Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/8/11, 21:31
Мади
Саламатсізба!Менім сұрайын дегенім, осы 2 курста әскери дайындык кафедрасына тусуге болама?( 1 курста түсе алмагам)
Сәлеметсіз бе, Мәди! 2006 жылдың 24 мамырдағы № 449 Үкімет Қаулысына сәйкес студенттерді әскери дайындау ЖОО-ның оқу жоспарына 2-ші семестрден бастап өз алдына жеке оқу пәні болып енгізілген. Студенттер әскери кафедрада 2,5 жыл ( 5 семестр) оқиды, демек ЖОО-нын бітіруге 1 жыл қалғанда әскери дайындықты оқу жиынымен аяқтайды. Міне сондықтан да 2 курс студенті әскери кафедраның толық курсын өте алмайды.
6/8/11, 09:01
ауған студентер
Біз ауғанстанан келген( 15) студент, аграр университіте тусуге келдік, біз каәзір Казуу дың даяындық факультетінда оқып жатырмыз, бізге ниге (7) ғана факультетке түсуге руқсатбердіңңз, бул факультеттер бізге унамайды эканомика және компьютер факултеттерінде оқумыз келеді ,бізге тезірак жауабын берыңыз біздің уақтымыз өте аз сізден тезірек жауап күтеміз
Құрметті Ауғанстан азаматтары! Сіздер біздің елде Қазақстан және Ауғанстан Республикалары Үкіметінің арасында жасалған келісімшарт негізінде білім аласыздар. Ал екі ел Үкіметі жасаған келісімшартта біздің университетке тек ауыл шараушылық мамандықтарға ғана қабылдау көрсетілген. Сондықтан Сіздерді басқа мамандықтарға оқуға қабылдай алмаймыз.
6/7/11, 22:56
ainagul
salemetsizbe!\"geodezia jane kartografia\" jane kadastr mamandiktari boiinwa grantka tusu uwin ortawa ball kanwa bolu kajet.janede bul mamandikka auil kvotasi kosilama
Саламатсызба, Айнагуль. Аталған мамандықтарға өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына 100 баллдың 91-96 балл аралығында жинаған талапкерлер ие болды. Білім грантын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Көрсетілген мамандықтар ішінде «Геодезия және картография» мамандығы бойынша ауылдық квота қарастырылған, яғни мемлекет тарапынан бөлінген гранттар санының 30 % ауылдық мектептерді бітірген талапкерлерге тағайындалады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
6/4/11, 20:30
Нуржанат Аманжолова Нұрланқызы
Сәлеметсізбе!Мен 2012жылы мектепті бітіремін,менің таңдау пәнім биология.осы пән бойынша қандай мамандықтар бойынша оқуға түсуіме болады.
Саламатсызба, Нуржанат Нұрланқызы. Сіздің 4-ші пән ретінде биология пәнін таңдағаныңызды қолдаймыз және ел астанасының ежелгі оқу орны болып табылатын, өткен оқу жылының рейтингісі бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасында өзінің жоғары беделін тағы да дәлелдеген С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға шақырамыз. Біздің университетке биология пәні бойынша Сіз «Экология», «Биотехнология», «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Топырақтану және агрохимия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария» мамандықтар бойынша оқуға түсуіңізге болады. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген білім гранттарының мөлшері ауылшаруашылық мамандықтарға артып келеді. Өткен 2010 жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 ұпайдың 76-сын жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер ғана ие болды. Білім гранттарын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018.
6/4/11, 20:29
женискул
Сәлеметсізбе!Мен 2012жылы мектепті бітіремін,менің таңдау пәнім география.осы пән бойынша қандай мамандықтар бойынша оқуға түсуіме болады.
Саламатсызба Жеңісгүл! Біздің университетке география пәні бойынша Сіз «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Геодезия және картография», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Жерге орналастыру», «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету», «Кадастр», «Бағалау» мамандықтары бойынша оқуға түсуіңізге болады. Сізге 2012 жылы ҰБТ жемісті тапсырып, біздің университеттің мамандықтарын таңдайды деп сенеміз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018.
5/30/11, 16:54
Жаппар
Саламатсыздар ма!!! Менім сіздерге сурағым (Сіздерде магистратура түсу үшін кандай құжаттар керек және магистратураға тест тапсыру қашан басталады сол мәліметтерді кімнен алуга болады)
Сәлеметсізбе, Жаппар! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген және 2010 жылғы 9 шілдедегі № 365 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне» сәйкес магистратураға жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 шілде аралығында өткізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау - 31 тамызға дейін өткізіледі. Магистратураға тапсырылатын құжаттар тізімін және басқа да қосымша ақпараттарды университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz - PhD докторант және магистрант 2011.