Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/28/22, 08:48
Rauza

Орман шаруашылығына қанша балмен түсуге болады. Матемнен баламыз 4болып қалды болмаса Қаңтарда тапсырған тест пен түсуге боламс


Құрметті Рауза!

КазАТУ блогына жіберген сұрақтарыңыз бізге енді келіп түсті. «Орман шаруашылығы» мамандығына былтыр ауыл квотасымен 63 баллмен, ал жалпы конкурс бойынша 68 баллмен түскен. Биыл неше баллмен түсуге болатынын тек грант конкурсы нәтижесі шыққан соң білетін боламыз. Грант нәтижесі 1-5 тамызда шығады (10 тамызға дейін шығуы тиісті). 

Оқуға түсу үшін сертификатта көрсетілген әрбір пән баллы 5 және одан жоғары болуы қажет, ал жалпы балл көрсеткіші 50 және одан жоғары болуы қажет. Математикадан алған 4 баллмен грант конкурсына тапсыруға да, ақылы түсуге де болмайды, өкінішке орай.

Сізде тағы бір мүмкіндік бар ҰБТ тапсыруға. Ол үшін app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілдеде тіркеліп,  10-13 тамыз айында ҰБТ өту қажет. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. 

Қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ сертификатымен ақылы оқуға түсуге болады. Грант конкурсына қатысу үшін тек маусымдағы ҰБТ сертификаты жарамды.

 

Құрметпен, техникалық хатшы Ғани Кенесарыұлы.

6/28/22, 08:45
Рауза Турабаева

Сәлеметсіз бе қаңтарда ақылы тапсырған тестпен түсуге болама


Сәлеметсізбе, Рауза Турабаева!

Қыста тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша ақылы түрде түсуге бола. Егер де, жинаған баллдарыңыз 50 баллдан жоғары (яғни әрбір пән бойынша 5 баллдан кем емес және 50 баллдан жоғары болса) және грант нәтижесі бойынша ақылы түрде бос орындар болған жағдайда ғана қабылдаймыз.

 

Ізгі ниетпен,
Жанара Нуртаева

6/28/22, 05:16
Нурманова Жамила

Сәлеметсізбе? Ағылшын факультетіде барма екен? Менің қызым ағылшын таңдаған. Бал аз жинап қалды. Сабағы жақсы.


Қайырлы күн, Жамиля Нурманова! Университетімізде ағылмын тілі бойынша мамандарды дайындамайды. Педагогикалық мамандықтары бар университтерге хабарласуыңызды өтінемін.

 

Ізгі ниетпен,
Жанара Нуртаева

6/26/22, 10:13
Омарбек Венера

Осы универге тусу ушын канша балл жинау керек,кандай мамандыктар бар


Құрметті Омарбек Венера!

 

Бейіндік пәндері көрсетілген университетіміздің мамандықтар тізімі мен қажетті құжаттар тізімімен сілтеме арқылы жүктеп алуға мүмкіндігі бар буклеттен қарап алуыңызға болады (https://kazatu.edu.kz/files/docs/6614bc70adc830fecf407a0e3f98cfe6.pdf ).

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкерлер ҰБТ нәтижесі бойынша кем дегенде 50 балл жинауы керек, сонымен қатар әр пән бойынша 5 баллдан төмен болмауы керек, сонымен қатар әр жоғары оқу орны өзінің межелдік баллын орнатуға құқылы.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электрондық үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беру барысында талапкердің 4 мамандықты көрсетуге мүмкіндігі бар, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда, ол 4 мамандықтар бір оқу орнында немесе 4 оқу орнында болуы мүмкін.

Қажетті құжаттар тізімін сілтеме арқылы жүктеп алуға мүмкіндігі бар буклеттен қарап алыңыз (https://kazatu.edu.kz/files/docs/6614bc70adc830fecf407a0e3f98cfe6.pdf ).

Гранттар нәтижесі 1-5 тамыз күндері белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады.

 

Анықтамалар үшін: 31-75-56

6/26/22, 08:43
Абай Нұргелді

Саламатсзбаа Менің Есімім Нургелді 26.06.22 Мен шығармашылық таңдап отырмын осы КазАту ға Архитектура мамандағына тускім келеді Убт Алған балым 35/26 Жәнеде сіздерге окуға тусу ушін кандай документтер жинау кереккк


Сәлеметсізбе Нұргелді!

 

Сәлеметсізбе! Сізге КазАту университетінен жауап беріп отырмын .Сіздің өтініш бізге енді келіп түсті

Сәулет мамандығына түсу үшін сіз шығармашылық емтихан тапсыруыңыз қажет ол екі бөлімнен тұрады сызу және суреттен.Грантқа құжат қабылдау уақыты 13.07.2022-22.07.2022 (кем дегенде шығармашыл

қажет құжаттар тізімі

1) аттестат (диплом) түпнұсқа, 

2) 075-У, 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті

3) 3х4 көлемiндегi 6 фотосурет, 

4) жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, 

5) ҰБТ сертификаты

6/24/22, 18:15
Ақмарал

Сәлеметсіз бе 70 балмен сіздердің университитеттеріңізге биологиялық және сабақтас ғылымдар мамандығына грантқа түсе аламын ба??осы универде қатты оқығым келеді))


Қайырлы күн, Ақмарал!

Сіздің хатыңыз жақында бізге келіп түсті! Сіздің сұрағыңызға жауап беруге қуаныштымын! Сіз грант конкурсына қатысуға өтініш беріп, біздің университетімізді таңдап, "Биологиялық және сабақтас ғылымдар" БББ-ын көрсеттіңіз деп үміттенемін. 70 балл - бұл жақсы нәтиже, мүмкіндік бар! Қосымша сұрақтар бойынша

8 702 887 66 60 телефонына хабарласуға болады.