Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/28/11, 11:18
Айгерим Смаилова
Сәлеметсізбе, құрметті Айтбай Қабыкешұлы Булашев. Мен осы агротехникалық университетінің ВиТЖ факультетінде оқимын.Мен көпбалалы отбасынанмын(5 балалы), оның үшеуіміз студентпіз, екеуі оқушы,ауылда тұрамыз, менің білгім келгені осы университетте сіздің немесе университеттің тарапынан маған отбасы жағдайына байланысты қаржылай көмек немесе ақысыз бөлімге ауыстыруыңызды сұраймын, бұл мүмкін бе? Себебі ата-анама менің оқуымның ақысын көтеру қиынға түсіп тұр.
Ақысыз бөлімге ауысу үшін, яғни мемлекеттік білім грантына қол жеткізу үшін, Сіз сессия аяқталғаннан соң Білім және ғылым министрінің атына конкурсқа қатысу мақсатында өтініш жазуыңыз керек. Өтініштің үлгісін деканаттан алуға болады. Былтырдан бастап конкурсқа қатысуға «қанағаттанарлық», яғни «3» деген, бағалары бар студенттерге де рұқсат беріліп отыр. Сіз көпбалалы отбасынан екенсіз, үлгеріміңіз жақсы болса, грантқа ілігіп кетерсіз. Екіншіден, Сізге банктен жеңілдетілген білім несиесін алуға да болады. Алған несиені оқуыңды бітіргеннен соң 10-15 жыл ішінде қайтарасыз. Толығырақ мәліметті деканаттан білуіңізге болады. Мұндай несиені алу үшін ешқандай кепіл (залог) керек емес. Үшіншіден, сабақтан бос уақытыңда қаражат табуға ниет білдірсең, университет бойынша жұмыс бере аламыз.
5/27/11, 19:42
Ногаева Жанна Тұрсынбайқызы
Екінші жоғары білім беру бөлімі «Есеп және аудит» мамандығы бойынша диплом қорғау осы жылы болмайды ма?
Құрметті Жанна! Өкінішке орай, осы оқу жылындағы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша барлық диплом қорғау жұмыстарының уақыттары өтіп кетті. Байланыс телефон: 39-39-19
5/26/11, 07:33
Ноғаева Жанна
Қайырлы күн! Мен Ноғаева Жанна Тұрсынбайқызы 2007 жылы ҚАТУ-нің Біліктілікті жетілдіру факультетіне екінші жоғарғы білім алу үшін түстім. 2 жылдық оқу ақымды толық төлегеннен кейін? отбасылық жағдайға байланысты диплом қорғай алмадым. Енді сол димломды қалай алсам болады? Бұл проблеманың қандай шешімдері бар екенін білейін деп едім.
Екінші жоғары білім беру бөлімі «Есеп және аудит» мамандығы бойынша диплом қорғау оқу кестесіне сай 2012 жылдың қараша айында өтеді. 2012 жылдың қыркүйек айында Сіз оқуға қайта қабылдауға өтініш жазып, оқу ақысының 10% төлеуіңіз керек.
5/25/11, 22:11
Өсімжанұлы Ермек
Ассалаумағалейкум Айтпай мырза!қанша баллмен грантқа тусуге болады?
Саламатсызба, Ермек. Өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық, техникалық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 ұпайдың 76-сын жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер ғана ие болды. Білім грантын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Егер Сіз тегін, бірақ сапалы білім аламын десеңіз, 4-ші пән ретінде биология, физика немесе химияны таңдауды ұсынамыз және ел астанасының ежелгі оқу орны болып табылатын, өткен оқу жылының рейтингісі бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасында өзінің жоғары беделін тағы да дәлелдеген С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға шақырамыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
5/20/11, 16:37
Мырзақұлов Нұрдаулет Мірполатұлы
Құрметті Айтбай Қабыкешұлы, мен ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек поселкесі тұрғыны Мырзақұлов Нұрдаулет. Менің сізден өтінерім отбасы әлеуметтік жағдайымды, әкемнің жоқтығын, шешемнің ІІ топ мүгедек. Туған інім Мырзақұлов Асқардың Сарыағаш қаласындағы Қапланбек гуманитарлық аграрлық- экономикалық колледжін грантқа бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде \"5В120100 Ветеринарлық медицина\" мамандығында І семестірді өте жақсы аяқтағандығын, оқуға ынтасының бар екендігін ескере отырып, келешекте елімізге өз үлесін қосатынына сеніп. Бізге бір ағалық көмек көрсетуіңізді және ақылы жағдайда оқытуға жағдайымыздың жоқтығына байланысты сіздің университеттен ініме мемлекеттік грант ең болмаса ректорлық грант бөлгізуіңізді сұранамын. Өтінішімізді жауапсыз қалдырмауыңызды сұранамыз.
