Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/30/11, 21:45
Baiandy Tilek
fizika panin tandasam arxitektura mamandigina tuse alamba??????
Құрметті Baiandy! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға жалпы орта білім және орта техникалық және кәсіптік білім негізінде мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін физика пәнін де, таңдау бойынша пән болып табылатын, басқа да пәндерді таңдай отырып, «Сәулет» мамандығына оқуға түсе аласыз, себебі бұл мамандық шығармашылық мамандықтар қатарына жатады, аталған бағыттағы мамандықтарға оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан (біздің университеттің «Сәулет» мамандығында «Сурет» және «Композиция» бойынша емтихандар) тапсырады, ал ҰБТ нәтижесінен 2 пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/27/11, 23:00
Серiкжан Имангалиев
Салеметсiзбе аса курметтi Ректор мырза.Сiздi кызметiнiзбен куттыктаймын.Менiн сурайын дегенiн томендегiдей едi:Мен казiр 2 курста,\"Жерге орналастыру\" кафедрасында окимын,былтыр аскери кафедрага оте алмай калып едiм.Естуiмше бiздiн корпуста окитын Архитектура факультетiнiн балалары 5 жыл окитындыктан аскери кафедрага биыл тапсырады екен,бiз солармен бiрге кайта тапсыра аламызба?Немесе аскери кафедрада босаган орындар жок па екен?Рахмет.
Құрметті Серікжан! Әскери кафедра ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесінің (одан әрі - Ереже) талаптарын басшылыққа алады. 1) Ереженің 39 т. сәйкес студенттерді әскери дайындықтан өтуге іріктеу іріктеу комиссиясымен жүргізіледі. Іріктеу комиссиясының жұмыс істеу кезеңі ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен анықталады. Іріктеу комиссиясының жұмысынан кейін студенттерді қабылдау (шеттетілген студенттердің орнына) нормативтік – құқықтық актілер талаптарына қарама-қайшы болып табылады. 2) Ереженің 37 т. сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша әскери дайындыққа тартылатын студенттер санын Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін, басқа әскерлерін және әскери қалыптастыру қажеттілігіне қарай Қорғаныс министрі анықтайды. Жоғарыда аталғандардың негізінде Сіздің әскери кафедраға іріктеуге қайта қатысуға құқығыңыз жоқ.
10/26/11, 14:04
Куан Мєнш‰к
Сєлетсізбе?Ќ±ртетті Аќылбек Ќажыѓ±л±лы.Мен Павлодар облысында аграрлы техникалыќ колледжінде 2-ші курста окимын.Алла жазса 2012 жылы пітіремін.Меніњ ќалауым сіздердіњ университетдерінізді жоѓарлатып оќу ол ‰шін ќалай мєлімет алуѓа болады.Жєне экзамин арќылы т‰суге болама?Сол жайлы біраз мєлімет жазсањыз!
Саламатсызба, Куан! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға жалпы орта білім және орта техникалық және кәсіптік білім негізінде мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт бойынша қабылданады. Орта техникалық және кәсіптік білімі бар, яғни колледж бітірген талапкерлер қысқартылған бағдарлама бойынша күндізгі және сырттай оқуға қабылданады, қысқартылған бағдарлама бойынша мемлекет тарапынан білім гранттары бөлінбейді. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде - 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл. Сондай-ақ қысқартылған бағдарламаға талапкерлерді оқуға қабылдауды жүзеге асыру жоғары оқу орындары қабылдау комиссияларының құзырында болады. Сіз өз сұрағыңызда колледжді қандай мамандық бойынша аяқтайтыныңызды көрсеткен жоқсыз, бірақ аяқтағалы отырған колледж аграрлық-техникалық бағытында болғандықтан, меңгеріп жатқан мамандығыңыз университет мамандықтарына сәйкес келеді деген үміттеміз. Ал университет мамандықтарының тізімін www.agun.kz ресми сайтында «Талапкер» бөлімінде қарап, танысуыңызға болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/25/11, 15:47
жакай нурча
men pavlodar oblis krasnoarmeikada kolledjde okim! minda kizil diplommen bitirip sizderge jogarlatsa,emtihan bermei kiruge bolama???????????????? rahmet
Саламатсызба! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға жалпы орта білім және орта техникалық және кәсіптік білім негізінде мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Орта техникалық және кәсіптік білімі бар, яғни колледж бітірген талапкерлер қысқартылған бағдарлама бойынша күндізгі және сырттай оқуға қабылданады, қысқартылған бағдарлама бойынша мемлекет тарапынан білім гранттары бөлінбейді. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде - 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл. Сіз өз сұрағыңызда колледжді қандай мамандық бойынша аяқтайтыныңызды көрсеткен жоқсыз, сондықтан Сіздің болашақта колледжде алатын мамандығыңыз университет мамандықтарына сәйкес келетіндігі немесе келмейтіндігі жөнінде мәлімет бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/25/11, 09:52
Отепова Гульбадан Маратовна
Саламатсызба Ахылбек Қажығұлұлы. Мен Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеймін. Осы университеттің түлегімін, 2006 жылдан бері жұмыс атқарамын.Сізден өтінішпен сұрайтыным қазіргі таңға дейін мен университеттің 1 жатахқанасының 12 кв бөлмесінде тұрамын. 2 кішкентай балам бар, Үлкен балам даярлықта оқиды, бөлме өте тар, ешқандай мүмкіншілік жоқ баланы оқытуға. Осыған дейін қанша өтініштер жаздым ешқандай көмек болмады.Қазіргі таңда 1 жатақханада 405 бөлменің 18 кв босағаны туралы камендат маған хабарлады. Осндай жағдаймен сізге хат жолдап отырмын, менің өтінішімді қолдауыңызды сұраймын. Алдын ала рахметімді білдіремін.
Сәлеметсіз бе! Оқытушыларға униерситет жатақханаларынан бөлме беру және бөлменің көлемін ұлғайту бойынша сұрақтар Басқарма отырысында қаралады.
10/23/11, 07:44
Темур
Саламатсызба Мен осы жылы грантпен Алматыдағы аграрный университетке тустим 1 ші семестрден кейін сіздерге грантпен ауса алам ба
Сәлеметсіз бе, Темур! Сіз біздің университетке өзіңіз оқитын мамандығыңыз бойынша білім беру гранты негізінде қысқы немесе жазғы демалыс уақытында ауыса алатындығыңызды хабарлаймыз.