Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/6/11, 11:07
Имангалиев Серiкжан
Ассалаумагалейкум Ректор мырза!Менiн сiзден сурайын дегенiм мен бiрiншi курста КАДАСТР мамандыгында окушы едiм.Универсiтеттiн шет елден тажiрибеден отуге болатын багдарламасы бар екенiн бiлем,сол тажiрибеге барсак каржыландыруды Униерситет котере ма?сол тажиiрибеден Ресей Федерациясынан отуге бола ма?Рахмет.
Сіздің мамандығыңыз бойынша 1-курс студенттері тәртіп бойынша оқу тәжірибелерін университет қабырғасында өтеді. 2,3,4-курс студенттері өндірістік тәжірибелерін шетелде өте алады, бірақ университет қаржыландырмайды. Барлық шығындар өз есебіңізден болады. Біздің университет жоғарыда аталған сала бойынша Ресей Федерациясының екі университетімен келісімшарт жасасқан, олар: Жерге орналастыру мемлекеттік университет (Мәскеу) және Сібір мемлекеттік геодезиялық академия (Новосібір).
5/4/11, 13:15
Мустафаева Маржан
Сјлеметсіздер, 050727 Азыќ-тїлік таєамдары технологиясы мамандаєын биыл бітіріп, Стандартизация, сертификация, метрология мамандыєына магистратураєа грантќа тїсуге бола ма, болса негізігі ќандай пјннен тест жїреді? Осы жайлы толыќ аќпарат айта кетсеніздер, рахмет;
Сәлеметсізбе, Маржан! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген және 2010 жылғы 9 шілдедегі № 365 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске қасыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне» сәйкес магистратураға жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады. Магистратура және PhD докторантураға түсуші азаматтар түсу емтихандарын шет тілі (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша тапсырады. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура және PhD докторантурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру гранттарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz – PhD докторант және магистрант 2011.
4/30/11, 22:03
Өтеулиева Қаламбике
Құрметті Айтбай Қабыкешұлы! Менің балам Бекмырзаев Өтеген биыл мектеп түлегі болғалы отыр.Мектеп бітірген соң Сіздердің университетке тапсырмақ ойы бар. Грантқа ие болу үшін қанша балл жинау керек? Ал грантты ала алмаған жағдайда асыраушысы жоқ, көп балалы отбасыдан шыққан балаға қандай жеңілдіктер қарастырылады? Сонымен қатар,оқу ақысын оқуды бітіргеннен кейінгі 15 жылда төлеуге болатын несие түрі қарастырылған дегенді оқығанмын, соны қалай иеленуге болады?
Құрметті Қаламбике! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан, жетім студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер, Басқарма отырысында қарастырылып, ректордың арнайы қоры есебінен беріледі. Мемлекеттік білім гранттарына ие болуға мүмкіндік беретін баллдар саны әр мамандыққа жыл сайын өзгеріп отырады, қазіргі кезде биылғы жылы грантқа өтпелі балл осындай болады деп айта алмаймыз, себебі ол мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың санына және ол мамандықтарға тапсырылған өтініштер санына байланысты болады. Білім гранттарын алуға қажетті ұпай жинай алмай қалған түлектерге екінші деңгейлі банктер арқылы білім несиелері ұсынылады, оны қайтаруда университет кепілдік береді. Несие оқу мерзімі аяқталғаннан соң 15 жылда өтеледі. Ол үшін Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ хабарласып, несиелендірудің шарттарын білуіңізге болады.
4/28/11, 13:53
Тагаева Галия Нажимединовна
Меніѕ ќызым Сіздіѕ университетте 1-ші курсын бітіреді.Грантќа ґту їшін ќандай жеѕілдіктер бар? Оќу жылы басталєан кезде,яєни ќўжаттар ґткізген кезде Ректордыѕ атынан 33 грант бґлінеді деп естіген едік.Осы жґнінде толыќ аныќтаманы айтсаѕыз екен.Рахмет.
Құрметті Ғалия Нәжіметқызы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан, жетім студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер, Басқарма отырысында қарастырылып, ректордың арнайы қоры есебінен беріледі. Сонымен бірге ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы №194 Қаулысымен толықтырылған) білім гранттарын беру Ережесіне сәйкес «жақсы», «өте жақсы» бағаға оқитын студенттер өз мамандығы бойынша босаған білім гранттарына үміткер бола алады. Осыны ескеріп, университет тарапынан республиканың жоғары оқу орындарынан босаған білім гранттары конкурсына қатысу үшін Сіздің қызыңыз сессия аяқталғаннан кейін деканатқа қажетті құжаттарын тапсыруы керек.
