Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/17/11, 18:34
Адай Нурай Жақыпқызы
сәлеметсізбе! менің жалпы ұпайым 88. таңдау пәнім химия(21 балл). мен грантқа ие бола аламба? ие бола алмаған жағдайда оқудың ақысы жайында білейін деп едім. Оқуға тапсыру үшін университетке қашан барса болады?
Саламатсызба, Нурай! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетімізде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтарға оқуға түсу үшін таңдау бойынша пән химия болып табылады. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтарға өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына 100 баллдың 77-81 балл жинаған талапкерлер ие болды. Білім грантын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. 2011-2012 оқу жылына 1 курстың жылдық төлем ақысы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтарға 246,6 мың теңге құрайды. Оқудың төлем ақысын төлеу бойынша университетте бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 2011 жылы 23-31 шілде аралығында Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: тел. 8(7172) 317-556, 398-018
6/17/11, 14:45
Казкенова Айзада
Қайырлы күн! менің білейін дегенім сіздерде геодезия факультетінің (колледжден кейін) оқу ақысы қанша, канша жыл оқу керек, әскери кафедра бар ма? ал сырттай оқығанда канша уақыт оқу керек және оқу ақысы қанша болады?
Саламатсызба Айзада! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Жерге орналастыру факультететінде «Геодезия және картография» мамандығы 2011-2012 оқу жылына 1 курстың жылдық төлем ақысы 321,0 мың теңге құрайды. Оқудың төлем ақысын төлеу бойынша университетте бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Егер Сіз колледжде бітірген мамандығыңыз «Геодезия және картография» мамандығына сәйкес келетін болса қысқартылған бағдарлама бойынша 3 жыл күндізгі бөлімде немесе 3,5 жыл сырттай оқу бөлімінде оқуға мүмкіндігіңіз бар, бірақ екі бөлімде де толық академиялық топтар қалыптасса. Колледждан кейін қысқартылған бағдарлама бойынша әскери кафедрасынан дайындықтан өту қарастырылмаған. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/17/11, 14:31
Медерова Лейла
Саламатсызба, Айтбай Қабыкешұлы, ұлым ҰБТ-дан 75 балл (негізгі сабақтардан 18-19 балл) жинады (орыс тілін қоспағанда -69) Сіз басқарып отырған оқу орнына \" компьютерлік жүйелер және кәсіби оқыту», факультетіне оқуға ниет білдіріп отыр. Алайда, балы төмен болғандықтан, тегін оқуға мүмкіншілік болмаған жағдайда ақылы оқу осы мамандық бойынша қанша болады және техникалық, технологиялық, энергетикалық факультеттеріне ше? Басқа да институттардың ақылы оқу қанша тұратынын қайдан білуге болады? Көңіл бөлгеніңізге рахмет.
Саламатсызба Лейла! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. 2011-2012 оқу жылына «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 1 курсының жылдық төлем ақысы 300,0 мың теңге, ал «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша 240,0 мың теңге құрайды. Оқудың төлем ақысын төлеу бойынша университетте бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Ал басқа институттардың ақылы оқу қанша тұратынын Біз білмейміз, өзіміздің оқу орнымыз бойынша ғана мәлімет бере аламыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/17/11, 12:26
Идрисова Альбина
Сәлеметсіз бе!Мен сыр өңірінің азаматшасымын. Сіздерде геофизика мамандығы бар ма? Бар болса тапсыру үшін грантқа ҰБТ-дан қанша балл жинау керек және жатақхана қарастырылған ба? Құжаттарды Кызылордадан жіберген дұрыс па алде тікелей университетке барған жөн ба? Құжат қабылдайтын күнді жазып жіберуіңізді сұраймын. Алдында ала көп-көп рахмет!
