Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/13/11, 09:26
Лайлим Насриденова
Салеметсізбе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Насриденова Лайлим Мәлікқызы \"өңдеу өндірістерінің технологиясы\" техникалық факультетінің 1 курс студентімін.Менің білгім келген сұрағым осы қысқы аттестациялау кезінде дене тәрбиесі пәні бойынша алған балым томен болған жағдайда, степендия алу мумкіндігінен айырылып каламынба?Алдын ала рахмет !
Құрметті Ләйлім! Дене тәрбиесі пәні бойынша алған бағаңыз стипендияңызға әсер етеді. Осы пәннен төмен балл жинаған студенттерге сессияның аяғына дейін бағасын көтеруге мүмкіндік беріледі.
12/12/11, 20:52
Оразтаева Мадина
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен энергетикалық факультетінің 1 курс студентімін. Қазіргі кезде ақылы бөлімде оқып жатырмын. Жартылай отбасынанмын, менің анам келесі жылы зейнеткерлікке шығады. 1 семестрден кейін мемлекеттік грант алуым мүмкін бе? Және ол үшін не істеу керек? Егер мемлекеттік грант алмай қалған жағдайда ректорлық грант алуыма мүмкіндік бар ма? Және қандай талаптарды орындау керек? Сұрақтарыма жауап беруіңізді сұраймын. Рахмет!
Құрметті Мадина! Университетте ақылы келісім-шарт негізінде оқитын студенттер босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміттене алады. Қысқы емтихан сессиясын ойдағыдай тапсырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан болатын мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурсқа қатыса аласыз. Ол үшін өзіңіз оқитын факультет деканатына ҚР Білім және ғылым министрінің атына жазылған өтінішіңізді, жеке куәлігіңіздің көшірмесін, оқу кезеңі ішіндегі үлгеріміңіз туралы транскрипт және толық емес отбасынан екендігіңізді растайтын анықтамаларыңызды өткізуіңіз керек. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №19-2/414 бұйрығына байланысты университеттің таза табысынан бөлініп келген ректор гранты 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап тоқтатылды. Қосымша ақпарат алу үшін 619 кабинет тіркеуші кеңсесіне хабарласа аласыз. Телефон 39-75-08.
12/11/11, 21:36
Аман Шынтас Сейдахметулы
Саламатсыз ба Құрметті А.Қ. Күрішбаев.Мен Казіргі уақытта Орал қаласындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының 1-курсында ақылы бөлімінде оқимын.Болашақтың қаласы Астанада іргесі биік университеттің бірі-ҚазАТУ да білімімді жалғастырғым келеді. Сондықтан осындай үлкен қадамға барып отырмын.1 семестрді аяқтап сіздін университетіңізге ауысқым келеді.Сізден білгім келетіні:1) Қандай құжаттар керек?Қай уақыт аралығында тапсыру керек?2)Оқу ақысының қанша пайызын төлеймін?3) Жатахана берілеме?4)Егер грант бөлінген жағдайда конкурсқа түсе аламын ба? Назар бөлгеніңізге көп-көп рахмет!
Құрметті Шынтас! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс кезінде жүзеге асырылады. Біздің университеттегі оқу үрдісінің кестесіне сәйкес қысқы демалыс қаңтар айының 1 мен 15 аралығы. Ауысу үшін төмендегідей құжаттар қажет: - Өзіңіз оқып жатқан жоғары оқу орны басшысының қолы қойылып, оқу орнының мөрі басылған өтініш; - Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификаты мен оқу орны лицензиясының көшірмелері - Транскрип (түп нұсқасы) Одан бөлек: 1. Оқу ақысы оқу жылының екінші жартысының басында төленеді, яғни 50%. 2. Жатақхана бірден берілмейді. Босаған орынға кезек бойынша қаралып шешіледі. 3. Білім беру гранттары бойынша бос орындарға конкурсқа қатыса аласыз.
12/10/11, 22:32
Бергенбек Казыбек
Саламатсызба Куришбаев А мырза мен жатакхана маселеси жаили сизди мазалап жатирм кеширим сураим бирак ЖКа 2 рет каралдим бирак киргизбеди оси жагдаиди озиниз жеке карап корсениздим колиниз бос емес екенинде билем бирак 30 мин уакитинизди болсениздим егер жатакханага киралмасам каиттан Кызлордага ауысасын депжатыр ата-анам мен аграрнида окигим келет ауыскым келмит
Құрметті Қазыбек! Сіз университеттің студенттік жатақханаларының ішкі тәртіп ережесін өрескел бұзғаныңыз үшін жатақханадан шығарылдыңыз. Мұндай өрескел тәртіп бұзушылықтан (балағат сөздер айту) кейін сізді жатақханаға қайта орналастыра алмаймыз.
