Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/19/14, 18:53
Aigerim Habidolda
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Менің айтайын дегенім дене шынықтыру пәні бойынша біздің бағамыз транскриптте жоқ сол себепті біздің GPA төмен болып қалған сол бағамызды қашан енгізеді? Рахмет
Құрметті Айгерім! Дене тәрбиесі кафедрасының ұстаздары қысқы сессияның қорытынды бағаларын платонусқа қойды. Сондықтан Сіз өзіңіздің сұрағыңыз бойынша ректораттағы, 2-а кабинетіндегі тіркеуші кеңсеге жолыққаныңыз дұрыс. Қосымша ақпаратты 31 75 62 телефоны арқылы алуға болады.
1/14/14, 12:14
Ахмер Серикхан
Тарих факультеті грантқа түсу үшін қанша балл қажет? 5 пән дүние тарихы. Осы пәнбойынша қандай оқулар бар. Жауабын смс арқылы жіберсеніз жақсы болар еді
Құрметті Серікхан! Университетте таңдау пәні дүниежүзі тарихы болып табылатын мамандықтар жоқ. Мамандықтардың таңдау пәні бойынша мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан немесе Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/14/14, 10:50
Алтынай Досболова
Салеметсизбе, менин кояр сурагым биздин университтетин стомотологиясы тегин жумыс истей ме алде калай? Мен 18ге толганмын. Рахмет
Құрметті Алтынай! Стоматология қызметі емдеу күрделігіне байланысты студенттерге 30-50 пайыз жеңілдікпен қызмет көрсетеді.
1/11/14, 18:39
Рашкуль Жандеуова
Саламатсыз ба, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің ұлым Сейтжаппар Темірхан, 2013 жылы грантқа ТМО мамандығына түсті. Денсаулық жағдайларына байланысты, оны өзінің туған Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетіне гранты сақталып ауысуына арыз жазғанбыз. Бірақ, факультет деканы Нөкешев Саяхат Оразұлы грант есебінен деген сөзді жазғызбай өшіргізіп, ауысуға арыз жазудың үлгісінде \"грант есебінен\" деген сөз жазылмайды деп алдырып тастаған. Енді Қорқыт Ата университетінде \"грант есебінен\" деген сөз жазылуы керек деп ұлымды грантқа қабылдамай отыр. Факспен \"гранты сақталады\" деген растау қағазы (подтверждение) керек екен. Құжаттарды 15-қаңтарға дейін өткізуіміз қажет. Жолдың қашықтығына байланысты, барып-келуге үлгермейміз. Өтініш, осы істі тез арада шешілуін қадағаласаңыз екен. Рахмет! Жауап кутемін.
Рашкуль Жандеуовна! Өтініш белгілі нұсқа негізінде жазылған және Қорқыт Ата университетінің талабы дұрыс емес. Грант сіздің балаңызға берілген, егер сол мамандыққа ауыса, грант та балаңызбен бірге осы университетке ауысады. Қорқыт Ата университетінің бірінші проректорына факультет деканы С. Нөкешев хабарласып, гранттың куәлігінің көшірмесін факс арқылы жіберді. Сол кісімен хабарласыңыз.
1/9/14, 20:29
Әділ
Саламатсызба Ректор мырза! менің сұрағым. Мен, Энергетикалық факультетінде бөлінген мемлекеттік грантқа документ тапсырған болатынмын, сол грант кімге берілгені қашан белгілі болады ?
Құрметті Әділ! Бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік білім грантына үміткердің құжаттары оқу бөліміне тапсырылған болатын. Конкурс нәтижесі 2014 жылдың ақпан айында белгілі болады, толығырақ ақпаратты энергетикалық факультеттің деканатынан біле аласыз.
1/5/14, 23:56
Мадина Алиева
Сәлеметсіз бе? Мемлекеттік грантына үміткер ретінде конкурска құжаттарды қашанга дейін тапсыруга болады?
Құрметті Мадина! Сіздің курсыңызда мемлекеттік білім беру гранты бойынша босаған орын болған жағдайда, әр сессия соңында өзіңіз оқитын деканатыңызға конкурстық құжаттарды тапсыруыңызға болады.