Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/6/21, 10:08
Сайранкок Бота
Салеметсіздерме!!! Мен білейін дегем Жоғары білім алу барысында босаған бос білім беру гранттарын тағайындауға конкурсының нәтижесін. 05 тамызға дейін шығу керек қой . Басқа ЖОО жариялап қойған
Құрметті Сайранкок Бота! Сәлеметсіз бе. Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлердің құжаттары ҚР Білім және ғылым министрлігіне қаралымға жіберілді. Қорытынды шешім аталған мекемеден келген жоқ. Бұйрық келісімен грант ұтқан білім алушыларға бірден хабарланады.
8/4/21, 03:36
Амангелдиев Данияр Асылбекұлы
Сәлеметсізбе? Мен геодезия мамандығының 2 курс студентімін. Алдағы оқу жылы оффлайн болама?
Құрметті Амангельдиев Данияр Асылбекұлы "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ сізге хабарлайды. 2021 жылғы 16 тамызда сағат 16.00 де Ректормен болатын тікелей эфирге қатысуыңызды сұрайды. Сол жерде сіздің қойып отырған сауалдарыңызға толықтай жауап беріледі.
7/2/21, 11:23
Құдайберген Айзада Төлепбергенқызы
Сәлеметсіз бе! Мен, Құдайберген Айзада, ҚазАТУ университетінің Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету факультетінің 4 курс студенті. 01.07.2021 күні өткен салтанатты жиналыста барлық Ксипо студенттері жиналып, диплом алу салтанаты өтті. Біздің факультет деканы барлық студенттердің қандай диплом(үздік немесе жай үлгідегі) алатындығын жариялады. Сол тізімнің ішінде 057041707 тобында 5 студент үздіктердің қатарында болды. Бірақ қызыл дипломға үміткер Құдайберген Айзада тағы да Сағымбаева Ақбота және Сүлеймен Әзиза бұл тізімде болған жоқпыз. Бізге алдын ала ескертіліп ешқандай хабар айтылмаған болатын, яғни қызыл дипломға үміткерлер тізімі тіпті предварительно да айтылмаған. Эдвайзерден сұраған да ЦОО қызметкерлерінен де сұрағанда да, бір-біріне сілтеумен болды, яғни ешкім бұл тізімді білмейтінін айтты. Бірақ осы уақытқа дейін қызыл дипломға келе жаттық. Ал 01.07.2021 күні көк диплом алатындығымыз көңілімізді қалтырды. Себебі: 2 курста болған Жүйелік бағдарламалау сабағынан болған қайта тапсыру екенін түсіндірді. Сол кезде топтың жартысынан көбі пересдача болған еді. Пересдача болудың себебі сұрақтары дұрыс емес еді және уақыт аз берілді, 30 минутқа бірнеше жауабы бар 30 сұрақ, гугл сөздігімен орыс тілінен дұрыс емес аударылған база. Барлығы техникалық ақаулардың кесірінен болды. Сол кезде 25-49 балл арасында баға алдым. Платонус ашылу үшін 25-49 балл алған студенттер пересдачаға өтініш жазсын деп айтты, ал 25-49 баллдан төмен алған студенттерге аппеляция деп өтініш жазғызған. Соның кесірінен пересдача деп өтініш жазғандарға қызыл диплом берілмей отыр. Егер бізге дұрыстап түсіндірсе, осындай түсініспеушілік болмас еді! Бұл әділетсіздік! Экзаменатор Сариева А.М. Бізге аппеляцияға беруге болады деп дұрыс айтпаған. Сол кезде аппеляция арқылы қайта тапсырған студент қызыл диплом алды. Сізден бар өтінішім Қызыл дипломға аты жоғарыда айтылған 3 қыздың кандидатурасын қайта қарауды сұраймын! Деканатта пересдача туралы студенттің өтініші негізінде ешқандай бұйрық та, өтініш те, қызметтік өкім де көре алмадық. Қызыл диплом үшін өтініште АППЕЛЯЦИЯ ДЕП ЖАЗУ КЕРЕК ЕКЕН, СОНДА қызыл диплом болатын еді. Пересдача деген сөз болса, барлық шару бітеді екен сонда. Сонда сол бір қағаздың кесірінен осылай болмақ па ?
