Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/28/11, 18:14
Бергенбек Казыбек Нұрбекұлы
Құрметті А.Қ Күрішбаев мырзаға өтініш.мен ҚАЗАТУ де экономика фак-де 1 ші курс студентімін. 15 қарашада 2 б жатақханасында өз болмемде жаман сөз айтып ұсталып қалдым, себебі мен сабақ оқып жатқан едім, қасымдағы бала гитарамен ойнап отырды, шыдамай айтып қойдым. егер жатақханадан шығарса, менін барар жерім жоқ кв жалдауға қаражатым жоқ. платныйда оқим әкем қатты науқас, анам жумыссыз.оқу ақшасына келсек туысқандарым көмектесіп жатыр. өтінем мені жатақханада қалдыруынызды сұраймын, әке шешем маған үміт артып отыр. өтінем өтінем
Құрметті Қазыбек! Сіз университеттің студенттік жатақханаларының ішкі тәртіп ережесін бұзғаныңыз үшін жатақханадан шығарылдыңыз. Сіз алдымен өтініш жазып, 01.12.2011 жылы сағ.18:00-де болатын тұрғын үй комиссиясының отырысына келуіңіз қажет. Мәселеңіз сол жерде қайта қаралатын болады.
11/28/11, 15:02
Рысқұлбек Алтынай Қадырбекқызы
Саламатсыз ба? Архитектура мамандығына қалай оқуға түсуге болады?
Құрметті Алтынай! «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер шығармашылық емтихандар: «Сурет» және «Композиция» тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінен екі пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. Қосымша сұрақтармен мына телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
11/25/11, 20:12
Дастан
Құреметті, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен университеттиң төртінші курс студентімін. Жатақханадан былтыр белгілі себептермен шыгып кеткенмін. Оған өзім кінәлімін. Бірақ ішімдік ішіп, темекі шегіп, төбелес шығарғаным жоқ. Басқа да жатақхана тәртібін сақтамағаным үшін. Менің білуімше университетте биыл ауғаныстаннан студенттер оқуда. Олардың тәртіпке бағынуы қиын екенін және де бірнеше рет өрескел тәртіп бұзғанын білемін. Соған қарамастан, бәріне көз жұмып оларды ең таңдаулы 2 \"а\" жатақханасынан орын беріпті.менің жасаған \"қылмысымның\" қасында олардың қателіктері әлдеқайда жоғары. Әділдік қайда. Неге олардың қателіктері көзге көрінбейді. әлде байқамағандай боламыз ба? Тәртіп бәріне бірдей болуы шарт. Мен әділдікті қалаймын. Жауап күтемін.
Құрметті Дастан! Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарты негізінде Ауған азаматтары оқу орнымызда білім алуда. Бұл студенттерді оқу жылының басынан бастап университетіміздің №2А жатақханасына орналастырған болатынбыз. Ия, олар басқа елдің азаматтары болғандықтан, көптеген түсінбеушіліктердің орын алғаны белгілі. Олардың жатақханадағы ішкі тәртіп ережесін бұзу фактілеріне қатысты жұмыстар жүргізудеміз. Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігіне бұл жөнінде хат та жолданды. Үстіміздегі жылдың 2 желтоқсанында Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігі өкілдерімен арнайы кездесу өткіздім. Елшілік өкілдеріне біздің қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріміз туралы түсінік бердім және ауған азаматтарының осы тәртіпке бағынуларын қадағалау тапсырып, қатаң түрде шара қолдану қажеттігін айттым. Егер алдағы уақытта осы студенттер тәртіпке бағынбайтын болса оқудан шығарылады.
11/23/11, 12:08
Есбосынова Айнура
Сәлеметсіз бе? Мен талапкермін. Менің сіздің Университетке түсу үшін қанша балл алуым керек?
Құрметті Айнура! Университетке талапкерлер оқуға мелмкеттік білім гранттары негізінде және ақылы келісім-шарт бойынша қабылданады. Оқуға ағымдағы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ағымдағы жылдың мектеп түлектері үшін), Талапкерлердің кешенді тестілеуінен (мектепті алдыңғы жылдары бітірген оқушылар мен колледж түлектері үшін) өткен, тестілеу нәтижелері бойынша 50 балл, келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен (мамандыққа байланысты), оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес, ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған қатысушылар қабылданады. Анықтама иелефондары: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
11/22/11, 21:06
Дакиярова Бақытгүл мияққызы
Саламатсыз ба! Физика пәнін таңдаған жағдайда қандай мамандық иесі бола аламын?
Құрметті Бақытгүл! Физика пәнін таңдаған жағдайда Сіз біздің университетке компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру, техникалық және энергетикалық факультеттердің келесі мамандықтарына оқуға түсе аласыз: «Ақпараттық жүйелер», «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Жылу энергетикасы», «Электр энергетикасы», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Аграрлық техника және технологиялар», «Кәсіптік білім», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
11/22/11, 15:56
Нұржан
Сәлеметсіз бе?Егер де мен қазір оқып жатқан университетімде әскери кафедраға жазылсам,кейін ауысатын кезде әскери кафедраны тастап кетсем бола ма?Солай сіздерге ауыса аламын ба?Әлде әскери кафедраға жазылсам міндетті түрде соны аяқтау керек па?Келесі жылы сіздерге ауысатын болсам,кафедраға жазылмағаным дұрыс па?
Құрметті Нұржан! Егер мамандығыңыз әскери есеп мамандықтары қатарына жатса және университеттің әскери кафедрасында бос орын болса бізге ауыса аласыз. Сондықтан оқып жатқан университетіңіздің әскери кафедрасына жазыла берсеңіз болады.