Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/2/15, 02:09
Досжан Сауле Болатқызы
Сәлеметсіз бе, аса құрметті Ахылбек Қажығұлұлы! Қолыма қалам алып тағы да хат жазуға тура келіп отыр, бұған дейін де жатақхана мәселесі бойынша Сіздің қабылдауыңызда болып, кейін поштаңызға өтініш те жазған болатынмын. Алайда ешқандай қозғалыс жоқ. Жатақхана мәселесін қарастыратын тұлғалар 1-2 рет береміз деп одан кейін белгісіз себептермен осы уақытқа дейін әлі де алдаусыратып келеді. Өз басым бөлмені кеңейту мәселесі туралы өтініштерді ғалым хатшы арқылы тіркетіп, 2006 жылдан бері жазып келемін, алайда еш нәтиже жоқ Өзім үш баланың анасымын, Алла жазса 2-3 аптада 4-ші баламды дүниеге әкелем. Бір бөлмеде 5 адам тұрып жатырмыз. Жолдасым осы университеттің біліктілікті арттыру институтының студенті. Өзім университетте 2005 жылдан бері үзбей қызмет атқарып келемін. Жатақхана мәселесі бойынша кірсем кезек келген жоқ дейді, сонда менен кейін жазған, менен кейін кезекке тұрған кісілердің өтініші бойынша қанағаттанарлық оң шешімдер қабылданса, менің өтініштерім неге назарға ілінер емес. Осыған дейін тұрған 18 шаршы метрден қосымша бөлме береміз деп басқа 18 шаршы метрге ауыстырды, оның қасындағы бөлмелер 2-3 рет босады, алайда басқа тұлғаларға берілді, одан көбіне бос тұрды, бірақ маған еш нәтиже болмады. Сонда 10 жылдай жұмыс істеген менің мәселем шешусіз қалып, көлденеңнен келген көк аттылардың жолы болғыш болғаны ма? Балаларым мектеп жасында, сабақ оқитын бір жапырақ орын таппай көршілермен асхана ретінде пайдаланатын ортақ бөлмеде түнгі 23.00-24.00-ден кейін сабақ оқуға тура келеді. Балалары үшін баз кешіп жүрген ананың жан айқайын еститін құлақ табылар ма деген ниетпен Сіздің блогыңызға хат жазуға тура келді. Артық кетсем кешірерсіз, алайда оң шешім шығарып қандай да бір ұйғарым жасар деген үміттемін. Қазіргі таңда 62 бөлмеде 1 ғана магистрант тұрып жатыр, ол бөлме, мен, осы секцияға келгелі 2-3 рет босады, сол магистрантты басқа бөлмеге көшіріп балаларымның жағдайын түсініп, ағалық мейірім танытар деген ойдамын. Алдын ала ризашылығымды білдіріп, Сізден асыға жауап күтемін.
Құрметті Сәуле Болатқызы! Сіздің жатақханадан қосымша бір бөлме алу туралы жазған өтініштеріңіз тіркеуде тұр. Барлық өтініштерге қатысты шешім Тұрғын-жай комиссиясының қарастыруымен Басқарма отырысында қабылданады. Оқу-көмекші және техникалық персонал бойынша тізім профессорлық-оқытушылар құрамына арналған тізімнен бөлек жүргізіледі. Соңғы екі жылда мамандықтар бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында сырттан мамандардың көптеп шақыртылғаны белгілі. Осыған орай, олардың жатақханаға мұқтаждығын ескере отырып, кезектен тыс беру жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі уақытта секцияға өтініш білдірген оқу-көмекші персоналдың саны 5-еу болса, профессорлық-оқытушылар саны-37. Олардың ішінде де көпбалалы отбасылар бар. Осыған орай, Сіздің өтініштеріңіз алдағы уақытта өз кезегімен қаралатын болады. Сондықтан, түсіністік танытуыңызды сұраймын.
2/24/15, 12:19
Оразалин Асқар Жолдыбайұлы
Сәлеметсіз бе? Сіздерде кітапханашы мамандығы бойын оқыту бар ма? Оқу ақылы ма немесе грантқа түсу мүмкіндігі бар ма? Мен колледж бітіргем,басқа мамандық бойынша.Сіздерде кітапханашы мамандығына оқыту бар болса,оқуға тест тапсыру қандай пәндерден болады.Және жатақхана ақылы бола ма 1 айға қанша болады?
Құрметті Асқар! Біздің университетте «Кітапханашы» мамандығы бойынша дайындық жүргізілмейді. Мамандықтар туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан, ал мемлекеттік білім гранттарына межелік өту балдары туралы мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының http:/testcenter.kz сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/15/15, 00:40
АЛАЩ УЛЫ
Ассалаумагалейкум Акылбек ага!Мен осы шаныракта билим алып журмин!жатакханада турамын.Менин айтайын дегеним,жатакханадагы ишки ережелер кун сайын катал болып барады.жатакхана ережесинде жох ережелер колданылып жур!ол студенттик кенестин иси ма?сагат 1 ден кейин болмеде жарык жагуга болмайды, ар этаждын оку болмеси болганымен ол жерде ине шаншыр жер болмайды!одан кейин биз сабакты тан алдында турып окуга мажбурмиз! оган да уйрендик!сагат 11 ден кейин болмемизде сойлесе де алмайтын болдык,студенттик кенес курамы есик сыртында ангиме тындайтынды шыгарды!оны канша рет байкап журмиз!бул жатакхана ережесине кирмесе оны ким шыгарды? студенттик кенес курамы оздерин студент екенин умытпаса екен деймиз!жане осыны оз колынызга алсаныз екен!рахмет!
Құрметті Алашұлы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жатақханада тұратын әр студенті Жатақханаларға орналастыру жəне ішкі тəртіп туралы ережені білуге міндетті. Ережеде жатақханада тұратын студенттің сағат 23.00-ден кейін бөлмеде тыныштық бұзуға жол берілмейтіндігі, артық жарықтандыру құралдарын сөндіруге тиіс (8.24) екендігі, сонымен қатар жатақханадағы студенттік кеңестің құрамын қайта сайлауға немесе құрамына сайлануға құқығы бар (8.13) екендігі жазылған. Осыған орай, сабаққа әр студент түнгі 23.00-ден кейін жатақханадағы арнайы оқу бөлмесіне (сессия кезінде асхана залында) барып дайындалғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл басқаларға бөлмеде демалуға мүмкіндік беретін барлық оқу орындарында қалыптасқан жүйе. Ал Студенттік кеңестің түн уақытындағы теріс әрекеттері алда ескеріледі.
2/13/15, 01:08
Сарматов Алихан Азаматович
Салеметсіз бе! қояр сұрағы, мен Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінде оқимын.Осы университетке ауысуыма бола ма? Сіздерге қандай мамандыкка түсуге болады? Мысалы Информатика мамандыгына тусейн дегем. 2 ши сурагым Орман шаруашылыгы ресурстары факультетине сырттай бөлімге түсуіме бола ма? Мен орман шаруашылыгы жонинде орта арнаулы колледж тамамдагам, уздік дипломмен.
Құрметті Алихан! Біздің www.kazatu.kz сайтына кіріп, мамандықты таңдап алғаныңыз жөн. Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтының «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. Екіншіден, колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 баллдан, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан кем болмауы тиіс және колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне кез келген мамандықтарына оқуға түсе алады. 2014 жылдан бастап, университет қысқартылған бағдарлама бойынша қабылдауды жүзеге асырмайды. Ал мектепті өткен жылдары бітірген азаматтар тек қана күндізгі бөлімге толық оқу бағдарламасына түсе алады, ол үшін кешенді тестілеу тапсырады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/4/15, 17:48
Сайдигусаров Амирхан Мырзаханулы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Кофенің адам ағасына пайдалы екенін және шаршаған кезде сергектік беретінін білеміз. Сізге қояр сұрағым неге біздің университетте кофе сататын арнайы орын жок? асханада сататын кофенің (3 в 1 кофе) өтірік кофе екенін білеміз. Еуразиялық Ұлттық Университетінде, Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінде, Назарбаев университетінде және басқа жоғарғы оқу орындарында кофеханалар бар.
Сәлеметсіз бе, Әмірхан! Қазіргі уақытта университетте кофе сату орындарын ұйымдастыру мүмкін емес. Өйткені университеттің әр ғимаратында студенттік асханалар жұмыс істейді.
1/31/15, 21:16
Нурсейтов Жасулан Серикович
Сәлеметсіздер ме? мен 2015жылы Жарқын орта мектебінің 11сынып бітіруші түлегімін. Сіздерге қояр сұрағым география пәні бойынша қандай оқу орындарына түсе аламын. Географиядан 17-18 балл жинап жүрмін.
Құрметті Жасұлан! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru