Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/8/11, 19:59
Назымов Айбол
Мен бірінші курс энергетикалық факультеттің студентімін. Алла жазса бірінші семестрді өте жақсы бітіруге тырысамын.ЕНТ-дан 110 бал,ал орыс тілсіз 88 бал алғанмын. Ректордың грантына немесе мемлекеттік грантқа үміттене аламын ба? Ол үшін қандай құжаттар қажет?
Құрметті, Айбол! Университетте ақылы келісім-шарт негізінде оқитын студенттер мемлекет тарапынан босаған білім гранттарына үміттене алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітіліген «Білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1. Білім және ғылым министрлігі ашық конкурс жариялайды. 2. Жоғары оқу орны білім алушының мынадай құжаттарын ұсынады: өтініш және барлық оқу кезеңі ішіндегі үлгерімінің орташа балы көрсетілген ректор растаған оның оқу карточкасының немесе транскриптінің үзіндісі. 3. Комиссия конкурсқа қатысатын студенттердің үлгерім көрсеткіштерінің жиынтық ведомосын қарайды және білім беру гранттарын береді. 4. Комиссияның шешімі негізінде Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарын беру туралы бұйрығын шығарады. Конкурс туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады. Барлық сұрақтар бойынша энергетикалық факультет деканатына және Тіркеуші кеңсесіне хабарласа аласыз.
12/6/11, 21:17
Жұмахан Ақжамал
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Жұмахан Ақжамал энергетика факультетінің 1 курс студентімін. Қазіргі кезде Қазақ агротехникалық университетінде ақылы бөлімде оқып жатырмын. Отбасымда 4 бала, көп балалы жанұяданмын. Үлкен апам университетте оқиды, сіңлім келесі жылы 11 сыныпты бітіреді. Сізге қояр сұрағым мен 1-ші семестрден кейін грантка ауысуға мүмкіндігім бар ма және грант бар, жоғын қайдан білуге болады? Және грантка арыз тапсырғаннан кейін үміткерлердің арасында әлеуметтік статусы бар студенттер қарала ма және грантқа ауыстыратын Министрлік па әлде сіздер ауыстырасыздар ма? Рахмет!
Құрметті Ақжамал! ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011-2012 оқу жылының қысқы сессия қортындысы негізінде оқуға түсу жылын ескере отырып, мамандықтар, оқытудың нысандары мен мерзімдері бөлінісінде Республика бойынша босаған білім беру гранттарына 15 қаңтарға дейін ашық конкурс жариялайды. Босаған білім беру гранттарын тағайындау барысында бірінші студенттің оқу үлгерімі қаралады, оқу үлгерімі тең болған жағдайда қосымша әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Университет білім беру грантын тағайындауға ақылы негізде оқитын үміткерлердің құжаттарын ҚР Білім және ғылым министрлігіне 25 қаңтарға дейін ұсынады. Қысқы емтихан сессиясын ойдағыдай тапсырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан болатын мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурсқа қатысуыңызға болады. Конкурсқа қатысу үшін өзіңіз оқитын факультет деканатына: ҚР Білім және ғылым министрінің атына жазылған өтінішіңізді, жеке куәлігіңіздің көшірмесін, оқу кезеңі ішіндегі үлгеріміңіз туралы транскрипт және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаларыңызды өткізуіңіз керек (жетім бала, ата-анасы немесе өзі мүгедек болса, көп балалы отбасынан немесе толық емес отбасынан шыққан жағдайда). Қосымша ақпарат алу үшін 619 кабинет тіркеуші кеңсесіне хабарласа аласыз. Телефон 39-75-08.
12/4/11, 21:17
Жандос
Сәлеметсізбе Күрішбаев мырза! Сайлауға байланысты студенттерге демалыс беріледі ме?
Құрметті Жандос! 2012 жылғы 15 қаңтар ҚР Мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлау жексенбі – демалыс күніне сәйкес келгендіктен, студенттер бұл күні демалады.
