Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/13/11, 11:38
Басқабаев Ербол
“Өңдеу өндірістерінің технологиясы” туралы тайтып отесіз бе?.қандай маман боп шығамю
Саламатсызба, Ербол! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біз Сіздің таңдаған мамандығыңызды қолдаймыз, себебі қазіргі кезде елімізде өңдеу және қайта өңдеу өндірістерінің мамандары жеткіліксіз. «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының түлектер келесідей лауазымдарға ие бола алады: технолог, әртүрлі иеліктегі өңдеу кәсіпорындарының шебері, өнеркәсіптік технохимиялық зертханалардың технологы, жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкері, стандарттау және серификаттау орталықтарының мамандары. Университетіміздегі «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының бағыты «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы» болып табылады. Бұл мамандыққа оқуға түсу үшін таңдау бойынша пән химия болып табылады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/12/11, 15:00
Асель
Сәлеметсізбе!Мен Семей қаласында тұрамын және биыл мектеп бітірдім.ҰБТ-дан 100балл, орыс т алып тастағанда 80балл алдым.5-ші тандау пәнім ФИЗИКА(19балл).Сіздерге осы балмен кандай мамандыққа грантқа түсуге болады?Сіздерден жауабын күтемін....
Саламатсызба, Асель. Сіңліңіздің ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болады деген ойдамыз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Физика пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 80 баллмен мемлекеттеік білім гранттарына оқушылар кейбір мамандықтарға ие бола алды. Олар «Кәсіптік білім», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Аграралық техника және технология» және «Ауыл шаруашылығын энегиямен қамтамасыз ету» мамандықтары. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болатындығын хабарлаймыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/10/11, 20:34
Байс Кундызай
Салеметсиз бе! Биыл 2011 жылы синилим Байс Анар Тараз каласындагы №51 орта мектепти битирген еди. УЛттык бирынгай тесттен 91 балл жинады. Орыс тилсиз 73. Тандаган пани Физика. сурайн дегеним КазАТУ-да ректорлык грант бар ма? Синилим сиздердин оку орындарынызга грантка тусе ала ма?
Саламатсызба, Кундызай. Сіңліңіздің ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болады деген ойдамыз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Физика пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 73 баллмен мемлекеттеік білім гранттарына ауылдық мектепті бітірген оқушылар кейбір мамандықтарға ие бола алды. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Ректорлық грантты студенттерге тағайындау туралы шешім факультеттердің ұсынысы бойынша ректораттың мәжілісінде қабылданады. Ректорлық грантты тағайындау жөнінде университеттің арнайы ережесі қабылданған, ол ережемен біздің университеттің студенті атанған соң таныс боларсыз деген үміттеміз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/10/11, 06:57
Айжамал Қожайханқызы
Сәлеметсіз бе, Айтбай Қабыкешұлы! Менің қызым биыл Басқару колледжінің қаржы факультетін аяқтады. Сіздің университтің экономика факультетіне барса қай курстан қабылданады (сырттай бөліміне) және жылдық оқу ақысы қандай болады?
Саламатсызба, Айжамал Қожайханқызы. Колледж бітіріп, орта кәсіптік білімдері бар талапкерлердің университетке қысқартылған бағдарлама бойынша өздерінің сәйкес мамандықтарына күндізгі және сырттай оқу бөліміне оқуға түсуге мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген жоғары білім мамандықтарына орта кәсіптік білім мамандықтарының сәйкестігін анықтайтын кесте бойынша Сіздің қызыңыз аяқтаған «Қаржы» мамандығы университеттің «Қаржы» мамандығына сәйкес. Сырттай оқу бөлімінде оқу мерзімі – 3,5 жыл, ал жылдық төлем ақысы биылғы жылы 187,3 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/9/11, 19:42
Жаманбаева Бақыт
Сәлеметсіз бе?!Мен ҰБТ-дан 79 балл алдым.мен сәздің университеттегі \"РАДИОТЕХНИКА,ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ\" факультетіне түскім келеді.Балым жетпесе де коммерциялық турде оқығым келеді.маған осы факультеттің 1 жылдық оқу ақысын білгім келеді.Алдын ала рахмет!
Саламатсызба, Бақыт. ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Сонымен қатар Сіздің таңдауыңызды қолдаймыз, себебі аталмыш мамандық қазіргі кезде жоғары сұранысқа ие болып жүрген мамандықтардың біріне жатады. 2011-2012 оқу жылына 1 курстың жылдық төлем ақысы 374,5 мың теңге құрайды. Оқудың төлем ақысын төлеу бойынша университетте бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/9/11, 13:33
Ізболова Мөлдір Мәдіғатқызы
саламатсызба Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы.мен биыл 2011 жылы ҰБТ тапсырдым.Жинаган балым орыс тілін алып тастағанда 83 балл.таңдау пәнім биология.С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне грантқа түсе аламба?
Сәлематсызба, Мөлдір. ҰБТ жемісті тапсыруыңызбен құттықтаймыз. Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз. Біздің мамандықтарымыздың тізімін университеттің agun.kz ресми сайтында «Талапкер-2011» бөлімінде қарап алуыңызға болады. Мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетіліп, келтірілген. Биология пәнімен Сіз көптеген мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Былтырғы жылғы мемлкеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары бойынша мәліметтер де аталмыш сайтта келтірілген. Сол былтырғы мәліметтерге сәйкес 83 баллмен «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Топырақтану және агрохимия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша грант иеленуге мүмкіндігіңіз болар еді. Биылғы балл мөлшері қандай болатыны жөнінде біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз, себебі ол мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және сол гранттарға иеленуге өтініш берген талапкерлер санына байланысты болады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018