Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/25/20, 12:05
Сарсембекова Айгүл Саматқызы
Мені сіздердің - декандарыңыздың да, кафедра меңгерушісінің де, қызметін атамай әкіреңдеп сөйлескен тағы бір әйел адамның да - жауаптары қағаттандырмады. Тағы да сұрағымды қайталаймын: менің электрондық мекен-жайым сіздің университетте қайдан жүр? Кафедра меңгерушісі "бұрынғы тізім бойынша ссылка жіберіп қойыппын" деді. Сонда не болғаны, менің E-mail-ім сіздің университтегі "бұрынғы тізімде" қайдан жүр? Бұл деген - менің электронды мекен-жайым бұрынғы бір тізімде тұр деген сөз ғой?! Сонда мен сіздің университтте "мёртвая душа( болғаныма бірнеше жыл болғаны ғой?! Нақты жауап күтемін. Менің E-mail-ім сіздің университтегі тізімге қалай кіріп кеткен, қайдан жүр?
Құрметті Айгүл Саматқызы! Сіздің электронды пошта бойынша қатысты ректор блогына жолдама туралы келесілерді түсіндіреміз. Сіздің электронды поштаңыз Г.К. Құрмановада Э.А. Мурсалимова ханым мен С. Досаева ханымның таратуы бойынша пайда болды. Г.К. Құрманова, Э.А. Мурсалимова ҚазҰАУ (Алматы қ.) білетіндігін растайды, өйткені олар әріптестер, кадастр және жерге орналастыру саласы бойынша бір облыста жұмыс істейді. Алайда С. Досаеваны ол білмейді, ол да, сіз сияқты, хат жіберілім бойынша хатты алды. Барлығы оған 5 хат жіберілді. Онда сіздің электрондық поштаңыз да болды, өйткені бұл хаттар 26 адресатқа жіберілді. Сізге тағы да мазасыздық білдіргеніңіз үшін кешірім сұраймыз.
9/18/20, 13:42
Сарсембекова Айгүл Саматқызы
Сәлеметсіз бе? Мен сіздің университетте ешқашан жұмыс істеген емеспін. Бірақ бүгін "Кадастр және бағалау" кафедрасы оқытушысының 1,0 ставкасына "ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ" толтыруға маған "Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн" факультетінің деканы атынан келіп түсіпті. Бұл не? Мені сыртымнан "мёртвая душа" қылып тастағансыздар ма? Қандай құқықтарыңыз бар? Менің аты-жөнім сіздің университетте не себептен, қалай жүр? Жауап күтемін.
Құрметті Айгүл Саматқызы! Қазіргі уақытта біздің университет қашықтықтан жұмыс істейді, оқытушылардың кафедра меңгерушілерімен және декандармен байланысы электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Сіздің электронды поштаңызға "Кадастр және бағалау" кафедрасының меңгерушісі Г.К. Курманованың атынан қате хат жіберілді, алаңдаушылық үшін кешірім сұраймыз.
8/25/20, 09:27
Шамшиддинов Сәт Қанышұлы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен электроэнергетика мамандығының 2 курс студенті, 1 сабақтан тапсыра алмай қалып қойдым, орташа балым 2,15 болып тұр, осы балмен келесі курсқа өтуге болады деп айтып еді, енді мені келесі жылға қалдырғалы тұр. Ауыл мектебін бітіргесін ба, шынымен маған кейбір сабақтарды игеру өте қиын, бірақ тырысып оқып жүрмін. Ата-анам жұмыссыз, от- басымда 5 баламыз, тезірек диплом алып, ата-анама, кішкентай бауырларыма көмегімді бергім келеді. Осындай қиын кезеңде түсіністікпен қарап, мені келесі курсқа көшуге көмек беруіңізді және тапсыра алмай қалған 1 сабағымды оқу процесі кезінде тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Құрметті Сәт! Курстан курсқа көшіру ережелеріне сейкес 2 курстан 3 курсқа көшіру үшін студенттің GPA балы 2,0 болуы тиіс. Ал, сізде 2 курс бойынша GPA балы 1,95. Сіздің жағдайыңыз кафедра шешімімен «сапа бойынша кеңес» отырысында қаралып, С.Қ.Шамшиддиновты 1 пән қарызымен 3 курсқа көшіру ұсынысы туралы шешімі қабылданды. Қарыз болған пәнді 3 курста міндетті түрде тапсыру қажет болады.
8/23/20, 12:04
Хамзе Манарбек Назымбекұлы
Мен грантка конкурс жасап едим бирак менде резултатымда ештеңе жок сонда мен грантсыз калдымба
Құрметті Манарбек! Мемлекеттік білім гранттары конкурсын өткізу Білім және ғылым министрілігінің құзырында. Конкурс нәтижесін www.testcenter.kz, www.joo.kz сайттары арқылы біле аласыз.
8/21/20, 03:20
Абенова Айганым Бекмахамбетқызы
Сәлеметсізбе Сіздердің оқу орындарыңызда Кәсіптік оқыту мамандығының оқу ақысы қанша? Менің колледжде оқыған мамандығым жұмысшы мамандығы болғандықтан осы мамандықты таңдап, басқа оқу орныны құжат тапсырғанмын. Бірақ ол оқу орнында қашықтықтан оқыту бойынша оқи алмайды екенмін, егер сіздерде осы мамандықты қашықтықтан оқытатын болса, 1семестрден кейін сіздердің оқу орындарыңызға ауысуға мүмкіндік бар ма?
Құрметті Айганым Бекмахамбетқызы! «Жұмысшы» мамандығы болғандықтан күндізгі қашықтықтан оқи алмайсыз.
8/11/20, 03:56
Сейл Алемхат
Саламатсызба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Мен Сейл Алемхат Техникалық факультетінің АТТ мамандығының 3 курс студенті. 07.08.2020ж "Отын жанар-жағармай және техникалық сұйықтықтар"пәнінен ауылдық жерде интернет жылдамдығы нашар болып компьютерім қатып қалғандықтан экзаменды толық аяқтай алмай жазғы сессиядан 30 балл алып қалдым(сол сәтте экранды видеоға түсіру керек екендігін білмедім)осыған байланысты қайта тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Сәламатсізба Сейл Алемхат! Ережеге сәйкес СМЖ 02.2007-2019 білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу 6.28-тармақ қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кеш емес апелляция береді. Апелляцияға өтініш компьютерлік техниканың немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің істен шығуына байланысты берілуі мүмкін – бұл жағдайда білім алушының өтінішінде растау қажет. Білім алушының өтініші және хаттамамен ресімделген және апелляциялық комиссия мүшелері қол қойған апелляция нәтижелері білім алушыларды тіркеу және атестациялау бөліміне беріледі. Білім алушыларды тіркеу және аттестаттау бөлімінің қызметкері емтихан алушыға апелляция нәтижелерін енгізу үшін рұқсат береді. Барлық құжаттар онлайн режимінде университетінің автоматтандырылған жүйесі арқылы беріледі.