Құрметті Айзада Құдайберген! Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2021 жылының бітірушісі, Сіздің атыңыздан, 02.07.2021 күні келіп түскен хатына жауап ретінде келесі ақпаратты хабарлаймыз: 1 Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» заңы,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі (2021 жыл 20 сәуір, №152) Нормативтік құқықтық актілер құжаттарында үздік диплом беру талаптары көрсетілген. Онымен қоса аталған нормативтік құжаттарға негізделіп құрылған Академиялық саясаттың «6. Білім беру процессін жоспарлау және ұйымдастыру саясаты» бөлімінде «Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартында 8.41 және 8.42 пунктерінде жазылған: «8.41 Оқу пәндері және басқа оқу қызмет түрлері бойынша A, A- «өте жақсы», B-, B, B +, C + «жақсы» бағалары бар, орта балл (GPA) кем дегенде 3, жоғары білім беру бағдарламасының студенті, 5, сондай-ақ кешенді емтиханнан өткен немесе дипломдық жұмысын (жобасын) А, А- «өте жақсы» бағамен қорғаған адамдар үздік дипломмен марапатталады (қосымша білім беру түрлерінің бағаларын қоспағанда). 8.42 Сонымен бірге, бүкіл бақылау кезеңінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырған немесе қайта тапсырған студентке үздік диплом берілмейді». Сізде екінші курста «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен дұрыс тестілік базасы негізінде тапсырған емтихан бағасы 42,50% - FX. «Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартының 7.16 «FX» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) пәннің (модульдің) бағдарламасын бірнеше реттен асырмай қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Нормативтік құжаттарға сәйкес Сізге FXбағаны қайта тапсыру уақыты мен күні белгіленіп, қорытындыда 06-05-2019 күні 72,92% баға алдыңыз. 2 Жоғарыда аталған және басқа нормативтік құжаттарға негізделіп құрылған «Академиялық саясат» университеттің веб-парақшасында барлық оқырмандарға қолжетімді болып келеді(https://kazatu.edu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/). Академиялық саясатпен барлық білім алушылар әрбір оқу жылының басында, кураторлық сағаттарда үнемі таныстырылып отырады, соның ішінде Сіздің тобыңыз да таныстырылған болатын. 3 Өкінішке орай, Сізге басқа жеке тұлға бойынша ақпаратты Жоғары оқу орнының қызметкерлері ұсынуға құқығы жоқ.