Құрметті Нүрдаулет! Біздің университетімізде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан, жетім студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер, сонымен қатар гранттар ректорат отырысында қарастырылып, ректордың арнайы қоры есебінен беріледі. Алайда, Сіздің ініңіз Асқар басқа оқу орнында білім алып жатқандығынан өтінішіңізді қарастыра алмаймыз. Ал, егер бізге ауысуға ниет білдірсе, онда ректор грантын алу үшін кем дегенде бір жыл оқып, өзін жақсы жағынан көрсетуі керек, яғни «жақсы» және «өте жақсы» бағаларға үлгеріп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы керек.
5/15/11, 19:24
rahym kokanbekov
Қымбатты ректор мырза! Аграрный институтының техника факултетінде 109 группада менің ағам оқиды .1 курс студенті . Оқудан жіберілген пропускісі бар.Өйткені солтүстіктің ауа райына шыдай алмай ауыра берді.Сол үшін оны оқудан шығармақшы.Оқудың бір жылдық ақшасы түгел төленген.Енді пропускісі үшін 1 курсты қайтадан оқымақшы.Меің ата-анам сонша ақша далаға кетті ме деп өкініш білдіруде.Өйткені анам ғана үйде жұмыс істейді..Үйде 4 бала бар.Мен келесі жылы мектеп бітіремін.Сол үшін мені оқуға жібергісі жоқ.Бұл қандай заң сонда?Нарық болса мынау!Кімнің артық ақшасы бар қазір ағам болса қатты өкінуде.Өзім жұмыс істеп оқуымды төлеймін деп анамды жұбатады.2курсқа өтуіне мүмкіндік беріңіздерші.Академиялық қарызы жоқ.Тек 30 сағат пропускісі бар.Мен ағамды аяймын. Бір әрекет жасаңыздаршы!Сіздерден өтінемін.Егер мүмкіндік жоқ болса мені де ата анам оқуға жібермейді.
Кешіріңіз, хатта аты – жөніңіз көрсетілмегендіктен жалпылама айтуға тура келіп отыр. Сіздің ағаңыз бүгінгі күні студенттер қатарында жоқ. Ағаңыздың (Р.М.Қоқанбековтың) оқу жылының басынан бастап сабаққа деген көзқарасы нашар болды, оның үстіне сабақты себепсіз босата берді. Оның оқудағы тәртібі жайлы бірден ата – анаңыз хабардар болған болатын. Ата – анаңыз бақыласа тәртібі жақсарады дегенбіз, алайда одан біз күткендей нәтиже болмады. Ешқандай оң өзгеріс байқалмады. Ауызша түрлі сылтаулар айтқандарымен дәлелді құжаттарын көрсеткен жоқ. Қысқы емтихан сессиясына қатысқанымен нәтиже шығара алмады. Академиялық қарызы болды. Алайда қосымша белгіленген уақытта да тапсырмады. Екінші семестрде алдындағыдай жағдай қайталанды, сабақтарды себепсіз босата берді. Үйлеріңізге жеделхат жолданды. Анаңыз телефон арқылы хабарласқанда себебін сұрадық. Ауырып жатыр, анықтама қағазы бар, жазылған бетте Астана қаласына кетеді, анықтама қағазын деканатқа әкеліп тапсырады деген болатын. Одан кейін де бірнеше қайтара телефонмен хабарласып отырды. Уақыттың өтіп жатқанын, баласының сабақта жоқ екенін, оның үстіне анықтама қағаз әкелмегенінен хабардар еткен едік. Деканатқа шақыртумыздың өзіне келмей қойды. Құжаттарын әкеліп көрсетеміз деген соң уақыт белгіледік. Осыдан кейін бір айдан аса күттік. Белгіленген уақытқа әкелмеді. Анаңыз баласының оқу тәртібін сақтамайтындығынан хабардар. Өзі деканатқа келгенде дәрігерлік анықтама қағазын бірде жоғалттым десе, бірде айран төгіліп жарамсыз болды дегенді айтты. Сол жарамсыз күйде болса да көрсет дегенімізге әкелмеді. Бірнеше рет оқу тәртібін сақтамағаны үшін шығарылатындықтарын ескерткенге қарамастан нәтиже болмады. Сондықтан Сіздің ағаңыз оқу тәртібін бұзғаны (60 сағаттан көп себепсіз сабақ босатқан) үшін оқудан оқудан шеттету туралы шешім қабылданған (29.04.2010ж. №765 бұйрық). Оқуын жалғастырғысы келсе 2012 жылдың қаңтар айында келіп, келісім шарт негізінде студенттер қатарына қайта қабылдануына болады.