Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/19/11, 23:38
Дінқауым
Саламатсызба! Біздің университет Қазақ Агротехникалық Университет Болғандықтан сізден сұрайын дегенім, көптеген университеттерде жоқ әскери кафедра бизде бар, бірақ қазіргі таңда білім беру орысша жургізіледі жәнеде қазақша кітаптар мүлдем жоқ, сол себепті Әскери кафедрада қазақша білім берудің жүргізілуі қаншалықты мүмкін? Сонымен қатар биылғы жылдан бастап бітірген студенттер лейтенант атығын алады ма?
Құрметті Дінқауым! Қазақстанда 22 әскери кафедра бар, оның ішінде 4-еуі Астана қ. орналасқан. Қазіргі уақытта әскери кафедрада оқу бағдарламаларына сәйкес әскери әдебиеттердің болмауына байланысты мемлекеттік тілде сабақтар жүргізу мүмкіндігі жоқ. Бұл республикамыздың барлық әскери кафедраларының мәселесі. «Лейтенант» әскери атағын беру жөнінде ешқандай құжаттар түскен жоқ.
10/16/11, 10:20
Омарова Роза
Бисмиллахир рохманир рохиим! Сәлеметсіз бе,Айтбай Қабыкешұлы!Менің сізге қояр сұрағым,Қызым Нургазинова Гулим биыл сіздердің университетке \"Есеп және аудит\"факултетіне түскен еді.Жатаханадан орын берілді.Тұрып жатқанына бір ай ғана болды.Жатаханаға сигнализация қойылған,шайнектің буына сигнализация әсер етеді екен.Сол себептен қызымды 14.10.11 күні жатаханадан шығарып жіберді.Үш күннің ішінде орынынды босат депті.Сонда сіздерде бірінші рет ескерту жасау деген болмайды ма? Ақшасын бір жылға толық төледі.Сигнализация бар екенің 1курстың студентіне ескерту керек емес пе.Әрі қарай ол бала қайда тұрады.Ол жақта ешқандай жақындары жоқ.Проректорға барған екен ол кісі көмектесе алмаймын деп жауап қайтарған.Студенттің құқығын кім қорғау керек. Сізге жолығуға қызымды хатшыңыз кіргізбеген.Сол себепті менің сізден өтініп сұрайтыным, менің қызымды жатаханаға қайтадан орналастыруға көмектесуіңізді сұраймын. Жақсылығыңыз бір алладан қайтсын!
Сәлеметсіз бе! Сіздің қызыңыз Нургазинова Гүлім өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттік жатақханасының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес №2Б жатақханасынан шығарылды. Г. Нургазинова бөлмесінде шәйнекті сөндірмей, қараусыз қалдырып кеткен. Соның салдарынан тоқ ұзартқышының сымы еріп, өртке қарсы дабыл іске қосылған. Бұл оқиға жатақханада өрттің шығуына әкеліп, ондағы тұратын тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді.
10/5/11, 13:58
Арман Көпбосынов
Сәлеметсіз бе Айтбай мырза!Ақылы оқитын студенттер жатақханада оқу басталғаннан,4 жыл бойы сол жатақханамен қамтылады ма?Әлде жаңа оқу жылында жаңа студенттерге сол жатақханалар беріледі ме?Жауап беруіңізді сұраймын,рахмет сізге!
Сәлем, Арман! Егер сіз жатақханада тұру кезінде оның ішкі тәртіп ережесін бұзбасаңыз, жатақханадағы орныңыз сақталады.
9/27/11, 16:44
Наушабекова Назгүл
Сәлеметсізбе, аса қадірлі Айтбай Қабыкешұлы! Мен 2011 жылы университетіміздің 6N0120 \"Кәсіптік білім беру\" мамандығы бойынша магистртураға мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылдандым. Бұл үшін салиқалы саясат ұстанып отырған елбасымызға және оқу ордамыздың адал, әділетті басшысы сізге алғысым шексіз! Шын ықыласпен айтылған сөздер деп қабылдауыңызды өтінемін. Осы оқу ордасында 4 жыл мемлекеттік білім гранты негізінде сапалы білім алып, сіздер ұсынған жатақханада 4 жыл бойы тұрып келдім. Сіздердің мұндай қамқорлықтарыңызға мен де менің ата-анам да дән риза! Магистратурада білімімді шыңдап, білім ғылым жолында еңбек еткім келеді. Өзіңіз білетіндей елордамызда баспана мәселесі өте ауыр, соған байланысты оқу жылының басында жатақханадан орын алуға отініш білдіргенмін, өкінішке орай жатақханадан орын берілмеді.Өзім Оңтүстік Қазақстаннан боламын. Әкем қайтыс болған, жалғыз асыраушымыз анам ғана.Көп балалы отбасынанмын (5 бала). Тиісті анықтама қағаздарын комиссия мүшелеріне өткізген болатынмын.Қазіргі таңда құрбымның үйінде оның отбасымен бірге тұрып жатқан жайым бар.Осындай себептерге байланысты сізден жатақханадан бір орын беруіңізді сұраймын. Университет қабырғасында оқып жүріп Республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып, өзге оқу орындары арасында университетіміздің мәртебесінің өсуіне титтей де болса үлес қосқаныма ризамын және де сүбелі үлесімді әрі қарай да қоса бермекпін. Ғылыми конференцияларға қатысып тұрамын. Сіздің ғылым адамы екеніңіз баршамызға белгілі. Ғылым жолында ізденушілерге қолдау көрсететініңізге,өтінішімді жауапсыз қалдырмайтыныңызға кәміл сенемін. Ұстаздық етіп келе жатқан ұлы жолыңызға табыстар, сәттіліктер тілеймін. Алла жар болсын сізге, Айтбай Қабыкешұлы!
Құрметті, Назгүл! Бүгін университеттің тұрғын-үй комиссиясы жатақхананың босаған бөлмелерінің біріне сізді орналастыру жөнінде шешім қабылдады. Магистратураны жақсы аяқтап, білікті маман болып шығуыңа тілектеспін!
9/24/11, 20:00
Кожа Байбатырұлы
Ассалаумағалейкум!Ақылы оқитын студенттерге жатақхана бөлінеді ме және бөлінсе ақысы қанша болады екен?
Құрметті Қожа! Университет жатақханаларында тұру ақысы айына 1500 тг. (1 жылға 15 000тг.) Жатақханадан орын алу үшін өтініш жазып, тұрғын үй комиссиясына тапсыруыңыз керек.
9/22/11, 18:18
Пірман Нұржан
Саламатсыздарма тағыда!5В050800-«Есеп және аудит» мамандығына 2012/2013 оқу жылында оқу ақысы өсе ме биылғы жылға қарағанда,қаншаға өседі деп ойлайсыз?Рахмет сіздерге!
Сәлеметсіз бе, Нұржан! Шығындардың толық қайтарымымен мамандарды мақсатты дайындау келісім-шартына сәйкес, оқу ақысы жыл сайын қайта қаралып отырады және оның өсімі алдыңғы жылдағы оқу ақысынан инфляция коэффициентіне сәйкес жоғарылауы мүмкін, бірақ әрі кетсе 10%-дан аспайтынын хабарлаймыз.