Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/7/22, 21:03
Дінмұхаммед

Психометриялық тесті тапсыруға қалай өтініш берсем болады


Қайырлы күн, Дінмұхаммед! Психометриялық тесстерді әрбір жерлілікті орындарда арнайы бекітілген комиссия құрамы қабылдайды.

7/7/22, 14:27
Мадияр

Грант барма 52 балмен Жылдык оку акысы канша Автоэлектрик мамандыгы барма


Сәлеметсіз бе Мадияр!

Сіздің хатыныз бізге енді жетті. Грант конкурсына 50 баллдан коп болса беруге болады. Грант конкурсына кабылдау 22 шілдеге дейін болды

8 (71-72) 31-75-56 Қабылдай комиссиясы

7/4/22, 18:53
Тулкибаева Жаксыгул

Саламатсыздар ма! Мен 2008-2013ж ВиТЖ факультеті Ветеринариялық санитария мамандығын тамамдаған түлектеріңіз боламын. Шымкент қаласына Вет служба МКК жұмысқа кірейін десем сіздің дипломыңыз Ветеринарная Санитария .бізге Вет.Медицина бітіргендер орналасады дейді. 2014-2020 ж аралығында Түркістан облысы Жетісай ауданында тура осы мекемеде жұмыс жасадым. Вет санитария Вет служба да жұмыс жасай алмайды. Сіздер тек инспекция мен зертханада ғана жұмыс жасай аласыздар дейді. бұл қаншалықты дұрыс. Нақты қай жерде жұмыс жасай алады деген ақпаратты қайдан алсам болады.


Қайырлы күн, Жақсыгуль!

Сіздің хатыңыз жақында бізге келіп түсті! Сіздің сұрағыңызға жауап беруге қуаныштымын! Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша  

- базарлардың ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу және тағам қауіпсіздігі зертханалары;

- соттық сараптаама орталықтары;

- санитарлық-эпидемиологиялық сараптаама орталықтры (СЭС);

- ет өңдеу кәсіпорындары;

- шұжық және консерві шығару кәсіпорындары;

- экологиялық және ветеринариялық полиция;

- ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҚМ ветеринариялық қызметтері;

- мемлекеттік ветеринариялық қызметтің басқару органдары;

- мемлекеттік кедендік қызмет мекемелері;

- биологиялық комбинаттаар мен өзге биологи-ялық белсенді заттарды даайындау және бақылау кәсіпорындары;

- көліктегі, шекарадағы бақылау-өткізу бекеттері;

- ғылыми-зерттеу институттары, ветеринариялық бейіндегі оқу орындары мен ұйымдарында жұмыс жасауға болады

Қосымша сұрақтар бойынша

8 702 887 66 60 телефонына хабарласуға болады.

6/30/22, 17:53
Алия Сарсенбай

Универе калаи туссем болады?проходной жинай алмасамда?кандай документ керек?


Құрметті Алия Сарсенбай!

 

Өкінішке қарай, ҰБТ қорытындысы бойынша грантқа үміткер бола алмайсыз. Шекті балл жинамаған адам ретінде ақылы шарттық негізде оқуға түсуі мүмкін, бұл ретте Сізге ҰБТ-ны 2023 жылы тапсыру және 50 өту балын растау қажет болады, расталмаған жағдайда 1 курстан кейін оқудан шығарылуға тиісті боласыз.

Сондай-ақ, "шартты" оқуға барлық мамандықтарға қабылдануға рұқсат етілмегенін атап өтеміз, шартты түрде қабылдануға арналған мамандықтар тізбесі 2022 жылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін айқындалатын болады.

Талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-25 тамыз  аралығында университеттің АЖЖ арқылы (https://platonus.kazatu.kz/index)  жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізімі: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 6 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты.

 

Анықтамалар үшін: 31-75-56

 

6/30/22, 09:24
Гульсара Кайдаулова

Саламатсыз ба менің қызым январь тестінен 55 жинады ,химия биология соған қандай мамандықтар бар , көп балалы анамын


Құрметті Гульсара Кайдаулова!

 

Бейіндік пәндері көрсетілген университетіміздің мамандықтар тізімі мен қажетті құжаттар тізімімен сілтеме арқылы жүктеп алуға мүмкіндігі бар буклеттен қарап алуыңызға болады (https://kazatu.edu.kz/files/docs/6614bc70adc830fecf407a0e3f98cfe6.pdf ).

2022 жылдың қаңтар айында тапсырған ҰБТ-дағы 55 баллмен ақылы бөлімге түсе алады, оқу ақысы жылына 700 мың теңге, өкінішке қарай, ақылы бөлімде оқудың төлем ақысы бойынша көпбалалы отбасылар үшін ешқандай жеңілдік жоқ, келісім-шарт бойынша оқудың жарты бағасын оқуға қабылдау кезінде, ал екінші жарты бөлігін қысқы емтихандық сессияға дейін төлеу қажет. Жеңілдік ретінде, тек оқудың екінші жарты бағасын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады, ол үшін оқуға қабылданған соң өтініш жазып көруге болады.

 

Анықтамалар үшін: 31-75-56

 

 

6/29/22, 10:55
Мейіржан

Сәлеметсіз бе!Мен Ұбтдан 54 балл алдым (Платный болса жылына қанша болады оқу ақысы соны білгім келеді .Электротехника и энергетика саласына .жәнеде қандай құжаттар керек ?


Сәлеметсіз бе Мейіржан!

 Сіздің хатыныз бізге енді жетті. Электротехника мен энергетика 606 мың тг.

Қажетті құжаттар! Аттестат Оригинал, медиц.справка ф 075, ф 063, флюра, 8 сурет 3*4, копия удостоверения, сертификат ЕНТ, приписная 

8 (71-72) 31-75-56 Қабылдай  комиссиясы