Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/20/17, 17:04
Себенгалиева Азиза Бериккалиовна
Сәлеметсізбе ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күршібаев! Мен Ақтау қаласынан боламын, Шаxмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік теxнологиялар университетінің кадастр мамандығы бойынша 1 курсын аяқтаған болатынмын.Сізден сұрайтыным КазАТУ ға кадастр мамандығына ауысуға боладма, және қай аралықта документ қабылдайды,және разница қанша шығатынын білгім келеді.
Сәлеметсізбе, Азиза! 2015 жылдың 20-қаңтарындағы №19 білімді ұйымдастыру бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережесіне сәйкес университеттің Жерге орналастыру факультетінің «Кадастр» мамандығының 2-курсына ауысу үшін демалыс мерзімдерінде (жазғы және қысқы каникул уақыттарында келесі академиялық кезеңнің басталуына бес күн қалғанға дейін) жүзеге асырылады және қажетті процедуралар мен құжаттар төмендегідей: - өзіңіз оқып жатқан университеттің басшысының атына ауысу жөнінде өтініш жазып, университет тарапынан сіздің ауысуыңызға қарсылығы жоқ деген жазбаша келісімін алу керек; - С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасына ауысу жөніндегі өтініш жазып, оған транскриптің түптұсқасын, (университет басшысы мен тікеуу бөлімінің қолдары қойылып мөр басылу қажет) білім грантының иегері жөніндегі куәлік (егер грантта оқысаңыз), оқуға түсу жөніндегі сертификат, мамандығыңыз бойынша білім беру жөніндегі университеттің лицензиясы қажет. Ақылы бөлімге ауысатын болсаңыз университетпен қосымша келесім-шарт жасалады. Ал айырмашылықты (разницаны) білу үшін бізге сіздің оқу үлгерімі бойынша транскриптіңіз қажет. Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-не басқа жоғарғы оқу орындарынан ауысу үшін сіздің GPI 2,0-2,2 аралығында болу керек екндігін ескертеміз.
6/4/17, 18:54
Жұмамұратова Гүлдана Полатбекқызв
Саламатсыз ба? Мен 11 сыныпқа көшкен оқушы едім. Құдай қаласа 2018 түлегімін. Сол енді осы кезден дайындалайын десем. Кім боларымды нақты білми жүрмін. Өзіме документальный жақ ұнап жүр (саяси жақпа.). Сол енді қыз балаға соған байланысты қандай мамандық бар? Көмектесе аласызба Өзім Алматы қаласына түскім келеді.
Құрметті Гүлдана! Біздің университетте саяси бағыттағы мамандықтар жоқ. Біз, Астанадағы жоғары оқу орнымыз. Алматыға оқуға түскіңіз келсе, алматылық оқу орындарынан мәлімет алуыңызға болады. Егер де Сіз құжаттармен жұмыс жасауды ұнататын болсаңыз, кез келген мамандықты бітірген кезде сол мамандықтың өз саласына қатысты құжаттама айналымы жүргізіледі, ал егер де Сіз болашағыңызды саясатпен байланыстырғыңыз келсе, кез келген мамандықты игеріп, мықты саясаткер болуға болады. Университетіміздің 60 жылдық тарихы бар, осы уақыт ішінде бітірген түлектеріміздің арасында мықты саясаткерлер де, ұйым басшылары да, Парламент депутаттары да, өндірістің үздіктері де бар. Анықтамалар үшін: 317-556
5/26/17, 13:10
Рыскулбек Аят Мелденулы
Cаламатсыз ба Күрішбаев Ақылбек Қожағұлұлы. Мен 4курс экономика факультетінің студенттімін. Менің сізден сұрайын дегенім. Мен қызыл диплом алатын едім, мемлекеттік емтихандарымның барлығы бес және орташа сабақ үлгерім балымда жоғары, тек бір сабағымнан 74 болып тұр. Енді қызыл диплом алайын десем сол 74 балды бір сабағым кедергі келтіріп тұр. Соны өзгертіп қызыл диплом алуға болама.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2013.11.04 №445 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) "Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік ережесінің келесі баптарына сәйкес 149 б. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі. 150 б. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент осы Ереженің 149-тармағында көрсетілген талаптарды орындағанына қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады. Сіздің үздік диплом алуға мүмкіндігіңіз жоқ.
5/6/17, 07:29
Әлімов Шыңғыс Серікұлы
Сәлеметсізбе! Мен жазғы семестр туралы, сізден сұрайын деп едім. Жазғы семестрді келесі жылға қалдырып тапсырсам болама?
Құрметті, Шыңғыс Серікұлы! 2008 жылдың 18 наурызындағы №125 Типтік ережелеріне сәйкес жоғары оқу орындары білім алушыларының ағымдағы үлгерімін, аралық және қорытынды бақылауды өткізуде Сіз емтихандағы «қанағаттанарлықсыз» бағаны жазғы семестрде «қанағаттанарлық» бағаға қайта тапсыруға құқыңыз бар. Пән бойынша жұмыс оқу жоспарында көрсетілгендей, барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, қорытынды бақылауға қатысуға рұқсат аласыз. (2-бөлім, 43п.). Төмендегілерге назар аударыңыз: - емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жазғы семестрдің нәтижесін ескере отырып, келесі курсқа өту ұпайы есептеледі (2-бөлім, 48-п.); - ең төменгі өту балын жинай алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады(2-бөлім, 52п.). - пән мазмұнында келесі семестрдің пререквизиті болмауы қажет.
4/12/17, 07:55
оразкул жанболат абилханулы
сәлеметсізбе? сізге қояр сұрағым егерде битіретңн жылы дипломдық жұмысты тапсыра алмай келесі жылға қалған жағдайда келесі жылы канша кредит толеу керек канша стенге болады
Құрметті Жанболат! 2016-2017 оқу жылына бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты жобаны) жазу және қорғауды орындамаған жағдайда студентті оқудан шығаруға бұйрық шығады. Сол себепті егер сіз дипломдық жұмысты қорғауға жібермеген болсаңыз, келесі 2017-2018 оқу жылының 1 семестрінен кейін, яғни қысқы демалыс уақытында деканатқа барып, оқуға қайта қабылдау бойынша өтініш жазасыз. Ал дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау 2 кредит (1 кредит бағасы 8963 теңге).
4/6/17, 12:50
Мырзаянұлы Өміржан Мырзаян
Салеметсізбе құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы.Мені мазалаған сұрақ университетімізде яғни КазАту да оқу бағдарламасы қайсы кезде бітеді?Жане де Әскери кафедра кайсы кезде бітеді.(Күні/айы)Толығырақ мәлімет беріп жіберсеңіз.Рақмет.
Құрметті, Өміржан Мырзаянұлы! Бакалавриаттың бекітілген «2016-2017» оқу жылына арналған академиялық күнтізбесіне сәйкес, екінші жарты жылдық оқу кезеңінің аяқталу уақыты -12.05. 2017ж. Жазғы емтихан сессиясы 15.05.2017ж.- 26.05.2017ж. аралығында өтеді. Әскери кафедра: 2 курс білім алушылары үшін - 12.05.2017ж., 3 курс білім алушылары үшін- 04.06.2017ж. аяқталады.