Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/10/20, 13:04
Муксиева Гульназ Аманжанқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Гульназ Аманжанқызы алты баланың анасымын, "Күміс Алқа" иегерімін. Екі үлкен балам сіз басқарып отырған университетте білім алуда. Үлкені-қызым магистратурада одан кейінгісі ұлым КСиПО бөлімінің 1-ші курсын жақсы аяқтады. Көп балалы жанұя болғандықтан ұлымды грантқа ауыстыруға көмектесуіңізді сұраймын.
Сәламатсізба Гүльназ Аманжанқызы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесінің негізінде келісім шарт бойынша оқуға түсіп білім алып жатқан студенттерге әр-бір семестрдан кейін білімалушының қорытынды бағалары бойынша (GPA балл) босаған грантқа конкурсқа құжаттарын тапсыру арқылы қарастырылады.
8/2/20, 03:17
Айдарова Шолпан Әбдрәшитқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Сізге денсаулық,қажымас қайрат,еңбегіңізге биік абырой тілеймін! Әлемді жайлап жатқан мына індет кезінде,халқымыз аман,еліміз тыныш болсын.Сіз басқарып отырған үлкен білім шаңырағы сапалы білім,білікті мамандар даярлауда еліміздің алдыңғы сапындағы оқу орны ретінде таныла берсін! Өмірде адамдар себептермен кездесіп отырады.Қоғамда тұлға туралы айтылатын пікірлердің анық-қанығына сол кезде көз жеткізесін. "Халық айтса қалт айтпайды"-дегендей,өзіңіздің тұлғаңызды,соған сай парасат пайымыңызды көргенде,сіздің кабинетіңізден жүрегім қуанышқа толып шықты.Өйткені қоғамнан сіз туралы тек жақсы пікірлер естіп жүруші едім.Халықтың сіз туралы биік ой-пікірлері сізге қуат берсін,сізге қорған болсын.Сіз туралы пікірімді,қуанышымды әріптесіме айтқанда,ол мені одан сайын қуаттап,"Сен ол кісінің фамилиясына мән бердің бе,тегіне назар аудардың ба"-деді.Күріш "Ол алтын дән,толысып пісіп қанша жандарды тамақтандырады, Бай -ол алтынға да алмастырмайтын байлық".Ақылбек Қажығұлұлы сондай кісінің тегі емес пе,өзі де молынан,кең пішілген азамат- дегенде,көптеген қыз-келіншектер жарыса мақтай жөнелгені.Қатты қызғанып кеттім.Әрине,сіз қызығуға және қызғануға лайықты азаматсыз.Ылайым да солай бола беріңіз,толысқан дәндей жан жағыңызға молшылық сыйлай беріңіз.Сіздің тілеуіңізді тілейтін,тілекшілеріңіз өте көп,соны біліп жүріңіз.Сізге естелік болып қалсын деп,Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих и Рашиди" тарихи еңбегін және ақын емеспін,тек жүректен шыққан пікірімді өлең жолдарымен қағазға түсіріп,хатшы қызыңызға табыстап кеткенмін.Ол қызыңыз сізге берді ме,бермеді ме,ол жағын білмедім.Ол жолы,сіз іс сапармен кетуіңізге байланысты,өз қолыммен табыстау бұйырмады.Ол төмендегідей мәтінде: Қымбатты Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге тарту еткелі тұрған кітап, Мұхаммед Қайдар Дулаттың «Тарих и Рашиди» (Хақ жолындағылар тарихы) атты еңбегі - Қазақ хандығының құрылу тарихының дерек көзі болып табылады. Еңбектің «Тарих и Рашиди» аталуы ,кішкентай кезінен жетім қалған өзін бағып- қағып жеткізген - Моғұлстан ханы Саид ханның құрметіне арнаған. Еңбекте Тоғылық Темір ұрпағы Саид ханның баласы Абдрашид ханның тұсындағы тарихи оқиғалар баяндалады. Сонымен бірге Абдрашидқызы Шолпан да сізге деген ықыласын мына шумақтармен білдіреді. Есіміңіз ел аузында бағалы Қадір тұтып құрметтейді саналы Дархан мінез халқыңыз бар біліңіз Кигізетін тонын алтын жағалы Сәті түсті маған да бір кездесу Әр адамның арманы ғой Шуағы мол тұлғаменен жүздесу Неткен ғажап, шарапатын сыйлайтын Жақсыменен қатарласып тілдесу Көркем мінез көрікті етер адамды Жақсылығы құтты етер қадамды Жылы қабақ танытқаннан табылар Әр сұрақтың шешілері табанды Бәсекеге қабілетті маманды Сұрасаныз аграркадан табарсыз Күрішбаев бастап тұрған ЖОО-ның Рейтингісі биікте тұр жарамды! Сізге Алланың нұры жаусын, елдің алғысына бөлене беріңіз. Жаныңызда абыройыңызға «көлеңке» түсірмейтін азаматтар көп болсын. Құрметпен автор: Шолпан Әбдрашидқызы !0 қыркүйек, 2018 жыл
Құрметті Шолпан Әбдрашидқызы! Сіздің ақ жарма тілегіңізді оқып шықтым. Сізге шын көңіліммен ризашылығымды білдіремін. Маған деген ықыласыңыз үшін рахмет! Ия сіз маған деп өз қолыңызбен жазған ақ тілекке толы өлеңіңізді алдым. Жеке архибімде сақтаулы тұр және сіз сыйлаған Мұхаммед Қайдар Дулаттың «Тарих и Рашиди» (Хақ жолындағылар тарихы) атты еңбекті де жеке мұрағатыма қойдым. «Тарих и Рашиди» кез келген Отаншыл азаматтың жүрегінің терең түбінен орын алатын дүние. Сондықтан бұл еңбектің әр парағын парақтап шықтым. Ғибраты мол қазына. Барлығы үшін сізге шын ықыласпен ризашылығымды білдіремін! Деніңізге саулық отбасы-жан ұйяңызға береке-бірлік тілеймін, қашан да аман болыңыз! Құрметпен А.Күрішбаев
7/10/20, 07:47
Надим Ботагөз Айболқызы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен энергетикалық факультеттің 3курс студентімін. Бізге маусым айының степендиясы осы уақытқа дейін әлі түспеді. Не үшін және қашан түседі?
