Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/12/11, 16:40
Арман
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы. Бізге Қаз.тарихынан лекция оқитын Аппазов деген оқытушы. Ол көбінесе сабақ өткізбей, орнына заменге басқа оқытушыларды жібереді. Ал келген оқытушылар бізге сабақты жаздыртпай дін туралы айтып кетеді. Әр сабақта әртүрлі оқытушылар келеді. Бізге Қаз.тарихынан мем.емтихан болады екен. Сондықтан да сізден бізге Аппазовтың орнына басқа мұғалімді жіберуіңізді сұраймыз. Аппазовтың білім деңгейі өте төмен. Сабақта ол өзінің каф.меңгерушісі екенін айтып, любой проблеманы шешіп беремін деп мақтанады. Ал біздің алдымызда мем.емтихан келе жатыр.
Құрметті Арман ! Сіздердің көтерген мәселеріңіз өте орынды. Оқытушының ең басты жұмысы кестеге сәйкес тиісті сабақтарды өткізу. Сіздердің келтірген деректеріңіз бойынша бірніші проректор А.Әбдіровтың басшылығымен тұрақты жұмыс істейтін арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия тек А.Аппазовтың ғана емес, басқа да оқытушылардың жұмысын сараптайды. Егер шағымдарда көрсетілген деректер анықталып, кемшіліктердің орын алғаны расталса комиссия мүшелерінің қортындысына сәйкес тиісті оқытушыларға шара қолданылатын болады.
11/11/11, 16:04
Бақыт Ахметова және бір топ студенттер
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы. Бізге Қазақстан тарихы пәнінен беретін Аппазов деген оқытушының орнын басқа оқытушымен ауыстыруыңызды сұраймыз. Себебі Аппазов үнемі сабақ өткізбей, орнына басқа оқытушыларды жібере береді. Әр сабаққа әртүрлі оқытушылар келеді. Келген оқытушылар сабақ өтпей, әңгіме айтып отырады. Ал бізде алдымызда мем.емтихан келе жатыр. Сабаққа келгеннің өзінде де ол өзінің зав.кафедра екенін айтып, любой проблемены шешіп беремін деп мақтана береді.
Құрметті Бақыт! Сіздердің көтерген мәселеріңіз өте орынды. Оқытушының ең басты жұмысы кестеге сәйкес тиісті сабақтарды өткізу. Сіздердің келтірген деректеріңіз бойынша бірніші проректор А.Әбдіровтың басшылығымен тұрақты жұмыс істейтін арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия тек А.Аппазовтың ғана емес, басқа да оқытушылардың жұмысын сараптайды. Егер шағымдарда көрсетілген деректер анықталып, кемшіліктердің орын алғаны расталса комиссия мүшелерінің қортындысына сәйкес тиісті оқытушыларға шара қолданылатын болады.
11/10/11, 11:50
Нурымова Гульдана
Саламатсызба Аќылбек Ќажыєўлўлы.Келе жатќан еліміздіѕ жарќын мерекесі торќалы Тауелсіздігіміздіѕ 20 жылдыєы ќўтты болсын.Меніѕ сізге ќояр сауалым:Мен жерге орналстыру факултетініѕ 3 курс студентімін.Сабаќ улгерімім ґте жаќсы,аќылы негізде оќыєандыќтан јр семестр сайын тиісті ќўжаттарымды мемлекеттік грантќа конкурсќа ґткізіп отырдым. Отбасылыќ жаєдайларєа байланысты ата анам жўмыссыз. Ендігі жаєдайда меніѕ грант ўтып алу мумкіндігім барма? Биылєы жылы меніѕ мамандыєыма 050903 ќанша грант бґлінеді? Рахмет
Құрметті Гүлдана! Еліміздің ең басты мерекесі Сізге де құтты болсын! 2010-2011 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде 5В090300-«Жерге орналастыру» мамандығының 3 курсында босаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша бір орынға ҚР Білім және ғылым министрлігі конкурс жариялады. Университет аталған орынға ақылы негізінде оқитын 7 студенттің құжаттарын жолдаған болатын, оның ішінде Сіздің де құжаттарыңыз бар. Өкінішке орай, осы грант басқа студентке бұйырды. Биылғы оқу жылының сессиялары нәтижесінде Сіздің мамандығыңызға қанша білім гранты бөлінетіндігі мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттердің өз гранттарынан бас тартуына байланысты анықталады. Осы қысқы емтихан сессиясын ойдағыдай тапсырып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаларыңыз бен басқа да тиісті құжаттарыңызды қайта өткізіп, грант иеленуге тағы да талаптануыңызға болады.
11/8/11, 10:49
Жолдықара Нұрболат
Ассаламуғалейкум Ақылбек Қажығұлұлы. Сізді біздің универдің ректоры болуыңызбен құттықтаймын мен топырақтану мамандығында 1-курс оқимын. Сізге қояр сұрағым топырақтану мамандығы бойынша шет елде оқуға болама болған жағдайда біз қалай қабылдануға болады?
Құрметті Нұрболат! Университетіміз әлемнің 19 елімен 92 келісімшарт жасасқан. Сондықтан сіз академиялық ұтқырлық аясында шетелге оқуға бара аласыз. Ол үшін оқу орнымыздың халықаралық ынтымақтастық бөлімінде тіркелуіңіз қажет. Бөлім бас ғимаратта орналасқан, 604 кабинет, телефоны 31 77 19.
11/5/11, 18:07
Нурлыгуль
Сјлеметсіз бе Кїрішбаев Аќылбек Ќажыєўлўлы! Меніѕ балам агрофактыѕ 2 курс студенті.Кезінде жатаќханада жатты.1- курс бітіргесін жатахќанадан себепсіз айырылып ќалды.Ќазіргі кезде ќатты ќиналып жїр.Астана ќаласында ешќандай туыс-тума жоќ.Ќазір бґлме жалдап тўр.Бўл жаєдай баламныѕ оќуына јсер ете ма деген ойдамын.Мен ґзім 5 баланыѕ анасымын.Меніѕ кґп балалы ана екенімді ескеріп,жатаќхана алуєа кґмектесуіѕізді сўраймын.Жатаќхана алуєа мїмкіншілік бола ма? ек мырза?!
Сәлеметсіз бе, Нұрлыгүл! Биылғы жылы сіздің балаңыздың университет жатақханасынан орын ала алмаған себебі 1 курста жатақханада тұру ережесін сақтамаған болуы керек. Және де сіз балаңыздың аты-жөнін толық жазбағандықтан, нақты ештеңе айта алмаймыз. Сіздің ұлыңыз алдымен жатақханаға орналасу үшін өтініш жазып, университеттің тұрғын-үй комиссиясына келуі қажет. Тұрғын-үй комиссиясы туралы ақпаратты 31-75-73 телефоны арқылы біле аласыз.
11/5/11, 17:57
Рашид
Сјлеметсіз бе?Мен кґпбалалы отбасынан шыќќан едім.Ќазір 2- курс студентімін.1 - курс бітіргеннен кейін жатаќханадан шыєып кеттім.Меніѕ енді жатаќхана алуєа мїмкіндігім бар ма?
Сәлеметсіз бе, Рашид! Жатақханаға орналасу үшін алдымен өтініш жазып, университеттің тұрғын-үй комиссиясына келуіңіз қажет. Тұрғын-үй комиссиясы туралы ақпаратты 31-75-73 телефоны арқылы біле аласыз.