12/2/11, 21:01
Еламан
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы.Мен Тоқтар Еламан ВиТЖ факультетінің Балық шаруашылығы мамандығының 1 курс студентімін.Сізге қояр сұрағым.Бізге деканаттан оқудын қалған 50% 5 желтоқсанға дейін төлендер деп жатыр, төлемесендер сессияға кірмейсіндер н/е оқудан шығасындар дейді.Бірақ менін қазіргі уақытта мұндай ақшаны төлеуге мүмкіндігім болмай тұр, сол себептен мен сізден сұранатыным мен оқудын 30% 5 желтоқсанға дейін төлесем ал қалғанын 20% қаңтар айында төлейге болама.Оқудын жалпы төлем ақысы 250 000 тг, оның 125 000 тг мен оқуға түсер кезде төлегем.Рахмет сізге!!!!
Құрметті Тоқтар! Сізге 2011 жылғы 2 желтоқсанда жазылған өтінішіңіз бойынша төлем ақының 2011 жылғы 5 желтоқсанға дейін 30%, ал қалған 20% 2012 жылдың қантар айында төлеуге рұқсат берілді.
12/1/11, 23:44
Кабиров Нұрбол Маратұлы
Саламатсыз ба Құрметті А.Қ. Күрішбаев! мен осы КазАТУ-ң 1 курс студентімін. Кояр сурагым: менин досым КазАТУ-ға келісім шарт негізінде түскісі келеді. 2. 05В073200-«Стандарттау, метрология және сертификаттау» 3. 05В072400-«Технологиялық машиналар және жабдықтар» 4. 05В071300-«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» 5. 050901-«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» 6. 05В072800-«Өңдеу өндірістерінің технологиясы» осы мамандықтардың жылына төленетін бағасын білейін деп едім, және оқуға түсер кезде экзамен тапсырады ма? қандай документтер керек? жауап беруінізді сұраймын! Рахмет!
Құрметті Нұрбол Маратұлы! Университетке талапкерлер оқуға мемлекеттік білім гранттары негізінде және ақылы келісім-шарт бойынша қабылданады. Оқуға ағымдағы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ағымдағы жылдың мектеп түлектері үшін), Талапкерлердің кешенді тестілеуінен (мектепті алдыңғы жылдары бітірген оқушылар мен колледж түлектері үшін) өткен, тестілеу нәтижелері бойынша 50 балл, келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен (мамандыққа байланысты), оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес, ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған қатысушылар қабылданады. Сұрағыңызда көрсетілген мамандықтардың төлем ақысы 2011-2012 оқу жылында 246,6 мың теңге құрайды. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Анықтама телефондары: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
12/1/11, 13:16
Ерманова Гулайхан Еркінқызы
Сәлеметсізбе! Мен Шымкент Аграрлық Колледжін қызыл дипломмен ақпан айында \"Техник-механик\" мамандығын бітіремін. Сізден сұрайын дегенім: 2012 оқу жылында ҚазАТУ-ға қалай грант арқылы оқуға түсуіме болады? ҰБТ-дан бөлек. Немесе қандай женілдіктер бар?
Құрметті Гулайхан! Университетке талапкерлер оқуға мемлекеттік білім гранттары негізінде және ақылы келісім-шарт бойынша қабылданады. Оқуға ағымдағы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ағымдағы жылдың мектеп түлектері үшін), Талапкерлердің кешенді тестілеуінен (мектепті алдыңғы жылдары бітірген оқушылар мен колледж түлектері үшін) өткен, тестілеу нәтижелері бойынша 50 балл, келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен (мамандыққа байланысты), оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес, ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған қатысушылар қабылданады. Кәсіптік техникалық білімі негізінде талапкерлер колледж мамандығына сәйкес келетін жоғары білім мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша ҰБТ мен ТКТ-сіз оқуға қабылдануға құқылы. Қысқартылған бағдарламаға мемлекет тарапынан гранттар бөлінбейді. Оқу бағдарламалары тек ақылы келісім-шарт негізінде ұсынылады. Егер де Сіз грант арқылы оқуға түскіңіз келсе, онда 2012 жылы талапкерлердің кешенді тестілеуін жемісті тапсырып, қажетті балл мөлшерін жинап, мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуыңызға болады. Анықтама телефондары: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).