Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/21/11, 16:29
Камалова Динара Камаловна
Саламатсызбе Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы! Мен Камалова Д.К боламын. 2008ж. М.Өтемсісұлы атындағы БҚМУ нің жаратылыстану факультетін биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдадым. 2008-2009ж.ж аралығында Ақтөбе обл. Жем қаласында мектепте мамандығым бойынша қызмет етіп, 2009ж. аль-Фараби атындағы ҚазҰУ дың биология факультетін Биотехнология мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдадым. Ендігі жерде еліміздегі ЖОО да болмаса орта білім ордасында оқытушы болып қызмет етіп,ғылыми жолымды жалғастырғым келеді, осыған байланысты менің мамандығым бойынша сіздің оқу ордаңызда бос вакансиялық орындар бар ма,білгім келеді. Алдын ала рахмет.
Құрметті Динара Камаловна! Қазіргі уақытта оқу үрдісі жүріп жатыр, Сіздің мамандығыңыз бойынша бос вакансия жоқ. Бос орындар туралы ақпаратты қажет кезде «Заң» газетінде жариялаймыз.
9/21/11, 13:59
Пірман Нұржан
Саламатсыз ба Атбай Қабыкешұлы.Мен Пірман Нұржан 2011 жылы Қызылорда қаласы,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ақылы есеп және аудит факультетіне түсіп едім.Алдағы уақытта сіздердің университеттеріңізге ауысуға мүмкіндігім болады ма,ол жақта мені қабылдайды ма және онда есеп және аудит мамандығы үшін оқу ақысы қанша болады?Алдын ала сізге рахмет!
Құрметті Нұржан! Сіздің сауалыңыз бойынша біздің университетіміздің 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығына қысқы және жазғы демалыс уақытында ауысуыңызға болатынын хабарлаймыз. Сонымен қатар 2011-2012 оқу жылына аталған мамандық бойынша оқу ақысы 374500 (үш жүз жетпіс төрт мың бес жүз) теңгені құрайды.
9/13/11, 16:25
Мажитова Аида
Cәлеметсіз бе, Айтбай мырза! Сізге қойар сұрағым, мен Мажитова Аида 2008 жылы грантпен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық униерситетіне биология 050607 мамандығына грантка түскен едім. 2010 жылы тұрмысқа Ақтау қаласына шығуыма байланысты желтоқсан айында оқуға кеш қалдым сөйтіп оқудан 3 курстын басында шығып қалдым. сабағымнын бәрі оте жақсы менде қазир академ справкам бар. Тамыз айында сіздерге сыртайға тапсыруға барғанымда прем комессияда откан апай қыркүйекте кел сыртайға кешікпейсиіз деген.Осы айдын 7-сі барғанымда биотехнологияға 10 айырмашылық бар деп қабылдамай қойды. мен енди екі қаланын ортасында жүрмін. Биылгы оқудан қалғым келмейді. Мен сіздерге сеніп қалған едім.Менін мәселімді қарастыруынызды сұраймын.
Саламатсызба, Аида! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес, «Биотехнология» мамандығы жалпы орта білім негізінде сырттай оқу бөліміне қабылдауға рұқсат етілмейтін мамандықтар тізіміне енгізілді, біздің университет осы бұйрықты орындау мақсатында 2010 және 2011 жылдары сырттай оқу бөліміне «Биотехнология» мамандығы бойынша қабылдауды жүзеге асырған жоқ. Қабылдау комиссиясында Сізге қыркүйек айында келіңіз, кешікпейсіз дегеннің себебі Сіздің жағдайыңызда оқуға жаңадан қабылдау емес, оқуға қайта қабылдау мәселесі қарастырылу керек болатын. Енді Сіздің сұрағыңызда оқуға қайта қабылдау мәселесі бойынша сәйкесті деканатқа жолыққаныңыз мәлім болып тұр, Ереже бойынша пәндердің айырмашылығы 5 пәннен аспау керек (міндетті пәндер компоненті). Оқуға қайта қабылдау мәселесі факультет декандарының құзырында, Сізде пәндердің айырмашылығы 10 пән болғандықтан Сізді сырттай оқу бөлімінде «Биотехнология» мамандығының сәйкес курсына қабылдағаманның басты себебі болып табылады. Нақты жауап алу үшін сырттай оқу бөлімінің деканына жолығыңыз. Қабылдау комиссиясы мұндай мәселелерді қарастырмайды.
9/8/11, 17:46
Қабыкей Рустем
Сәлеметсізбе ректор мырза, сізге қоятын сұрағым мынадай, мен Қонаев атындағы колледжінің сонғы курсында \"Бағдарламамен қамтамасыз ету\" мамандығында оқимын, сол мамандығымды сіздерде жалғастырсам бірінші курстан бастаймын ба?
Құрметті Қабыкей Рустем! Сіз Қонаев атындағы колледжді тамамдағаннан кейін «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ»де қысқартылған бағдарламамен «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 3 жыл оқисыз. Шілде айында қабылдау комиссиясына құжатыңызды тапсырасыз, тамыз айында әнгімелесуден өтесіз.
9/4/11, 11:49
Қалыбай Балнұр
Сәлеметсізбе Бұлашев Айтбай мырза! Мен 11сыныпта оқимын. Менің сізден сұрайын дегенім, осы университетке педагогика-психология мамандыгына түсу үшін ұбтдан кем дегенде қанша ұпай жинауым қажет?
Саламатсызба, Балнұр! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетте «Педагогика және психология» мамандығы жоқ. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
9/2/11, 09:47
Асылбек
Саламатсизба ректор мырза! 1 курс студентимин.. Мен толык емес жануядан шыкканмын...маган сиздин университетинизден кандай льготалар бар? Жане мен проездной билет тегин сиздин унивеситетинизден алуга кукылымынба? Мен сияктыларга жардемакы бериледи екен..сол жардемакы канша бериледи екенин айтсаныз
Толық емес отбасынан шыққан студенттер жатақханадан орын аларда жеңілдік берілетін санатқа жатады. Ал тегін жол жүру билеттері берілмейді, жол ақысы мемлекет тарапынан тек білім гранты бойынша оқитын студенттерге жылына екі рет 4 төменгі есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.