ма? Мен мектептібиыл бітірдім,орыс тілінен 3балл(2деген баға)алдым, жалпы балым 81,орыс тілін алып тастағанда 78балл.таңдау пәнім биология. Маған осы Университтетке құжаттарымды өткізуге болады ма. Осы жылдан бастап орыс тілінен 2 алғандарды қабылдамайды деп естіген едім. Алдын-ала рахмет.
Саламатсызба, Бақытжан! Өкінішке орай, Сіз биылғы жылы жоғары оқу орындарына қабылданбайсыз, себебі Сіз ҰБТ тапсырмаған болып есептелесіз, биылғы жылдың ЖОО қабылдау ережесінің 46 бабына сәйкес ҰБТ және ТКТ әрбір пәні бойынша балл мөлшері 4 баллдан кем болмауы керек. Анықтамалар үшін: тел. 8(7172) 317-556, 398-018