Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/6/21, 12:08
Ордабек Сержан Көпжанұлы
Мен физ мат таңдап жатр едм неше балмен түссем болад связь мамандығына Алматыға
Құрметті Сержан Көпжанұлы! ҰБТ-да физика және математика пәндерін таңдап, біздің университеттің (Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) келесі білім беру бағдарламаларына түсе аласыз: - В057-Ақпараттық технологиялар; - В064-Механика және металл өңдеу; - В065-Автокөлік құралдары; - В076–Стандарттау, сертификаттау ж/е метрология; - В183-Агро-инженерия В074-Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс; - В059-Коммуникациялар ж/е КТ; - В062-Электр техникасы ж/е энергетика; - В063-Электр-техникасы ж/е автоматтандыру. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкерлер ҰБТ нәтижесі бойынша кем дегенде 50 балл жинауы керек, сонымен қатар әр пән бойынша 5 баллдан төмен болмауы керек, сонымен қатар әр жоғары оқу орны өзінің межелдік баллын орнатуға құқылы. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электрондық үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беру барысында талапкердің 4 мамандықты көрсетуге мүмкіндігі бар, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда, ол 4 мамандықтар бір оқу орнында немесе 4 оқу орнында болуы мүмкін. Гранттар нәтижесі 1 тамыз күні белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады. Анықтамалар үшін: 31-75-56
6/3/21, 18:50
Каракулова Райкуль Серикбаевна
ЦОО КСиПО операторлары дрұс жауап қайтармайды, телефонды тастай салады, анықтаманың ішіне демалыс уақытын дұрыс көрсетпей отыр, яғни ол уақыт аралығы 14.06.2021-06.09.2021. Ал ЦОО КСИПО адамдары әр балағы санап отырмаймын деп жауап қайтарды және де анықтамаға 01.07.2021-31.08.2021 аралығын көрсетіп отыр Шара қолдануларынызды сұраймын
Құрметті Райкуль Серикбаевна! 04.06.2021ж. күнімен №562 нөмірімен тіркелген Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің үшінші курс студенті Алақшын Елжан Орынбасарұлына жазғы демалыс аралығы 14.06.201-31.08.2021жж. көрсетілген анықтама берілді. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетіне жауапты БАҚКО маманымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
4/22/21, 01:25
Амангелдиева Индира Ғалымбекқызы
Қайрат Қапарұлы, Сізге қояр сұрағым мен Қызылорда қаласы Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледжде "Бағалау" мамандығы бойынша биыл бітіремін.Колледжден соң Каз АТУ ға "Бағалау" мамандығына қалай оқуға түсемін.Кешенді тестілеуге қандай пәндер таңдаймын.
Құрметті Индира Ғалымбекқызы! Колледж түлектері жоғары оқу орындарына 3 әдіспен оқуға түсе алады: Колледж мамандығы мен біліктілігі сәйкес келетін жоғары білім мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша (оқу мерзімі – 3 жыл) мемлекеттік білім гранты негізінде, ол үшін міндетті түрде ҰБТ тапсырады, сонымен қатар оқуға түскелі жатқан мамандық бойынша қысқартылған оқу нысанына мемлекеттік білім гранттары бөлінген жағдайда, ҰБТ-ны 2 пән бойынша тапсырады, ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығы арқылы жүзеге асырылуда; Колледж мамандығы мен біліктілігі сәйкес келетін жоғары білім мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша (оқу мерзімі – 3 жыл) ақылы келісім-шарт негізінде, ол үшін міндетті түрде жоғары оқу орны өткізетін емтихан, яғни сұхбат тапсырады. Өз мамандығы немесе басқа жоғары білім мамандығына толық бағдарлама бойынша (оқу мерзімі – 4-5 жыл), ол үшін міндетті түрде ҰБТ тапсырады, ҰБТ-ны 5 пән бойынша тапсырады, ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылына біздің университет қысқартылған бағдарлама бойынша қабылдауды жүзеге асырмайды, сондықтан бізге толық оқу нысаны бойынша оқуға түсе аласыз. Анықтама телефондары: 8-7172-317-556, 398-018
4/20/21, 11:11
Қадырханов Досбол Оңғарұлы
Сәулет мамандығына ұбтдан бөлек универде тағы қандай емтихан тапсыру керек
Құрметті Досбол Оңғарұлы! В073 – «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ-да тапсырылатын (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) пәндерінен бөлек екі шығармашылық емтихан (Сурет және Сызу) тапсырылады. Шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өткізіледі. Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 1-7 шілде аралығында қабылданады. Анықтама телефондары: 8-7172-317-556