7/1/21, 16:51
Сағымбаева Ақбота Маратқызы
Қайырлы күн! мен Қазату университетінің Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету факультетінің 4 курс студенті Сағымбаева Ақбота Маратқызы. Бүгін яғни 01.07.2021 сіздің қатысуыңызбен барлық Ксипо студенттері жиналып, диплом жөнінде оқудың аяқталуына байланысты құттықтау салтанаты өтті. Зум платформасында декан барлық студенттердің үздік немесе кәдімгі үлгідегі диплом екенін көрсетті. Сол кезде тізімнің ішінде 057041707 тобында 5 студент үздіктердің қатарында болды. Мен Сағымбаева Ақбота бұл тізімде болған жоқпын, тіпті менің GPA = 3.82 болса да, бірінші курстан бастап барлығы ӨТЕ ЖАҚСЫ тапсырылса да. Оның алдында бұл туралы айтылмаған болатын(кімде қандай диплом болатындығын). Біз осы зум платформасында бірінші рет көрдік, эдвайзерден сұраған уақытта ешкім білмейді оны, оған байланысты мәлімет жоқ деді. Бірінші курстан бері барлық мейрамдарға қатыстым, кафедрада атсалысып қаншама жұмыстар атқарылды, өте жақсы оқыдым, ешқашан оқудан қалған емеспін, бүгін көк диплом алам дегенімді естігенде өте қатты көңілім қалды. Бұның бар себебі: 2 курста болған Жүйелік бағдарламалау сабағынан болған қайта тапсыру екенін түсіндірді. Бірақ сол кезде топтың 85% пересдача болған еді. Пересдача болудың себебі сұрақтары дұрыс емес еді және уақыт аз берілді, 30 минутқа бірнеше жауабы бар 30 сұрақ, гугл сөздігімен орыс тілінен дұрыс емес аударылған база. Барлығы техникалық ақаулардың кесірінен болды. Сол кезде қателеспесем 29 бал алдым, бізге дереу платонус ашылу үшін 25-49 балл алған балалар пересдачаға өтініш жазсын деді, сонда сол қағаздың кесірінен осындай жағдай орын алып тұр. Бұл әділетсіз деп ойлаймын, сол кезде мұғалім Сариева А.М. АППЕЛЯЦИЯҒА беруге болады деп айтпаған. Сол кезде қайта тапсырған қыздың өзі Иманбазарова М. қызыл дипломға үміткер ретінде тұр. Менің Маржаннан қай жерім кем болғаны сонда? Кафедрадағы меңгеруші Айгуль Дюсенбиновна мен эдвайзер Аяулым Алимгазиевна Маржанның өтініші АППЕЛЯЦИЯ деп жазылған деп өз сөздерінде тұр, бірақ екі жыл бұрын біз бірдей өтініш жібергенбіз. Бір топта оқып, бірдей жағдай бәрімізде, неге екені белгісіз әртүрлі өтініш берілген дейді кафедра. Сонда олардың өтініші өзгертілген ба? Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмады. ЦОО да, кафедра да бізге көмектескен жоқ, өйткені ешкім де баяғыда өтіп кеткен істі қозғағысы келмейді. Деканатта пересдача туралы студенттің өтініші негізінде ешқандай бұйрық та, өтініш те, қызметтік өкім де көре алмадық. Қызыл диплом үшін өтініште АППЕЛЯЦИЯ ДЕП ЖАЗУ КЕРЕК ЕКЕН, СОНДА қызыл диплом болатын еді. Пересдача деген сөз болса, барлық шаруа бітеді екен сонда. Сонда сол бір қағаздың кесірінен осылай болмақ па ? Өтінемін, әділеттілік орнатыңызшы, бұл деген менің барлық жасаған еңбектерімнің күл талқаны болғаны, ешкім тіпті алдын ала айтқан да жоқ. Мен оны білгенде ештенеге де ұмтылмас едім. Университет мамандарынан қатты көңіліміз қалды, менің жағдайым ғана осылай болып тұрған жоқ. Топтан Сүлеймен Әзиза мен Құдайберген Айзадада да сондай жағдай. 2 жыл бұрынғы өтініштерді қайта қарауыңызды өтінеміз. Жас студенттердің жолын кесіп, мұғалімнің дұрыс ақпарат бермегеніне, неге біз жапа шегуіміз керек? Олар бір студентке пересдача деп жаз, бір студентке аппеляцияға жаз деп дұрыс мәлімет бермеген. Егер сізден көмек болмаса, Министерствоға дейін баруға дайынбыз, халыққа бәрін таратып, әділеттік орнатуын сұраймыз.
