Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/4/11, 14:46
Сариева Бахыт
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің балам агрофактың 1 курс студенті.Кезінде жатақхана ала алмай қалды.Қазіргі кезде қатты қиналып жүр.Астана қаласында ешқандай туыс-тума жоқ.Қазір бөлме жалдап тұр.Бұл жағдай баламның оқуына әсер ете ма деген ойдамын.Мен өзім 5 баланың анасымын.Менің көп балалы ана екенімді ескеріп,жатақхана алуға көмектесуіңізді сұраймын.Жатақхана алуға мүмкіншілік бола ма? Алдын ала сұрағыма жауап бергеніңіз үшін рахмет айтамын.
Сәлеметсіз бе, Бахыт! Сіздің балаңыз жатақханаға орналасу үшін алдымен өтініш жазып, көп балалы отбасынан шыққаннын растайтын анықтамасын ала отырып, университеттің тұрғын-үй комиссиясына келуі қажет. Тұрғын-үй комиссиясы туралы ақпаратты 31-75-73 телефоны арқылы біле аласыз.
11/3/11, 10:45
Тасболатов Еркін
Ассалаумагалейкум құрметті Ақылбек Қажығұлұлы,менің қарындасым 3 курс студенті ақылы түрде оқиды .Оқуының ақысын әкесінің жұмысы толейд, қазіргі күнге дейін осы үстіміздегі оқу жылына төлейміз деген кепіл хат жіберілген 100 пайыз төлеуге . Соган қарамастан деканат менің қарындасымды осы аптаның сенбі күніне дейін 50 пайыз төлемесең оқудан шығарамыз деп тізімге жазып қойыпты. Сізден өтініш осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын . Көңіл бөлгеніңізге рахмет !
Сәлеметсіз бе, Еркін! Шығындардың толық қайтарымымен бакалаврларды мақсатты дайындау келісім-шартына сәйкес, студент жыл сайын оқу ақысын оқу жылының алдында төлеу керек. Университеттің шотына студенттің оқу ақысы төленгені туралы «ҚазГерМұнай» ЖШС-нен қаражат түскен жоқ. Сол себептен деканат студентті оқудан келісім-шарт негізін бұзғаны үшін оқудан шығаруға құқылы.
11/2/11, 20:25
Azamat *****
Ассалаумағалейкум Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы,сізге қоятын сұрағым:мен Ақтөбе қаласындағы \"Ақтөбе мемлекеттік Құдайберген Жұбанов\" атындағы университетінде оқыимын,\"Тау кен ісі\" мамандығында,сұрағым:осы мамандықпен немесе басқа мамандыққа сізге грантты сақтап ауысуыма болама?
Сәлеметсіз бе, Азамат! Біздің университет «Тау кен ісі» мамандығы бойынша мамандарды дайындамайтындығын хабарлаймыз. Алайда, Сіз қысқы немесе жазғы демалыс уақыты аралығында университетіміздің басқа мамандықтарына ақылы келісім-шарт негізінде ауыса аласыз.
11/1/11, 14:07
jakai nurcha
salemetsiz! kewiriniz tagi suragim bar.kewendi testini kaida tapsirad univerdin iwinde ma?alde UBT ga?kanwa bal alu kerek? eger algan balim jetpese????sizge tagida kop kop rahmet!!!!!
Қабылдау мәселелері бойынша қабылдау комиссиясының телефондарына қоңырау шалып, хабарласыңыз. Телефондар: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
11/1/11, 00:31
Ташимов Бекболат
Сәлеместсізбе Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы! Жұмысыңызға сәттілік. Қоятын сұрағым: мемлекеттік білім грантын арыз жазу арқылы бір студенттен екінші студетке беруге болады ма? Осы жайлы толық жауап беруіңізді өтінемін...
Сәлеметсіз бе, Бекболат! Сіздің сауалыңыз бойынша мемлекеттік білім беру гранты бір студенттен екінші студентке өтініш жазу арқылы берілмейтіндігін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына сәйкес білім беру грантының иегері гранттан бас тартқан жағдайда конкурстық негізде көзделген тәртіппен осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі.
10/31/11, 14:39
Жакай Нурча
selemetsiz!!!men povlador oblisinin krasnoarmeika agrarli tehnikalik kolledjde permer uimdastiruwi mamandikta vzdik okiym.2nwi kurs 2013 de bitirem alla kalasa kizilmen bitirem.sizderdin univerde EKONOMIKA mamanina tuskim keled!sol vwin UBT tabsiru kerek be?kandai panden emtihan alad?grand bolama???sizge kop kop rahmet!!!!!
Университетіміздің «Экономика» мамандығына оқуға түсу үшін Сізге 2013 жылы талапкерлердің кешенді тестілеуін тапсыруға тура келеді, себебі колледжді аяқтаған түлектер өздерінің алған орта кәсіптік және техникалық мамандығына сәйкес емес мамандыққа оқуға түсуге ниет білдірген жағдайда міндетті түрде кешенді тестілеуге қатысу керек. Кешенді тестілеу келесі төрт пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және таңдау бойынша пән. Сіздің жағдайыңызда «Экономика» мамандығы бойынша таңдау пәні ретінде география болып табылады. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).