Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/4/14, 00:44
Өмірзақова Фариза
Саламатсызба?Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!менің сізге қояр сұрағым 2 семестр сабақ қай күні басталады?
Құрметті Фариза! Академиялық күнтізбеге сәйкес 2-ші семестр 20-шы қаңтар айынан басталатынын хабарлаймын.
1/3/14, 13:43
Серикова Арайлым
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қожағұлұлы!Мен 11 сынып оқушысымын.Осы жылы мектепті тәмамдап,ЖОО-ға түскім келеді.Менің таңдау пәнім физика,алып жүрген орташа баллым 75-85 аралығында,қандай мамандық таңдауға болады?Мен осы оқу орнына түскім келеді.Университет ақпараттарынан мамандықтарды қарап көрдім,бірақ түсіне алмадым.Маған мамандық таңдауға көмектесіңізші.Алдын ала рахмет!
Құрметті Арайлым! Егер де таңдау пәніңіз физика болатын болса, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті, техникалық, энергетикалық факультеттерінің мамандықтарына оқуға бара аласыз. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету