Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/14/22, 03:25
Назерке

Сәлеметсіз бе,мен 1 курсты грантта балық шаруашылығы факультетінде бітірдім,2-курста басқа факультетке ауыссам грант сақталып қалады ма,ол үшін не істеуім керек?!рақмет


Сәлеметсіз бе!

Басқа білім беру бағдарламасына ауысқан кезде грант сақталмайды.

Барлық сұрақтар бойынша, Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына 31-75-62 телефоны арқылы хабарласуға болады.

7/13/22, 14:01
Махаббат

Сәлеметсіз бе?! 80 баллмен грантқа түсе аламын ба? Универдегілерге жазсақ жауап жоқ. Мен ата—ана ретінде сізге шығып отырмын


Сәлеметіз бе Махаббат!

Сіздің www.kazatu.kz сайтына жазған сұрағыңыз бізге енді келіп түсті. Кеш жауап беріп отырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Сіздің тарапыңыздан қойылған сұраққа жауап келесідегідей: Мемлекеттік грантқа түсу ағымдағы жылдағы белгілі бір  мамандыққа тапсырған абитуриенттер санына және  сол мамандыққа бөлінген грант санына тікелей байланысты. Сізге сәттілік тілейміз!

7/13/22, 12:23
Рауза Турабаева

55балмен түсемізба орманшаруашылығыма


Құрметті Рауза!

КазАТУ блогына жіберген сұрақтарыңыз бізге енді келіп түсті. «Орман шаруашылығы» мамандығына былтыр ауыл квотасымен 63 баллмен, ал жалпы конкурс бойынша 68 баллмен түскен. Биыл неше баллмен түсуге болатынын тек грант конкурсы нәтижесі шыққан соң білетін боламыз. 55 баллмен грант конкурсына қатысуға болады, өтініш беріп те үлгерген боларсыз. Енді нәтижесін күтейік, 1-5 тамызда шығады (10 тамызға дейін шығуы тиісті). Түсіп кетуіңізге тілектеспіз.

7/13/22, 09:14
Хуатберди Ахжол

Саламатсыз ба мен моголиядан келген баламын сіздерге құрлыс мамандығына тапсыруға бола ма 59 баллмен


 Сәлеметсізбе Ақжол!

 Сізге КазАту университетінен жауап беріп отырмын .Сіздің өтініш бізге енді келіп түсті
 

Жауап: Өкінішке орай сіздің балыңыз бұл мамандыққа шекті балға жетпейді .Бұл мамандыққа шекті бал кем дегенде 60 балл болуы қажет.Сіз өзге ел азаматы болсаныз бірақ ұлтыңыз қазақ болса онда диаспора квота сізде конкурс қатысқан кезде  автоматты түрде шығады.ЕСКЕРТУ сізде квота болсада сізде бірақ кем дегенде шектік балл болуы қажет

7/13/22, 04:35
Бектөре

Ақылы оқуға түсу үшін сертификат қажетпе ?


Құрметті Бектөре!

КазАТУ блогына жіберген сұрақтарыңыз бізге енді келіп түсті. Ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты міндетті түрде қажет. Сертификатта көрсетілген әрбір пән баллы 5 және одан жоғары болуы қажет, ал жалпы балл көрсеткіші 50 және одан жоғары болуы қажет. Сертификатта көрсетілген профильді пәндер таңдаған мамандыққа сәйкес болуы керек. 

Оқуға түсіп кетуіңізге тілектеспіз.

7/8/22, 14:33
Азамат

Сәлеметсіз бе! Сіздерде радиотехника факультетінде жылына оку акысы канша,54 баллмен грантка түсе аламын ба?Жане кай уакытка дейин документ кабылдайсыздар?


Сәлеметсіз бе Азамат!

Сіздің хатыныз бізге енді жетті. Радиотехника жылына 606 мың тг. Грантқа 22 шілдеге дейін қабылдау өтіп кетті. 

8 (71-72) 31-75-56 Қабылдай комиссиясы