Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/15/11, 10:31
Нұрбек
Сәлеметсіз бе?Сіздердің қабылдау комиссияңыз Атырауға келе ме?Әлде құжаттарымызды Астанаға тапсыруымыз керек пе?
Саламатсызба, Нұрбек! Біздің университетке талапкерлер оқуға мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 2011 жылы 23-31 шілде аралығында Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында жүзеге асырылады. Талапкер өтініш білдіру барысында таңдау пәніне сәйкес келетін, 4 мамандықты көрсете алады, сонымен қатар жоғары оқу орындарын таңдай алады. Сол мамандықтар қай жоғары оқу орындарында бар екендігі туралы мәлімет және жоғары оқу орындарының кодтары қабылдау комиссияларында міндетті түрде болуы тиіс. Біздің университетіміздің коды – 002. Ал біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Сондықтан егер де Сіз гранттар конкурсына өтініш білдірмек болсаңыз, Атырау қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына құжаттарыңызды тапсырып, біздің университеттің, яғни С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кодын көрсетуіңіз керек немесе Астанаға да келуіңізге болады, оны өзіңіз шешесіз. Грантқа ие болған жағдайда құжат өткізген қабылдау комиссиясынан құжаттарыңызды қайтарып алып, грант иегері екендігіңізді растайтын күәлікті алып, біздің қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін міндетті түрде құжаттарыңызды тапсырып, бұйрықпен студенттер қатарына қабылдануыңыз керек. Ақылы келісім шарт негізінде оқуға түсемін десеңіз жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін құжаттарыңызды өткізіп, оқудың төлем ақысының 50 % төлеуіңіз қажет. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/15/11, 09:50
Кожабаев Ержан
Саламатсызба!Мен Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің мектеп бітіруші түлегімін, таңдау мамандығым энергетик, грант иегері болу үшін орыс тілсіз сіздің оқуыңызға қанша ұпаймен түсуге болады?
Саламатсызба, Ержан! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Былтырғы жылғы мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес «Электроэнергетика» мамандығына 89 баллмен қалалық статусы бар мектеп түлектері, 87 баллмен ауылдық статусы бар мектеп түлектері мемлекеттеік білім гранттарына ие болды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/15/11, 06:34
Шамшимет Асхат
Сәлеметсіз бе!!!!мен УБТ-дан 98 балл жинаган едим.Орыс тілінсіз 87 балл,таңдаған пәнім физика.....Осы балл бойынша сіздердін университеттеріңізге грантқа түсуге үмітім бар ма?Бар болса қандай мамандықтар екенін атап өте аласыз ба?алдын ала рахмет!!!!!!!
Саламатсызба, Асхат! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Былтырғы жылғы мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 87 баллмен мемлекеттеік білім гранттарына оқушылар кейбір мамандықтарға ие бола алды, ол мамандықтарды кестеден қараңыз, нақты атап өте алмаймыз, себебі Сіз өз сұрағыңызда қандай мектеп (қалалық немесе ауылдық) түлегі екендігіңізді анықтап көрсеткен жоқсыз. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/14/11, 09:30
Алмаш Насырова
Сјлеметсіз бе, Айтбай Ќабыкешўлы! Меніѕ ќызым биыл Атырау агротехникалыќ колледжініѕ \"Есеп жјне аудит\" мамандыєын ќызыл дипломмен бітіріп жатыр. Енді жалєастырып кїндізгі оќу бґліміне сіздіѕ Университетке тапсырєысы келіп отыр.Сайттарыѕызєа кіргенмен ќўжаттарды ќабылдау жјне јѕгіме ґткізетін (собеседование)уаќытын біле алмай отырмыз. Басќа ќаладан келетін болєан соѕ уаќытын аныќ білгіміз келеді. Телефоннан дўрыс біле алмадыќ,алдын-ала кешірім сўрап, рахмет айтамыз.
Саламатсызба, Алмаш Насырова! Қызыңыз колледжді үздік дипломмен аяқтап, орта кәсіптік білім алуымен құттықтаймыз. Орта кәсіптік білімі бар талапкерлерді университет қысқартылған бағдарлама бойынша күндізгі және сырттай оқу бөліміне қабылдайды. Күндізгі бөлімдегі оқу мерзімі – 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл. Талапкерлерден, құжаттарды қабылдау 2011 жылы 1-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, талапкерлерден оқуға түсу емтихандарын (собеседование) қабылдау 15-20 тамыз аралығында өткізіледі, пәндік комиссия әрбір талапкер бойынша жоғары оқуға қабылдануға ұсынылсын немесе ұсынылмасын деген шешім шығарады, ұсынылған талапкерлер университет бұйрығымен 25 тамызда студенттер қатарына қабылданады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/13/11, 20:54
НУРБОЛАТ
Сәлеметсіз бе?!Мен ҰБТ-дан 85 балл алдым.мен сәздің университеттегі \"Сәулет\" факультетіне түскім келеді.маған сіздің универсеттінізге грантқа түсуге мүмкіндік бар ма? Балым жетпесе де коммерциялық турде оқығым келеді.маған осы факультеттің 1 жылдық оқу ақысын білгім келеді.
Саламатсызба, Нурболат. ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, «Сәулет» өнері білікті маман болады деген ойдамыз. «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін Сіз 2 шығармашылық емтихан тапсыруыңыз керек: «Сурет» және «Композиция», ал ҰБТ нәтижесінен «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі пәндері» есепке алынады. Оқуға қабылдану үшін аталған 4 пән бойынша жалпы 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауыңыз қажет, ал мемлекеттік білім грантына 2010 жылдың нәтижесі бойынша 100 баллдан 96 балл жинаған талапкерлер ие болды. Ақылы келісім шарт түрде 2011-2012 оқу жылына оқудың бағасы 373600 теңге құрайды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/13/11, 17:34
Арай Мараткызы
Саламатсыздарма!!! мен ҰБТдан 104 балл жинадым, тандау паним физика, орыс тилсиз 82, гарантка тусе алам ба? “Көлік, көлік техникасы және технологиялары”, “Технологиялық машиналар мен жабдықтар”, “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”, “Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар” осылардын ишинен кайссына грантка тусе алам?
Саламатсызба, Арай! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Былтырғы жылғы мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 82 баллмен мемлекеттеік білім гранттарына оқушылар кейбір мамандықтарға ие бола алды. Сонымен қатар, «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығына өткен жылда 85 баллмен қазақ бөліміне (83 баллмен ауылдық квотасымен) және 77 баллмен орыс бөліміне (69 квотасымен), «Технологиялық машиналар және жабдықтар» - 79 баллмен қазақ бөліміне (76 балл ауыл квотасымен) және 68 баллмен орыс бөліміне (63 балл квотасымен), «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» - қазақ бөліміне 89 балл, орыс бөліміне - 83 балл және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығына қазақ бөліміне 93 балл ауыл квотасымен және орыс бөліміне 94 балл (84 балл квотасымен) ие болды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018