Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/31/11, 22:30
Адилет
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Қасиетті Рамазан айы кутты болсын, оразаныз қабыл болсын. Мен архитектура кафедрасының биыл 4 курс студентімін. Ата-анасының бірі жоқ студенттерге(менің әкем жоқ), яғни толық емес отбасы студенттеріне көрсетілетін жеңілдіктер пайда болған жоқ па? Алдыңғы 3 жылды ешқандай жеңілдіксіз төлеген болатынмын, тек ай сайын төлеп тұрдым, қиынға соқты. Мүмкіндігінше, көмек беруіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!
Құрметті Әділет! Мамандығыңыз бойынша босаған гранттар конкурсына каникул уақытында екі рет қатыса аласыз. Қазір Білім және ғылым министрлігі конкурс кезінде студенттердің әлеуметтік жағдайына көңіл аударып жүр, яғни сізге жеңілдік болады. Ректор грантына келсек, биылғы және келесі оқу жылдарына қаржы бөлінбейді, өйткені университет оқытушыларына тұрғын үй салынып жатыр.
7/31/11, 16:42
Бағлан Райымқұлов
Сәлеметсіздер ме университет ұжымы! Мен Шымкент қаласындағы МКҚМ Шымкент аграрлық колледжін 2009 жылы, \"Ветеринария\" (Мал дәрігерлік фельдшер) мамандығы бойынша бітірдім. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы Шолаққорған ауылында өз салам бойынша жұмыс жасап жатырмын. Өз білімімді С.Сейфуллин атындағы ҚазАгро университетінде сырттай бөлімде жалғастырғым келеді. Қойар сұрағым, 3 курстан оқуымды жалғастыра аламын ба, 3 курстан мемлекеттік грант бөлінген бе? Сұрағыма толыққанды жауап аламын деп үміттенемін. Сіздерге деген үлкен құрметпен Райымқұлов Бағлан.
Саламатсызба, Бағлан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Колледж бітірген талапкерлер қысқартылдған бағдарлама бойынша оқуға қабылданады, қысқартылған бағдарламада білім гранттары жоқ. Оқу мерзімі – 3 жыл, Сізде «Ветеринария» мамандығы болғандықтан күндізгі бөлімде ғана оқи аласыз. Студенттер қатарына қабылдануға құжаттар 2011 жылдың 10-25 тамыз аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: 1) білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа); 2) жеке куәлігінің көшірмесі; 3) 3х4 көлемді фотосурет – 8 дана; 4) 086-У нысандағы медициналық анықтама. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
7/29/11, 10:57
Сақтапов Бекболат
cәлеметсіз бе! Осы оку орнына окуга кабылдау кашан және кай число аралыктарында жургізіледі. Оган қандай документтер тапсыру керек?мен буйрса 19 сіздерге барам.сол уакытта .документтерімді тапсырып улгеремба?????????????
Саламатсызба, Бекболат С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Студенттер қатарына қабылдануға құжаттар 2011 жылдың 10-25 тамыз аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: 1) білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа); 2) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты; 3) жеке куәлігінің көшірмесі; 4) 3х4 көлемді фотосурет – 8 дана; 5) 086-У нысандағы медициналық анықтама. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
7/25/11, 20:17
Айжарыкова Феризат
Саламатсыз ба! Мен убт-дан 94 балл ,орыс тилинсиз 74 балл жинадым. Республикалык гылыми жоба сайысынан география панинен 3 орын иелендим, экономика факультетине грантка тусе аламын ба? Алдын-ала рахмет
Сәлеметсіз бе Феризат! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Гранттар конкурсына өтініш бергенде талапкерлер басым құқық иегері екендігін растайтын құжат (Алтын белгі, Республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпазы, Республикалық, халықаралық ғылыми жарыстың жеңімпазы) тапсыру керек. Басым құқық иегерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен бекітіледі, егер де Сіз сол тізімде бар болсаңыз басым құқық иегері ретінде конкурска қатыса аласыз, оны өтініш қабылдайтын қабылдау комиссияларында анықтай аласыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/24/11, 21:43
Ергожаев Рашид
Сәламатсыз ба. Мен физикадан 75 балл алдым. орыс тілін алып тастағанда, мен сіздің университетке түсе аламын ба? менің тапсыратын документтерімнің арасында ата ана қамқорлығынсыз қалғандығым туралы және маған қамқоршы тағайындау туралы шешім бар. осы сұрақтарға жауап жазсаңыз және осы балмен қандай мамандықтарға тапсыруыма болады
Саламатсызба, Рашид! ҰБТ тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Егер Сіз қамқорлыққа алынған болсаңыз, онда жеңілдік болады, жалпы мемлекеттік грант санының 1 % осындай категорияға бөлінеді. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/24/11, 13:44
ербол
салеметсіз бе! Айтбай Ќабыкешўлы! озімді таныстырып ґтсем мен Жаќсыбеков Ербол Бауыржанўлы. ЎБТ-дан 115 балл алєан едім,5-пјн биология. Орыс тілсіз 90балл. Енді сізге сўраќ: мен агрономиялыќ факультетініѕ ќандай мамандыєына грантќа тїсе аламын? алдын ала сізге рахмет.
Саламатсызба, Ербол! ҰБТ-ны жақсы тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Биология пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 90 баллмен «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Топырақтану және агрохимия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша грант иеленуге мүмкіндігіңіз болар еді. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556