Құрметті Ақбота Сағымбаева! С. Сефуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2021 жылының бітірушісі, Сіздің атыңыздан, 01.07.2021 күні келіп түскен хатына жауап ретінде келесі ақпаратты хабарлаймыз: 1 Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» заңы,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі (2021 жыл 20 сәуір, №152) Нормативтік құқықтық актілер құжаттарында үздік диплом беру талаптары көрсетілген.Онымен қоса аталған нормативтік құжаттарға негізделіп құрылғанАкадемиялық саясаттың «6. Білім беру процессін жоспарлау және ұйымдастыру саясаты» бөлімінде «Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартында 8.41 және 8.42 пунктерінде жазылған: «8.41 Оқу пәндері және басқа оқу қызмет түрлері бойынша A, A- «өте жақсы», B-, B, B +, C + «жақсы» бағалары бар, орта балл (GPA) кем дегенде 3, жоғары білім беру бағдарламасының студенті, 5, сондай-ақ кешенді емтиханнан өткен немесе дипломдық жұмысын (жобасын) А, А- «өте жақсы» бағамен қорғаған адамдар үздік дипломмен марапатталады (қосымша білім беру түрлерінің бағаларын қоспағанда). 8.42 Сонымен бірге, бүкіл бақылау кезеңінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырған немесе қайта тапсырған студентке үздік диплом берілмейді». Сізде екінші курста «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен дұрыс тестілік базасы негізінде тапсырған емтихан бағасы 48,33% - FX (хатыңызда 29% ). «Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартының 7.16 «FX» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) пәннің (модульдің) бағдарламасын бірнеше реттен асырмай қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Нормативтік құжаттарға сәйкес Сізге FXбағаны қайта тапсыру уақыты мен күні белгіленіп, қорытындыда 06-05-2019 күні 100% баға алдыңыз. 2 Жоғарыда аталған және басқа нормативтік құжаттарға негізделіп құрылған «Академиялық саясат» университеттің веб-парақшасында барлық оқырмандарға қолжетімді болып келеді (https://kazatu.edu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/). Академиялық саясатпен барлық білім алушылар әрбір оқу жылының басында, кураторлық сағаттарда үнемі таныстырылып отырады, соның ішінде Сіздің тобыңыз да таныстырылған болатын. 3 Өкінішке орай, Сізге басқа жеке тұлға бойынша ақпаратты Жоғары оқу орнының қызметкерлері ұсынуға құқығы жоқ.
6/29/21, 13:55
Сырлыбаева Акмарал Туребековна
Сәлеметсіз бе, менің қызым Әжит Гүлсім Ержанқызы 3 курс биотехнология мамандығында оқитын студент оқу жоспарына сәйкес олар бүгінгі таңда өндірістік практика өтуге тиіс еді. Пандемия кезінде қашықтықта болуына байланысты Түркістан қаласында лаборатория жоқ, алайда Қожа Ахмет Яссауи университетінде арнайы өтетін лаборатория бар екен, сол жерге өтуіне рұқсат беріңізші, осы мәселені шешім берсеңіздер. Договор құжаты қазіргі таңда Нұрқұйған Сражадиновнада.
Құрметті Сырлыбаева Ақмарал Туребековна! 4 курс студенттері 2021 жылдың 2 тамызынан бастап, қазанның 8 дейін өндірістік тәжірибеден өтеді. Сіздің қызыңыз, Әжит Гүлсім Ержанқызы өндірістік тәжірибені Х.А.Ясави атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінде өтуге өтініш білдірген, келісім шарт жіберген. Бірақ, аталмыш университетте мамандық бойынша өндірістік машықтануды өтуге мүмкіндік жоқ, арнайы өндірістік нысандары мен ғылыми зерттеу зертханалары жоқ. Сол себепті, Әжит Гүлсім Ержанқызына өндірістік тәжірибені С.Сейфуллин атындағы «Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу платформасында» өтуіне болады. Ғылыми жетекшісі в.ғ.к., аға оқытушысы Ш.Серикова.
6/11/21, 20:38
Барлыккызы Акбота
Сәлеметсіз бе . Ректорлық грантта оқып жатыр едім.Бір сабағым 3 болып қалды .Енді платный оқу қылып жібере ме
Барлыккызы Акбота есімді білім алушы «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ білім алушылар қатарында жоқ.