Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/24/22, 15:01
Ерасыл Бейбітхан

Сәлеметсіз бе мен Ұбт дан 67 балл жинадым мен қандай мамандықтарға гран бола аламын


Қайырлы күн, Ерасыл!

Сіздің хатыңыз жақында бізге келіп түсті! Сіздің сұрағыңызға жауап беруге қуаныштымын! Сіз мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініш беріп, біздің университетімізді таңдап, БББ-ын көрсеттіңіз деп үміттенемін. 67 балл - бұл жақсы нәтиже, грантқа өтуіне мүмкіндік бар! Конкурсқа қатысу үшін 50 баллдан кем болмау керек. Бейіндік пәндер бойынша буклет тіркедім, қосымша сұрақтар бойынша

8 702 887 66 60 телефонына хабарласуға болады.

6/24/22, 14:23
Айғаным

Биалогия география бойынша сіздерге ең аз неше балмен түсу мүмкндігі бар сол туралы білгім келеді


Құрметті Айғаным!

КазАТУ блогына жіберген сұрақтарыңыз бізге енді келіп түсті. Биология және география профильдік пәндерге сәйкес келесі мамандықтар таңдауға болады: «Қоршаған орта», «Орман шаруашылығы», «Психология», «Әлеуметтік жұмыс» және педагогикалық мамандықтар (педагогикалық мамандықтар бойынша 75 баллдан кем болмауы қажет).

Биыл неше баллмен түсуге болатынын тек грант конкурсы нәтижесі шыққан соң білетін боламыз. Мысалы, «Орман шаруашылығы» мамандығына былтыр ауыл квотасымен 63 баллмен, ал жалпы конкурс бойынша 68 баллмен түскен. «Қоршаған орта» мамандығына былтыр 73 баллмен түскен. Ендеше, грант конкурсы нәтижесін күтейік, 1-5 тамызда шығады (10 тамызға дейін шығуы тиісті).

Оқуға түсіп кетуіңізге тілектеспіз.

6/24/22, 11:29
Мөлдір

Мен ұбт тапсырдым биология география пәнінен 60 балл жинадым грантка түсуге мүмкіндік бар ма ? Биология география пәніне орай кандай мамандықтар бар ?


Құрметті Мөлдір!

КазАТУ блогына жіберген сұрақтарыңыз бізге енді келіп түсті. Биология және география профильдік пәндерге сіздің алған баллыңызға сәйкес келесі мамандықтар таңдауға болады: «Қоршаған орта», «Орман шаруашылығы», «Психология», «Әлеуметтік жұмыс».

Биыл неше баллмен түсуге болатынын тек грант конкурсы нәтижесі шыққан соң білетін боламыз. 60 баллмен грант конкурсына қатысуға болады, өтініш беріп те үлгерген боларсыз. Мысалы, «Орман шаруашылығы» мамандығына былтыр ауыл квотасымен 63 баллмен, ал жалпы конкурс бойынша 68 баллмен түскен. «Қоршаған орта» мамандығына былтыр 73 баллмен түскен. Ендеше, грант конкурсы нәтижесін күтейік, 1-5 тамызда шығады (10 тамызға дейін шығуы тиісті).

Оқуға түсіп кетуіңізге тілектеспіз.

6/23/22, 11:27
Улжалгас

Бұл ЖОО-да дизайнер мамандыгы немесе стилист мамандыктары окытвдама? Және оған қанша баллмен грантқа түсуге болады? (35/30жетема)


Сәлеметсізбе Ұлжалғас!

Сәлеметсізбе! Сізге КазАту университетінен жауап беріп отырмын .Сіздің өтініш бізге енді келіп түсті

Жауап: 

6В031"Дизайн" білім беру бағдарламасы бар

Оқу мерзімі: 5 жыл

Оқу нысаны-күндізгі 

 

Грантқа түсу үшін сіз шығармашылық емтихан және ұбт тапсыруыңыз қажет.Және шығармашылық емтихан мен ұбт қорытндысының балл қосындысы кем дегенде 70 балл шектік балл жинауыңыз қажет.

6/23/22, 10:30
Жігер Жұпар

Осы университетің шекті балы неше?


Қайырлы күн, Жұпар!

Сіздің хатыңыз жақында бізге келіп түсті! Сіздің сұрағыңызға жауап беруге қуаныштымын! Біздің университетімізде БББ топтарына 50 балдан басталады, В045-Аудит және салық салу-60 балл, В074-қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс-60 балл және В073-Сәулет-70 балл
 

Қосымша сұрақтар бойынша

8 702 887 66 60 телефонына хабарласуға болады.

6/22/22, 08:51
Данияр

Саламатсыз ба, сіздерге құжатты ветеринарға тапсыру үшін қашан бастаймыз және ұбтдан 71 бал алып едім сол балмен грант болады ма қандай құжат дайындау керек .


Құрметті Данияр!

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкерлер ҰБТ нәтижесі бойынша кем дегенде 50 балл жинауы керек, сонымен қатар әр пән бойынша 5 баллдан төмен болмауы керек, сонымен қатар әр жоғары оқу орны өзінің межелдік баллын орнатуға құқылы.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электрондық үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беру барысында талапкердің 4 мамандықты көрсетуге мүмкіндігі бар, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда, ол 4 мамандықтар бір оқу орнында немесе 4 оқу орнында болуы мүмкін.

Қажетті құжаттар тізімін сілтеме арқылы жүктеп алуға мүмкіндігі бар буклеттен қарап алыңыз (https://kazatu.edu.kz/files/docs/6614bc70adc830fecf407a0e3f98cfe6.pdf ).

Гранттар нәтижесі 1-5 тамыз күндері белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады.

Анықтамалар үшін: 31-75-56