Саламатсызба Альбина! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. География пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Біздің университетте география пәнімен «Экономика», «Менеджемент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Геодезия және картография», «Жерге орналастыру» және «Кадастр» «Бағалау», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандықтары бар. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Жатақхана 1 курс студеттеріне міндетті түрде берілетін болады. Талапкер өтініш білдіру барысында таңдау пәніне сәйкес келетін, 4 мамандықты көрсете алады, сонымен қатар жоғары оқу орындарын таңдай алады. Сол мамандықтар қай жоғары оқу орындарында бар екендігі туралы мәлімет және жоғары оқу орындарының кодтары қабылдау комиссияларында міндетті түрде болуы тиіс. Біздің университетіміздің коды – 002. Сондықтан егер де Сіз гранттар конкурсына өтініш білдірмек болсаңыз, Қызылорда қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады немесе Астанаға да келуіңізге болады, оны өзіңіз шешесіз. Грантқа ие болған жағдайда құжат өткізген қабылдау комиссиясынан құжаттарыңызды қайтарып алып, грант иегері екендігіңізді растайтын күәлікті алып, біздің қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін міндетті түрде құжаттарыңызды тапсырып, бұйрықпен студенттер қатарына қабылдануыңыз керек. Ақылы келісім шарт негізінде оқуға түсемін десеңіз тамыз айының 10-нан 25-не дейінгі мерзімде құжаттарыңызды өткізіп, оқудың төлем ақысының 50 % төлеуіңіз қажет. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/17/11, 11:45
Альзамар Есімхан
Салеметсиз бе! Мен Көкшетау каласынанмын, Сізге қояр сұрағым Әскери кафедраны бітірген соң қандай лауазым беріледі?
Құрметті Есемхан! 2005 жылғы 8 шілде айындағы 2 бөлімінің 14 тарауының 3-ші тармағында «Әскери міндеті және әскери қызметті атқару міндеті туралы» ҚР Заңына сәйкес : «Әскери кафедрада толыстағы офицерлерді дайындаудың толық курсы жоспарын аяқтаған және жоғары оқу орнынан кейін әскерлік тәжірибеден өтпеген азаматтарға, «сержант» әскери атағы берілетіні көрсетілген». Әскери кафедраның студенттері, әскери тәжірибеден өтпейтіндіктен оларға оқу орнын аяқтағаннан кейін «сержант» әскери атағы беріледі және Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті әскери билет береді. «Лейтенант» әскери атағын алу үшін, әскери қызметтен өту Ережесіне сәйкес, әскерде әскери тәжірибеден өту керек.
6/17/11, 10:11
Баскабаев Ербол
Саламатсыз ба?.“Көлік, көлік техникасы және технологиялары” “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” осы екеуі туралы толыгырак айта кетесізбе?
Құрметті Ербол! 050713 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы Көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау зауыттары, көлік техникасые пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар; құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары; маркетингтік және көліктік- экспедициялық қызметтері; көлікті басқару қызметтерінің маиериалдық – техникалық қамсыздандыру жүйелері бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі бола алады. Кәсіби қызметінің функциясы Бакалавр өзінің кәсіптік қызметінде төмендегі функцияларды орындайды: - бекітілген үлгі бойынша техникалық құжаттар жасау мен белгіленген есеп беру бойынша жұмыстар жүргізу; - техника қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқытуды және нұсқаулықты жүргізу; - көлік техникасының сапасын басқару бойынша құжаттарды дайындау талаптарының орындалуын жүзеге асыру. 050724 – «Технологиялық машиналар ман жабдықтар» (салалар бойынша) мамандығы бакалаврының кәсіптік қызметінің объектілері мемлекеттік басқару ұйымдары, әскери - өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары мен ұйымдар, жобалық – конструкторлық және ғылыми – зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншік түріндегі фирмалар болып табылады. Кәсіби қызметінің функциясы Бакалавр өзінің кәсіптік қызметінде келесі функцияларды орындайды: - техникалық құжаттаманы құрастыру және бекітілген нысандар бойынша белгіленген есептілік бойынша жұмыстар жүргізу; - қауіпсіздік техникасы еңбекті жіне қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқауларды жүргізу; - өндірістік учаскелердегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша құжаттама дайындау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.