Құрметті Ботагөз! Маусым айының стипендиясы білім алушыларға 10 маусым күні жіберілді.
7/2/20, 16:31
Алькенова Жансая Турарбековна
Сәлеметсіз бе! Ертенгі өзіміз алып кетуге болатын дипломды, неге почтамен беріп жібереді? Осы жолғы пандемияға байланысты вручение болмады, тым болмағанда дипломызды жеке келіп өзіміз алып кетуге рұқсат беруіңізді сұраймыз! Ең алғашында 2 күні деген, кейін уақыты 3 күніне ауысты, одан кейін бір факультет ережелерді бұзған соң бәрімізге тиім салды! Неге басқа топтың бір күндік қателігі үшін барлық топтар зардап шегу керек! Почта арқылы жібергенімен бізге диплом бірден келмейді, оның келуіне 2-3 күн болады, ал біздің тобымызда басқа қалаға жолға шығайын деп отырған студенттер көп, тым болмағанда дипломызды өзіміз алып кетуге рұқсат беруіңізді сұраймыз! 4 жыл оқып, еңбектендік, сонын нәтижесінде дипломызды почтамен алып кету үшін бе? Бұны әділсіздік деп ойлаймыз!
Құрметті Жансая! Дипломдарды білім алушыларға кызмет көрсету орталығынан кестеге сәйкес алуға болады. Факультет деканына хабарласып, дипломдарды алу кестесімен танысыңыздар.
7/2/20, 11:13
Тауменов Аманжол Джолдасбаевич
Саламатсызба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы мен Тауменов Аманжол агрономия мамандығы бойынша 3 курс студентімін. Мен жазғы семестрге 23 кредитпен қалып отырмын. Ал универ жүйесі бойынша тек 20 кредиттен аспау керек екен, асып кеткен жағдайда 1 пәнді басқа университетте тапсыру керек екен. Бірақ Қазақстан бойынша Аграрный университеттер жазғы семестрлерін аяқтап қойған. Сізге өтінерім сол 23 кредитпен біздің С.Сейфуллин университетінде тапсыра берсем боладыма?
Құрметті Аманжол! Университетте қабылданған Ережеге және Еңбек заңына сәйкес білім алушының жазғы семестрдің 6-аптасында (29.06-07.08.2020) жұмыс уақыты бойынша тек қана 20 кредит игеруге мүмкіндігі бар. Сондықтан Сіз қалған 3 кредитті тамыз айының 8-інен 25-іне дейінгі аралықта басқа университетте игеруіңіз керек. Олай болмаған жағдайда, өз курсыңызды қайта оқуға тура келеді.
7/1/20, 06:31
Джуманова Дана Маратовна
Сәлеметсіз бе, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Өкінішке орай қабылдау бөлмесіне хабарласа алмай жатырмын, сондықтан тікелей сізден сұрауымды жөн көрдім. Жалпы, ақылы негізде оқу үшін неше балл қажет? жəне университетке түсу үшін документтерді нешесіне дейін тапсыруға болады? Жатақхана ақысы мен оған тіркелу үшін қанша және қалай документтерді тапсырсақ болады? жене соңғы сұрағым, военная кафедра ақысы қанша болады? Жауабыңызды асыға күтемін! Алдын ала рахмет!
Құрметті Дана Маратқызы! Біздің университет бойынша ақылы негізге оқуға қабылдау үшін шектік балл 50 баллды құрайды. Құжаттар электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы қабылданады. Гранттар конкурсына өтініштерді қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Студенттік жатақханаларда 1 айлық тұру ақысы 7000 теңгені құрайды. Студент төлемді толық оқу жылына, яғни 9 айға (63000, 00 теңге) төлеуі керек. Ал жаңадан салынған №8 жатақханаға (1 айға 8000, 00 теңге, яғни 9 айға 72000,00 теңге) төлеуі керек. ҚазАТУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тапсырғанда міндетті түрде жатақхана мәселесі сұралады. Сол кезде өтінішті өз сұранысыңызға орай толтырсаңыз жеткілікті. Әскери кафедрада келісім шарт негізіндегі оқу ақысы өзгеріссіз жылына 178 900 теңге болып қалды.