Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/31/11, 16:30
Лебаева
Салеметсізбе Айтбай Қабыкешұлы! Мен \"Стандарттау, метрология және сертификаттау\" мамандығының 4 курс студентімін! Мен 3 жыл бойы мемлекттік грантқа ілігу үшін конкурсқа қатысып келдім! Бірақ менің баллым жоғары бола түра, басқа төмен баллдағы студенттер грантқа өтіп жатты! Бұл мәселе бойынша да сіздің қабылдауыңызда болғанмын.Сіз \"Егер тағы грантқа орын босап жатса, саған береді\"- деген едіңіз. Осы жаңа оқу жылы бойынша бізде мемлекеттік білім грантына орын бар екен!Сол орынға мені өткізуіңізді сұраймын!
Сәлеметсіз бе, Маржан! ҚР Білім және ғылым министрлігі жазғы емтихан сессиясының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы бойынша босаған білім беру грантына Сіздің мамандығыңызға 1 орынға 4 курсқа конкурс жариялаған. Сіздің құжаттарыңыз ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырылды және нәтижесі қыркүйек айының аяғында белгілі болатынын хабарлаймыз.
8/26/11, 12:12
Махипова Айдана Гильманқызы
Сәлеметсіз бе Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы? Мен Аграрлық Университеттің қаржы мамандығына оқуға қабылдандым. Құжаттарымды тапсырғанда жатақхана болады деген, бірақ енді орын жоқ дейді. Мен Атырау облысынан жатақханаға сеніп келдім.Мүмкін болса жатақханадан орын беруіңізді сұраймын?
Биылғы оқу жылы студенттердің оқуға көп түсуіне байланысты университет жатақханаларына бірінші кезекте көп балалы және толық емес отбасынан шыққан студенттер, ата-анасы мүгедек студенттер, оралмандар және т.б. орналастырылады. Қазіргі уақытта жатақханаға орналастыру мүмкін емес, алайда 1 семестр ішінде әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаңыз болған жағдайда Сізге жатақханадан орын беріледі. Сіздің жатақхана кезегіне тұрып, университеттің тұрғын-үй комиссиясына жолығуыңыз қажет.
8/25/11, 14:49
Айнур Туякбаева
Салеметсіз бе!Кал жагдайыныз жаксы ма?Мен Кызылорда облысынан хабарласып тур едім.Мен 2011 жылы осы қаладағы М.Маметова атындағы гуманитарлық колледжді бітіріп, Коркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне күндізгі оқу бөліміне грантты жеңіп алып, студенті атандым.Енді қазір осы университетте оқимын. Бірақ,бізде жеделдетілген арнайы топ ашылмады.Енді қазір бізді осы грант бойынша басқа қалаларға оқуға жібермекші. Менің білгім келгені, сіздерде менің мамандығым, яғни \"Кәсіптік білім беру\" мамандығы бойынша жеделдетілген топ ашылған ба?Егер ашылса сіздер мені сол топқа қабылдай аламысыздар?
Сәлеметсізбе, Айнур. Біздің университетімізде 5В012000 «Кәсіптік білім» мамандығының қысқартылған білім бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімде топ ашылмаған, ал сыртқы бөлімде топ бар. ҚР БжҒМ 2011ж 7-шілдедегі 2011-2012 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы №288 бұйрыққа сәйкес ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінен келген №03-2/1218-ИП-05 2011 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау сұрақтары бойынша нұсқау хаттың 8-пунктіне сәйкес жекелеген жоғарғы оқу орындарына бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шеңберіндегі педагогикалық мамандықтарға түскен талапкерлер оқуға қабылданғаннан кейін басқа жоғарғы оқу орнына білім беру грантын сақтап ауыса алмайтынын білу керек. Осыған байланысты сіз біздің университетімізге ауысатын болсаңыз, білім беру гранты сақталмайтынын ескеріңіз және талапкерлерді қабылдау комиссиясы жұмысын 25-тамызда аяқтағанын хабарлаймыз.
8/10/11, 11:40
Сағадин Ерқанат
Ассаламу алейкум Айтбай Қабыкешұлы мырза. Мен ҚАТУ-ға Аграрлық техника және технологиялары мамандығына құжаттарымды тапсырған едім, брақ грантқа ілікпедім. Көріп отырғандай мен алған 76 баллдан төмен балл алғандар грантқа іліккен. Менің грант ала алмауымның себебі неде? Тағы менің ауылдық жерде оқығаным үшін жеңілдігім бар. Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Саламатсызба, Ерқанат! Мемлекеттік білім грантын бөлу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құзырында, оған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің еш қатысы жоқ. Сіз айтып отырғандай, 76 балдан төмен алған талапкерлердің грантқа ие болу себебі, олардың жетім, мүгедек немесе тағы да басқа жеңілдіктері болуы мүмкін.
8/8/11, 08:44
Ташимов Бекболат
Сәлеметсізбе Бұлашев Айтбай мырза?! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Сізге жолдар сұрағым, осы Агротехникалық университетке конкурста радиотехника, электтроника және телекоммуникациялар және электр энергетикасы факультеттерине кужат тапсырдым. ҰБТ-дан жинаған балым 100 балдык корсеткишпен есептейтін болса 84, аттестаттын орташа балы 5, және де ауыл квотасыда косылады екен. Тағы да өзімнің аты-жөнімді осы университетке радиотехника, электроника және телекоммуникациялар факультетине жаздырдым 2011 жылы сәуір айында шамасы. Осының қандай жеңілдігі бар екен конкурста?
Саламатсызба, Бекболат Мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижесі 2011 жылдың 10 тамызында «Казахстанская правда» және «Егеменді Қазақстан» газеталарында жарияланатын болады. Ақылы келісім шарт негізінде оқуға түсетін талапкерлер үшін оқудың төлем ақысын бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
8/1/11, 10:44
Қауымбаева
Саламатсызба ректор мырза! мен атырау облысынанмын! ауылдық мектепті бітірдім. ҰБТ-де жинаған балым орыс тілсіз 72. білейін дегенім шілденің 23 де мемлекеттік грант конкурсына документтерімді тапсырдым. Егерде грант ұтпаған жағдайда ветеринарлық санитария мамандығына ақылы бөлімге документ қабылдау нешесіне дейін? Кафедра алі толмаған шығар деп үміттенем... Документті факспен жіберуге болама?
Саламатсызба. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Студенттер қатарына қабылдануға құжаттар 2011 жылдың 10-25 тамыз аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: 1) білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа); 2) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты; 3) жеке куәлігінің көшірмесі; 4) 3х4 көлемді фотосурет – 8 дана; 5) 086-У нысандағы медициналық анықтама. Құжаттарды факспен жіберуге болмайды, бұл ережеге сәйкес келмейді. Талапкер көрсетілген құжаттарды өзі тапсыру керек. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018