Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/17/11, 09:28
Шамшимет Маржан
Сәлеметсіз бе!Мен биылғы өткен ҰБТ-дан 98 балл жинадым,орыс тілінсіз 87 балл.....таңдай пәнім-физика.....Мен ОҚО,Ордабасы ауданындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп бітірушісімін...Өзмнің жинаған балыммен сіздердің университеттеріңзге грантка түсуіме мүмкіндік бар ма?атап айтар болсам \" Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы \"Жылу энергетикасы кафедрасы\" \"
Саламатсызба Маржан! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, таңдаған мамандығыңыздың білікті маманы болады деген ойдамыз. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтарға өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына 100 баллдың 93-94 балл, ал «Жылу энергетикасы» мамандығына 81-84 балл аралығында жинаған талапкерлер ие болды. Білім грантын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын, өтпелі балл жоғары болады деген ойдамыз, себебі биылғы жылғы ҰБТ нәтижесі былтырғы жылға қарағанда жоғары. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/16/11, 16:36
Галымжан Маржан
Қайырлы күн!Мен мектепті былтыр бітірген болатынмын...Маған керегі оқуға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет және былтырғы сертификат қажет пе,жоқ па?Жатақана мәселесі ше?Сіздерде сәулет мамандығында математика және физика пәндері оқытыла ма?Алдын ала ент тапсыру үшін арнайы курстар бар ма?Сәулет мамандығы қанша жыл?Сұрағымды жауапсыз қалдырмағаныңызға үлкен рахмет!!!!Маржан,Қостанай қаласы
Саламатсызба, Маржан! Біз Сізге тағы да қайталап жауап береміз: ҰБТ биылғы жылғы 11 сынып оқушыларына өткізілді, ал ТКТ мектепті былтыр немесе алдыңғы жылдары бітірген оқушыларға және колледж түлектеріне өткізіледі. Сіз мектепті былтыр бітіргендіктен міндетті түрде Талапкерлердің кешенді тестілеуін тапсыруыңыз қажет, былтырғы жылғы сертификаттың қажеті жоқ, себебі ол 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана жарамды болды. Сәулет мамандығы бойынша оқу мерзімі 5 жыл. Бұл мамандықта математика және физика пәндері оқытылмайды. Алдындағы жауапта көрсетілген мерзімдерге сәйкес Сіз алдымен шығармашылық емтихандарға өтініш білдіріп, оларды тапсыруыңыз керек, содан соң 9 шілдеге дейін кешенді тестілеу тапсыруға өтініш білдіресіз де 19 шілде күні кешенді тестілеу тапсырасыз. Қажетті құжаттар: 1. орта білім туралы аттестат; 2. медициналық анықтама Ф. № 086У; 3. 8 фотосурет 3х4; 4. жеке күәлік (көшірме); 5. РНН (көшірме). Жатақхана мәселесін құжат тапсыруға келгенде шешуге тырысамыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/16/11, 14:28
Раушан
сәлеметсізбе, құрметті ректор мырза! мен жергеорналастыру факультетінің 4 курс студентімін. сіздің атыңыздан ұсынылатын ректорлық грантқа ауыссам ба деймін. ол грант тағайындалама 2011-2012жж оқу жылына?
Сәлем Раушан! Біріншіден, соңғы курсқа көшуіңмен құттықтаймын! Сіз өзіңіздің әлеуметтік жағдайыңыз және сабақ үлгеріміңіз туралы ештеңе жазбапсыз. Жалпы алғанда, ректорлық грант тұл жетімдерге, әкесі немесе шешесі жоқтарға, сонымен қатар көп балалы, табысы төмен отбасыдан шыққан студенттерге және спорт арқылы университет атын елімізге, әлемге паш етіп жүрген жастарымызға беріледі. «Бір жылға қоян терісі де шыдайды» дейді ғой қазағымыз. Қиналсаңыз, банктерден жеңілдетілген білім несиесін алуға болады (ол туралы деканатыңыздан білуге болады), ал университет болса Сіздің өтінішіңіз бойынша оқу ақыңызды төртке бөлеп төлеуге рұқсат бере алады.
