Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/3/17, 15:28
Шорман Әжіхан Уәлиханұлы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы. Мен 11 сынып оқушысымын. Мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға түскім келеді. Нақтырақ айтқанда Ветеринарлық медицина мамандығына. Ол мамандыққа түсуге кемінде ҰБТ- дан қанша балл жинауым қажет.
Құрметті Әжіхан Уәлиханұлы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің "Ветеринариялық медицина" мамандығы бойынша оқуға түсу үшін биылғы 2017-2018 оқу жылына арналған оқуға қабылдау жоспарына сәйкес қазақ тобына 50 және орыс тобына 25 талапкер қабылдау жоспарланып отыр. "ҰБТ-дан қанша балл жинау қажет" - деген сұрағыңызға нақты жауап бере алмаймыз, себебі бұл мамандыққа бөлінетін мемлекеттік оқу грантымен үміткерлердің ветеринариялық мамандықты таңдау өтініштеріне сәйкес белгіленеді.
1/31/17, 17:09
Дарменбай Айтолқын Досанқызы
Сәлеметсіз бе,құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Сізге қояр сұрағым Мен ҚазАТУ-дың 1курс студентімін. Ақылы бөлімде білім аламын. 1 семестрден кейін мемлекеттік грантқа ешқандай орын босатылмаған екен. Бірақ қосымша гранттар бөлінуі мүмкін бе? Және сұрайын дегенім мемлекеттік гранттан басқа кейбір бағдарламалар бойынша қандай гранттар бөлінеді? Егер мен көпбалалы отбасынан болсам, әкім грантына қалай үміткер бола аламын? Раxмет.
Құрметті Айтолқын Досанқызы! Суденттерге тек қана мемлекеттік гранттарғана болинеди. Әкім грантына үміткер ретінде болам десен акиматқа барып сол жерден ақпарат аласын.
1/24/17, 16:09
Әбужәкіл Қайсар Дулатұлы
Сәлеметсізбе! Жаңа жатахананын қашан ашылатынын білгім келіп еді.
Құрметті Қайсар Дулатұлы ! Сіздің сұрағыңыз бойынша, студенттік жаңа жатақхананы 2017 жылдың 10 наурызында ашуды жоспарлап отырғанымызды хабарлаймыз.
1/1/17, 17:18
Хамитов Асқар Қуандық
Сәлеметсізбе! Менин сураин дегеним мен КазАТУ да 1 курс студентимин, 1 курстан кейін КТ тапсырып багымды сынап корейн деп едим университтеттен документти уакытша ала турып тапсыруға болама жане егер туспей жатсам окуымды жалгастыра беруиме болама?
Құрметті Асқар! Кешенді тестілеуді жазда тапсыруға болады, бірақ ол үшін өтініш жазып оқудан шығу керек. Егер де КТ нәтижесі қанағатсыз болса оқу басталмай тұрып 25 тамызға дейін университетке келіп қайтадан өтініш жазып оқуды жалғастыруға болады. Толық ақпарат алу үшін деканатқы хабарласыңыз