4/28/11, 09:28
Pazylbek
«МАЛ БАҒУ ҮШІН МАЛ БОЛУ КЕРЕК» Бұл қазақтың аталы сөзін ауыл шаруашылығы саласын басқарып отырғандарға қаратып айтуға болады. Себебі мал бағып көрмеген, бақша егіп көрмегендер ауыл шаруашылығы саласын қалай басқара алады? Ақылға сыйымсыз. Кезінде мал бас саны жағынан әлемдегі алғашқы бестікке кірсек ендігі жағдайымыз шетелден мал сатып алатын жағдайға дейін құлдырады. Сондықтан мал бас санын көбейту үшін, яғни мал шаруашылығын дамыту үшін бұрынғы кездердегідей мал бағып өскен азаматтарды ауыл шаруашылығы саласы басшылығына әкеліп, ал қазіргі басшыларды мал бақтыру үшін «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша жолдамамен жіберу қажет. Әйтпесе ауыл шаруашылығы саламыз 20 жыл бойы дамымағаны осылай дамымай қала бермек. Факті керек пе міне ресми мәліметтер: еліміз ет өнімділігі жағынан әр жылы төмен деңгейде қалып келеді, яғни 1990 жылмен салыстырғанда етке өткізілген малдың орташа тірі салмағы 12,3%-ке төмендеді және бүгінде 310 килограмды құрап отыр, ал әлемдік стандарт көрсеткіштері 500-520 килограмды құрайды. Шетелден әкелінген мал басы мен осы малдан алынған ұрпақ республикадағы етті мал шаруашылығының асыл тұқымды табынының негізін құрайды. Өткен жылы ет бағытындағы ІҚМ герефорд және ангус тұқымдарын АҚШ-тан (Солтүстік Дакота штаты) 1991 бас және 400 бас ІҚМ герефорд тұқымын Канададан әкелді. Жүйесіз мал жайылымы есебінен 26,4 млн. га жайылым тозған. Мал шаруашылығы саласын дамытуға негізгі кедергілер. 1. Өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасына және көлеміне кері әсер ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірудің ұсақ тауарлылығы. 2. Жақын туыстық шағылысуға және генетикалық құндылығының төмендеуіне әкелген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының қалыс қалуы және жүйесінің болмауы; 3. Азық базасынң төмендігі, 1 шартты басқа бүгінгі таңда 24 азық өлшемінен келсе, қажеттілік 32 азық өлшемін құрайды. Сонымен қатар, азықтандыру рационы шырынды азықтардың болмауы есебінен құнарланбаған. Осы себепті, ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық әлеуеті толық негізде көрінбеуде. 4. Жайылымдық алқаптардың жүйесіз қолданылуы олардың тозуына әкелді. 5. Жайылымдарды суландыру жөнінде тиімші шаралардың болмауы. 6. Арнайы етті тұқымды малдардың санының аз болуы және асыл тұқымдық ұяның қуаттылығының аз болуы. Бүгінде елімізде олардың жалпы саны 122 мың басты құрайды немесе 1990 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз. Ал тұқымды малдың үлесі 5,6% құрайды, 1990 жылы бұл көрсеткіш 43% құраған. Шабындық алқаптардың шаруашылықтар арасында бөлініп кетуіне байланысты оларды қолдану жүйесі бұзылып, құрылымдық жағдайы өзгеруде және олардың тозуы байқалуда. Лиманды суарылатын шабындықтар алқабы 1991 жылдан бері 20% азайған, ал осы кезеңде жақсартылған шабындықтар 2,5 есе кеміді. Лиманды суарылатын және жақсартылған шабындықтардың өнімділігі күрт азайды. Алайда соңғы жылдары суланатын алқаптардың көлемі күрт азайып барады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде жайылымдар тозып, шөлге айналуда және мал азығы базасын қалыптастыруға кері әсер етуде. Елді мекендерден шалғай орналасуы және басқа да себептермен жайылымдар қолданылмай келеді. Шөлейт және шөлді жерлерде малды жүйесіз бағу нәтижесінде олардың көбі тозған. Тозған жайылымдар қатарына көпжылдық шөптер жайылымдардың біржылдық және улы шөптерге ауысқан алқаптар да жатады. Бүгінгі таңда 188,4 млн. га жайылым алқаптан 70 млн. га қолданылады. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Сонымен қатар, қолданылатын жайылым алқаптардың жартысынан көбі тозған. Мал басын толық мал азығымен қамту үшін 30 млн. га жайылымды 3,5 мың бұрын қолданылған құдықтарды қалпына келтіру есебінен қолданысқа енгізу қажет. Бұл ретте, шахталы құдықтарды қалпына келтіру нақты жобаларды жүзеге асыру есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Азық өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі 2,5 мың гектар жердегі азық дақылдар аумағын қолданылмайтын жерлерді шаруашылық айналымына енгізу есебінен 5 мың гектарға жеткізу қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көбі бос жатыр. P.S. Осы ақпаратпен Сізді мазалап жүрген кез келген басшыны орнына қоюға болады.
Пазылбек, мал шаруашылығын дамыту бойынша ой-пікірлеріңізбен бөлісіп, аталмыш саланың өркендеуіне кедергі болып отырған мәселелерді көрсетіп, ұсыныстарыңызды оқырмандарымызға жеткізіп отырғаныңызға үлкен рахмет! Сіздей ел болашағын ойлап жүрген азаматтарымыз аман болса, ауыл халқымыздың тек рухани және мәдени діңгегі емес, сонымен қатар сарқылмас байлық көзіне айналатынына сенімім мол.
4/27/11, 13:14
Науханов Нурлыбек
Ассалаумағлейкум Айтбай Қабыкешұлы. менін сізге деген сурағым Қазақстандағы кейбір жоғары оқу орындары өз университет олимпиадаларын откізеді. Ал, сіздің университетте бұндай шара барма?
Университетте пәндік олимпиада химия, физика, және биология пәндері бойынша жыл сайын ауылдық мектептерінің 11 сынып оқушылары арсында өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты ауылдың мектеп түлектеріне қолдау көрсету, себебі олимпиада жеңімпаздары университет ректорының грантына ие болуға мүмкүндік береді. Анықтама үшін тел: 8 (701) 31 75 56