Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/31/15, 20:06
өмірзақова шолпан рахымқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студентімін.Менде мемлекеттік грант. Білім алып жаткан мамандығым \"есептеу техникасы және бағдарламалау технологиясы \". Менің сұрағым: Мен осы мамандыққа сіздердің университеттірініңізге ауысуыма болама грантымды сақтап, егер болса кандай дакументтер және қай уақытта тапсыру қажет?
Құрметті Шолпан ! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру гранты мамандығы және курсы сәйкес келген жағдайда ғана сақталады. Басқа сұрақтарыңыз бойынша компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканатынан толық ақпарат ала аласыз. Мына байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймын: 8 (7172) 38-40-02.
1/22/15, 17:59
Ергалиева Жадыра Сериковна
сәлеметсізбе! Ақылбек Қажығұлұлы. Мен сәулет өнері факультетінің 3 курс студентімін 1 және 2 курстарда сессияны үздікпен аяқтадым және 3 курстың 5 семестрінін де үздікпен жаптым. Егер мен осы семестрді үздікке аяқтасам грант бөлінеме?
Құрметті Жадыра Серікқызы! Мемлекеттік грантта орын босаған жағдайда конкурсқа қатыса аласыз. Сіздің GPI 3,68 балл екен, сондықтан бұл сұраққа орай деканатқа хабарласуыңызды сұраймын.
1/19/15, 16:20
Сапаров Асет Калиевич
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен, техникалық факультетінің 2 курс студентімін. Бір сабақтан емтиханнан өте алмай, жазғы семестрге қалып қойдым. Стипендиядан айырылып қалмас үшін, қазір тапсыруыма бола ма?
Құрметті Әсет! Қысқы сессия кезінде тапсыра алмаған сынақтарды тапсыру үшін жазғы сессиядан кейін арнайы уақыт бөлінеді. Өтініш жазу үшін деканатқа хабарласыңыз.
1/13/15, 10:37
Койшыгалиева Кунслу Уралбаевна
050701 Биотехнология мамандығын бітірген студент мектепте жұмыс істей алама егерде жұмыс істеуге болса калай толенеді
Құрметті Күнсұлу Оралбайқызы! Сіздің сұрағынызға орай айтарым, 5В070100-биотехнология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алғаннан кейін Қазақстан Респуликасының 2004, 2009 және 2012 жылдардағы Мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орта мектептерде, гимназияларда және колледждерде оқытушы болып жұмыс істей аласыз.