6/15/11, 18:05
Галымжан Маржан
Сәлеметсіз бе!Мен Қостанай Қаласынанмын.Сіздердегі сәулет мамандығына тапсыру үшін грантқа қанша балл жинау керек және ент болатын күнді,жатақана бар ма?құжат қабылдайтын күнді білгім келеді.Мен интернетте көп отыра алмағандықтан сұрақтарымды жауасыз қалдырмауынызды сұраймын.РАХМЕТ!!!
Саламатсызба Маржан! «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін Сіз 2 шығармашылық емтихан тапсыруыңыз керек: «Сурет» және «Композиция», ал ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) немесе ТКТ (Талапкерлердің кешенді тестілеуі) нәтижесінен «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндері есепке алынады. Шығармашылық емтихандарға өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Ал шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ биылғы жылғы 11 сынып оқушыларына өткізілді, ал ТКТ мектепті былтыр немесе алдыңғы жылдары бітірген оқушыларға және колледж түлектеріне өткізіледі. Сіз өз сұрағыңызда қай жылдың түлегі екендігіңізді көрсеткен жоқсыз. Оқуға қабылдану үшін аталған 4 пән бойынша жалпы 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауыңыз қажет, ал осы мамандықтың мемлекеттік білім грантына 2010 жылдың нәтижесі бойынша 100 баллдан 96 балл жинаған талапкерлер ие болды. Ақылы келісім шарт түрде 2011-2012 оқу жылына оқудың бағасы 373600 теңге құрайды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/15/11, 17:13
Мади
Саламатсыздар ма! Мен осы жоғарғы оқу орнынын 1 курс студентімін. 2 сессия біткен сон мемлекеттік гранттқа ауысу үшін өтініш жазғам.Сонын нәтижесі қашан болады? оны қайдан білуге болат? (деканаттан сурасам білмейміз дейт)
Сәлеметсіз бе Мади! Сіздің сауалыңызға: білім беру грантын беру ережесіне сәйкес жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: ҚР Білім және ғылым министрлігі оқуға түсу жылын ескере отырып, мамандықтар, оқытудың нысандары мен мерзімдері бөлінісінде бос білім беру гранттарының тізбесін жасайды және 15 шілдеге дейін олар бойынша ашық конкурс жариялайды. Университет білім беру грантын тағайындауға ақылы негізде оқитын үміткерлердің мынадай құжаттарын ұсынады: өтініш, жеке куәліктің көшірмесі және барлық оқу кезеңі ішіндегі үлгерімінің орташа балы көрсетілген жоғары оқу орнының басшысы растаған транскрипттің үзіндісі. Құжаттар 25 шілдеге дейін ұсынылады. Мәди, қандай факультетте оқисың? Менің блогыма хабарлауыңызды сұраймын. Конкурстың нәтижесі қыркүйек айында белгілі болады.
6/15/11, 10:45
Нурбибі
Саламатсызба,Айтбай Қабыкешұлы, қызым ҰБТ-дан 84 балл жинады(орыс тілін қоспағанда -67)Сіз басқарып отырған оқу орнына \"биотехнология\" мамандығы бойынша оқуға ниет білдіріп отыр.Алайда, балы төмен болғандықтан, тегін оқуға мүмкіншілік болмаған жағдайда ақылы оқу осы мамандық бойынша қанша болады және жатақханамен қамтамасыз етіле ме? Әрине тегін түсетін болса үлкен қуанышка ие болар едім.
Саламатсызба, Нурбибі. «Биотехнология» мамандығы бойынша оқу ақысы биылғы жылға 246 600 теңгені құрайды. Бүл соманы бірден немесе екі кезеңге бөліп төлеуге болады. Қиналсаңыздар, оқу ақысын тоқсан сайын, яғни төртке бөліп төлеуге де рұқсат бере аламыз. Ал, біздің университетте жатақханадан орын бірінші курс студеттеріне міндетті түрде беріледі. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018