Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/20/11, 18:32
Карiбай Нурбек Алибекулы
Ассалаумагалейкум! Акылбек Кажыгулулы мен 1курс битиргесин академиялык отпуск алганмын денсаулыгыма байланынсты.казир 2 курс окып журмин бирак стипендия берилмейди.1курста емтихандарымды жаксы жапканмын.неге стипендия берилмейтинин билгим келгени?
Құрметті Нұрбек! Университеттің 27.08.2011 жылдың № 1416 Бұйрығына сәйкес, Н.А. Кәрібай академиялық демалыстан қайтарылған. ҚР Үкіметінің 07.08.2011 жылғы №116 өкімінің 14 тармағында «Академиялық демалыстан қайтарылған студенттерге арнайы ережеде бекітілген кезектегі емтихан сессиясының қорытындысы бойынша мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады» деп көрсетілген. Сондықтан мемлекеттік шәкіртақы қысқы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тағайындалады.
11/18/11, 13:50
Нұржан
Сәлеметсіз бе?Мен Коркыт Ата атындағы университеттің, есеп және аудит мамандығының 1 - ші курс студентімін.Сіздерге сұрағым:егер мен осында әсекри кафедраға жазылсам,келесі жылы сіздердің университеттеріңізге ауыса аламын ба?Естуім бойынша әскери кафедра кедергі болуы мүмкін дейді..Алдын ала сіздерге рахмет!
Құрметті Нұржан! Бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу және оқуға қайта қабылдану ережелеріне сәйкес, Сіз біздің университетке бір академиялық кезеңнен (семестр, оқу жылы) кейін демалыс уақыты кезінде ауыса аласыз. Қорғаныс министрлігінің 14.12. 2010 ж. № 947 бұйрығына сәйкес «Есеп және аудит» мамандығы әскери дайындық жүргізілетін мамандықтар қатарына жатпайтынын ескертеміз. Егер де Сіз аталған жоғары оқу орнында әскери кафедраға қабылданған болсаңыз, біздің университеттің әскери кафедрасына тек бос орындар болған жағдайда ғана қабылданасыз. Оның үстіне Қорғаныс министрлігінің рұқсаты керек. Себебі әскери дайындыққа бөлінген орындарға 1 курс студенттерін қабылдау осы оқу жылының бірінші жартыжылдығынан кейін жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы), 393-849 (әскери кафедра) және 317-566 (экономика факультетінің деканаты).
11/17/11, 10:34
Ыбраев Жігер
саламатсызба Аќылбек Ќажыєўлўлы,мен жерге орналастыру факультетініѕ 3-курс студентімін,меніѕ білгім келгені осы жерге орналастыру мамандыгы бойынша Новосибирск ќаласындагы жоєарєы оќу орнына білім грантын саќтай отырып,соѕєы жылымды сол университтетте бітіруге мїмкіндік барма? Егер мїмкіндік болатын болса, жолдама конкурс негізінде жїргізілеме?Рахмет
Құрметті Жігер! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі тағайындаған білім беру гранты шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында жарамсыз болып табылады. Сондықтан Сіз Новосібір қаласындағы жоғары оқу орнына ақылы негізде ауыса аласыз. Университет Сібір мемлекеттік геодезия академиясы, Сібір мемлекеттік информатика және телекоммуникациялар университеті, Новосібір геодезия инженерлері, аэрофототүсірілім және картография институты, Новосібір мемлекеттік аграрлық университетімен келісімшартқа отырған. Сондықтан, тек 4 курстан кейін магистратураға құжаттарыңызды тапсырып, конкурстық негізде түсе аласыз.
11/16/11, 14:28
Анар
Салеметсизбе?мен денсаулыгыма байланысты УБТ га бара алмагам сиздерде осы жагдайда кандай да бир женилдиктер немесе мумкиндиктер бар ма екен?
Құрметті Анар! Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмай қалған немесе өтпей қалған азаматтар, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген жағдайда, келесі жылы талапкерлердің кешенді тестілеуіне қатысуға құқылы. Кешенді тестілеу келесі төрт пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты). Қосымша ақпараттарды келесі номерге қоңырау шалу арқылы біле аласыздар,тел: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
11/15/11, 18:27
Аноним
Саламатсізба! Менім қояр сұрағым, осы естуім бойынша грантта оқыйтын балада кемінде сессиядан үш үші болса грантынан айырылады деген рас па???
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студент емтихан сессиясында үш үші болса да грантынан айырылмайды. Алайда, емтихан сессиясы қортындысы бойынша академиялық қарызы болса және оны жоймаған жағдайда білім беру гранты негізінде оқитын студент ақылы келісім-шарт негізінде курсты қайта оқуға қалдырылады.
11/13/11, 21:15
Гулжайна
Салематсыз ба!Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы!Мен техникалық факультетинин 1курс студенти Жумагазина Г. менин сизге кояр сурагым биздин универде Ректордын гранты барма?жане акшалай оку болиминен тегин оку ягни грантта оку болимине калай ауысуга болады?оган конкурска тусу ушин не истеу керек?
Құрметті Гүлжайна! ҚР АШМ-нің 2011 жылғы 22 шілдедегі №19-2/414 бұйрығына байланысты университеттің таза табысынан бөлініп келген ректор гранты 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап тоқтатылды. Бірақ қысқы емтихан сессиясын ойдағыдай тапсырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан болатын мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурсқа қатыса аласыз. Ол үшін өзіңіз оқитын факультет деканатына ҚР Білім және ғылым министрінің атына жазылған өтінішіңізді, жеке куәлігіңіздің көшірмесін, оқу кезеңі ішіндегі үлгеріміңіз туралы транскрипт және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаларыңызды өткізуіңіз керек (жетім бала, ата-анасы немесе өзі мүгедек болса, көп балалы отбасынан, немесе толық емес отбасынан шыққан жағдайда).