Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/22/11, 20:03
Дана
Salemetsizbe! Men UBT dan 111 ball jinadim... Oris tilin wegergende 86 ball bolip tur. Tandagan 5-shi panim fizika. Men kandai mamandikka tolikkandi grantka tuse alamin? Akparattik juielerge grantka mumkindigim boladima?
Саламатсызба, Дана! ҰБТ тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Физика пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 86 баллмен мемлекеттеік білім гранттарына оқушылар кейбір мамандықтарға ие бола алды. Олар «Кәсіптік білім», «Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Жылу энергетикасы», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Аграралық техника және технология» және «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болатындығын хабарлаймыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/22/11, 09:37
Құттыбаева Халида
Салеметсіз бе,Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы! Мен Жерге орналастыру Факультетинде 1-курсты аяктадым,келеси оку жылына грант бөлінеді ме? Алдын ала рахмет!
Сәлеметсіз бе, Халида! Республикамыздың жоғары оқу орындарында жазғы сессияның нәтижелері бойынша «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша Сіз оқып жүрген курстарда босаған мемлекеттік гранттар болмады. Алайда, үмітіңізді үзбеңіз, екінші курстың бірінші семестрін жақсы бағалармен аяқтап, каникул уақытында конкурсқа өтінішіңізді тапсырыңыз.
7/22/11, 01:09
Жан-Серик
салеметсизбе курметти Айтбай Кабыкешулы. менин атым Жан-Серик. мен осы жылы УБТ-ден 103 балл. орыс тилисиз 82 балл алдым. КАТУ-дын электрофакультетине немесе техникалык факультетке туским келеди. 5 пан -Физика. Грант жагынан ойластыргым келген. сизден комек сурап отырмын. кайда жане грантка оте аламын ба?? алдын ала улкен рахмет
Саламатсызба, Жан-Серик! ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болады деген ойдамыз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Физика пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 82 баллмен мемлекеттеік білім гранттарына ауылдық мектепті бітірген оқушылар кейбір мамандықтарға ие бола алды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/22/11, 00:52
Алишер Қабдығани
Сәлеметсіз бе! Менің білейін дегенім сіздің университетте ауылдық жерден келген балаларға қандай жеңілдік түрлері көрсетіледі?
Саламатсызба, Алишер! Ауылдық квота дегеніміз, тек ауылдық өңірлерде мектепті бітірген түлектер үшін ғана қарастырылған, бірақ барлық мамандықтар бойынша емес, тек қана ауылдың экономикалық дамуын қамтамасыз ететін мамандықтар жатады. Аталған мамандықтарға бөлінген гранттардың жалпы мөлшерінен 30 % ауылдық квота бойынша бөлінеді. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556
7/19/11, 18:39
Unknown
salemetsizbe rektor mirza.sizge koiar suragim jerge ornalastiru mamandigina 3 wi kurstarga grant bolinedima?kirkuiek aiynan bastap grantka auisuima mumkindik boladima?raxmet.
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігі жерге орналастыру мамандығы бойынша 3 курсқа мемлекеттік білім беру грантына 1 орынға конкурс жариялады. Университет 9 студенттің құжаттарын жіберіп отыр. Сіздің хатыңызда аты-жөніңіз көрсетілмегендіктен, құжаттарыңыз бар екенін растай алмаймыз. Білім беру грантын беру ережесіне сәйкес оқу үлгерімі жоғары студент өтетінін хабарлаймыз.
7/18/11, 20:20
Жұмахан Ақжамал
Сәлеметсіз бе? Мен атым- Ақжамал. Мен ҰБТ-дан 99 балл жинадым ( орыс тілінсіз 79 балл). Көп балалы жанұяданмын. Сізге қояр сұрағым 79 баллмен сіздің университетіңізге қандай мамандыққа грантқа түсуге болады. Алдын-ала рахмет!
Саламатсызба, Ақжамал! ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018