12/8/11, 21:50
Алимкулов Елнур Базылбекұлы
Құрметті А.Қ: Күрішбаев мырза! сізге сауалым. Биыл сіздерге қанша грант бөлінді. және республикалық конференцияда маган қолдау көрсетіп Жазған доклатымды оқып адал шешім шыгарасыз. Доклаттың тақырыбы \"Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасынан бала асырап алу\" көрінзші және бұл доклат осы желтоқсанда жіберілуі мүмкін.
Құрметті Елнұр! Биылғы жылы университетке 37 мамандық бойынша 1 курсқа күндізгі бөлімге 2441 студент қабылданды, оның ішінде 868-і мемлекеттік білім гранттары негізінде оқуға түсті. Мемлекеттік білім гранттары жоғары оқу орындарына бөлінбейді, грант конкурсы нәтижесінде жеңімпаз атанған талапкерлерге тағайындалады, ал талапкерлер конкурсқа қатысуға өтініш білдірген кезде өзінің таңдаған мамандықтары бар жоғары оқу орындарын алдын ала көрсетеді. Сіздің баяндамаңыз қандай Республикалық конференцияға жіберілгендігі жөнінде айтылмағандықтан, нақты жауап бере алмаймыз. Оқуға қабылдау жөніндегі сұрақтарыңызды қоңырау шалу арқылы қабылдау комиссиясының телефондарына (8-7172-31-75-56) немесе электрондық поштасына (711_12@inbox.ru) жолдай аласыз.
12/8/11, 20:53
Жігер
Сәлеметсізбе Күрішбаев мырза! Мен КазАту колледжінің 1-курс студентімін. Қазір біз яғни колледж корпус аралап оқимыз, сізден сұрайын дегенім біз қашан болек корпус бересіздер?
Құрметті Жігер! Техникалық факультеттің жаңа ғимаратының құрылысы 2007 жылы басталған. Дағдарыс кезеңі аталмыш нысанның құрылысының жүруіне де кедергісін тигізді. Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы құрылыс жұмыстарын жалғастыру мақсатында тиісті шаралар жүргізді. Aтап айтқанда мердігердің жұмысы сотта қаралды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы алу мәселесі шешілді. Бірақта өздеріңіз байқағандай соңғы уақытта жұмыс қарқыны бәсеңдеп, нысанның пайдалануға берілу мерзімі кешіктірілуде. Осыған орай, үстіміздегі жылдың қараша айында мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И.Аман мырзамен кездесу өткіздім. Министрлік басшысы тарапынан құрылыс жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтап, нысанды мерзімінде пайдалануға беруге қатысты барлық шараларды қолданатынын уәде етті. Біздің талабымызға сәйкес жұмыс кестесі жасалды. Аталмыш нысанды қабылдау-тапсыру бойынша жұмыс комиссиясы бірқатар кемшіліктердің барын анықтады. Бұл кемшіліктерді мердігер – «GREATIVE GROUP SHVGYLA» ЖШС жою қажет болатын. Өкінішке орай, біздің күнделікті қадағалауымызға қарамастан, жұмыс қарқыны баяу жүргізілуде. Мердігер жұмыс кестесіне сәйкес үлгермей, нысанды Мемлекеттік комиссияға тапсыру мерзімін кешіктіріп отыр. Осы жылдың 6-шы желтоқсанында ҚР АШМ-нің Жауапты хатшысы Е.Аман мердігер қызметкерлерінің, университет профессорлары мен мамандарының қатысуымен өткізген жиналысында мердігерге 2011 жылдың аяғына дейін нысанның құрылысын аяқтауды талап етіп, қатаң тапсырма берді. Аталған оқу ғимаратының жұмыс тапсырушысы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болғандықтан, нысанды біздің қалауымызша бітіруді талап етуге құзырымыз жүрмейді. Осы мәселенің тез арада шешілуі бәріміз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Сондықтан университет басшылығы осы мәселенің оң шешілуі үшін құзырына сәйкес барлық іс шараны жасайды.